![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Адамның өзін-өзі тануға және өзін тану және дамыту ға деген қабілетке қалай ие болатындығы әлі күнге дейін көбіне көп құпия және жұмбақ процесс болып қалуда. Психологтардың көптеген буындары, ең алуан түрлі теориялар құра отырып, оларды бақылаулармен, арнайы эксперименттермен, процестердің сатыларын, кезеңдерін, суреттемелерін бөліп көрсетудегі жетістіктермен растай отырып, осы жұмбақты шешуге ұмтылып, тырмысуда. Аталған қабілеттерге себепші болатын тереңде жатқан себептерге ену әлі де болса көп жағдайда, адамның қалайша оны жануар-хайуандар әлемінен ерекше ететін белгілерінің бүкіл тереңдігімен тұлға, адам болатындығының мәңгілік құпиясын қозғай отырып, қазіргі ғылымның қол жеткізер шегінен тысқары қалуда. Солай болса да, өзін-өзі танудың қалыптасу процесін қандай да бір шамада түсіндіруге және азырақ шамада, оның әртүрлі үлгілеріндегі өзін тану және дамыту процестерін түсіндіруге мүмкіндік беретін көптеген қызықты теориялар мен жете зерделеулер бар.
Мектепке дейінгі жас – баланың дамуындағы өзіне сәбилік кез, ерте жас, мектепке дейінгі балалықтың өзі сатыларын (В.И.Слободчиковтың кезеңдеуі бойынша – жандану және рухтану сатыларын) қосатын тұтас бір дәуір. Осы кезеңде тұлғаның негіздері қаланады, баланың кейініректе адамның «бетін, келбетін» анықтайтын психикалық қасиеттері пайда болады және дербестенеді, қоршаған әлемге және өзіне алуан түрлі көзқарастары қалыптасады. Осының бәрі ересек адамдармен өзара әрекеттесудің және барлық жағынан белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетудің нәтижесінде жүріп отырады.
Баланың өзін-өзі тануының пайда болуы және өзін-өзі тануының ерекшеліктері мәселелері жалпы алғандағы өзін-өзі танудың пайда болуы мен дамуы мәселелерінен тысқары жерде адекватты түсініле алмайды. Өзін-өзі танудың пайда болуына қатысты ғылымда әртүрлі көзқарастар бар. Бір ғалымдар өзін-өзі тану бала тілді игере бастағанда және бұл үшін Мен етістігін қолдана отырып, өзін іс-әрекет субъектісі ретінде ұғынуға қабілетті болып шығатын, 2-3 жасқа қарай пайда болады деп есептейді. Басқа ғалымдар өзін-өзі танудың ертерек кезеңде – бала өзінің физикалық Менін қоршаған әлемнен бөле бастаған кезде пайда болатындығы туралы айтады. Тағы бір көзқарас бар - өзін-өзі танудың бастапқы негізі ретінде, ересек адамдармен сырластық-тұлғалық қатынастың барысында бірінші жартыжылдықтың өзінде өзін-өзі оңды сезіну танылады.
Тізіп көрсетілген көзқарастардың әрқайсысының оңды да, теріс те жақтары бар. Тереңірек талдап қараған кезде, ұсынылған көзқарастар қарама-қарсы қойылған емес, салыстыруға келетіндей болып шығады және әртүрлі деңгейлерде сана-сезімнің пайда болу процесін көрсетеді. Перцепция (қабылдау) және қозғалу актілерінде өзін-өзі сезіну организм деңгейіндегі сана-сезімнің аналогтарын дамыту үшін негіз болып табылады; әлеуметтік Менді бөліп көрсету - әлеуметтік индивид деңгейінде сана-сезімнің дамуы үшін; өзін іс-әрекет субъектісі ретінде ұғыну – тұлғаның сана-сезімінің басталуы.
Сана-сезімнің пайда болуының процессуалдық мәселелерін психологияда отандық ғылымның классигі Б.Г.Ананьев суреттеген, ол өзін қоршаған болмыстан бөліп алудан бастап іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы түсініктер қалыптасқанға дейін көшудің динамикасын көрсетіп берді. Осы процесте айтарлықтай рольді мыналар ойнайды:
- баланың көзбен көру талдағышының және «өзінің дене кеңістігінің» дамуымен байланысты болып келетін, өзін сыртқы әлем кеңістігінен бөліп алу; 11-12 айға қарай өз денесімен өзін-өзі ұқсастыру актілері аяқталады, осының нәтижесінде физикалық Мен бейнесі «ұғынылады» және қоршаған болмыстан бөлініп алынады (ұзақ уақыт бойына бала өзінің қолдарымен және аяқтарымен бөгде заттармен ойнағандай ойнайды, тек кейін ғана біртіндеп, өз қимылдарын игере отырып, қолдары мен аяқтарын мақсаты бойынша пайдалана бастайды);
- өз мотивтерін және ниеттерін қарапайым ұғынумен қатарлас жүретін, өз іс-әрекеттерін ересек адамдардың бағалау іс-әрекетінің әсерімен іс-әрекет аясынан бөліп алу;
- тілдің дамуымен тығыз байланысты, өзін өз әрекеттерінен бөліп алу.
Бір жылдан үш жасқа дейін бала объективті түрде өз іс-әрекеті мен жүріс-тұрысының субъектісі бола бастайды. Ол тік жүруді, тілді, заттық-манипулятивтік іс-әрекетті меңгереді. Онда психологияда өзін-өзі жақсы көру сезімдері деп аталатын ерекше сезімдер: мақтаныш сезімі және ұялу сезімі (сана-сезімнің эмоциялық-құндылық құрамдас бөлігінің бастапқы көріністері) пайда болады. Осы кезең шын мәніндегі маңызы бар атаулы оқиғамен аяқталады – бапа Мен есімдігін қолдануға көшеді және алғаш рет тұлға ретінде беки бастайды. Осылайша, үш жасқа қарай Мен жүйесі пайда болады және ұғынылады, яғни бала тек іс-әрекет субъектісі болып қана қоймай, өзін субъект ретінде ұғынады. Физикалық әлемнен бөліп алуға әлеуметтік Менді бөліп алу қосылады. Бұл үш жас дағдарысымен байланысты, ал өзін тану және дамыту өзі туралы мәлімдеуді бекіту арқылы жүзеге асырылады: «Мен өзім», «Менің істегім келеді», «Мен керек етемін», «Мен істеймін», бұл ретте кей кездері ересек адамдардың көмегі мен қолдауы қабыл алынбайды, ал өз бетінше жасау мүмкіндіктері, әрине, өте шектеулі келеді. Үш жас дағдарысының теріс зардаптары баршаға жақсы мәлім: қтқарлық, негативизм, кейде жеңіл балалық деспотизм.
Дағдарыс қалай жеңіледі? Бала бірден ересек адам секілді бола алмайды, сондықтан ересек адамдардың іс-әрекеттеріне еліктей және оларды келтіре бастайды, бірден ересек бола алмаудың мүмкін еместігін өтеуге мүмкіндік беретін ойындық іс-әрекетке табиғи түрде көшеді. Басқа адамдармен, сондай-ақ ойындық рольдермен және іс-әрекеттермен идентификациялау механизмі белсенді түрде қалыптаса бастайды. Қарапайым еңбек іс-әрекеті, іс-әрекеттің өнімді түрлері: сурет салу, жабыстыру, аппликация, құрастыру, сонымен қатар адам мәдениеті әлемімен таныстық (фильмдер көру, ертегілер оқу, суреттерді қарау) маңызы зор роль орындайды. Құрбылары көбірек мән-маңызға ие бола бастайды. Балада тек қана ересектердің емес, құрбыларының көзінде де беку қажеттігі туындайды, сондықтан олармен қатынас жасау және бірлесе ойнау - өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың өзін тану және дамыту үшін стимулдар. Балалықтың мектепке дейінгі кезеңінің аяғына қарай басқа адамдарға қатысты бағалау іс-әрекеті ғана емес, өз іс-әрекеттерін, жетістіктерін, моральдық қылықтарын, өзінің уайымдауларын қарапайым өзінше бағалаулар да қалыптасады.
Осылайша, балалықтың мектеп кезеңінің басына қарай бала іс-әрекет субъектісі болып қана қоймай, өзін субъект ретінде түсінеді. Оның сана-сезімі, өз әрекеттерін, қылықтарын, уайымдауларын өзінше бағалау қабілеті қалыптасады. Әділін айтқанда, өзін-өзі бағалаудың өзін-өзі реттеуге қарағанда жылдамырақ дамитындығын атай кеткеніміз жөн (баланың өзін басқаруы әлі де болса қиынға соғады, онда тек әрекет пен іс-әрекеттің еркіндігі ғана пайда болады). Еркіндік, өзімізге белгілі, кіші мектеп жасының игілігі болып табылады. Идентификация механизмі дамиды, ал рефлексияға қабілеттілік кенже қалады, оның тек бастапқы негіздері ғана дамиды.
Өзін тану және дамыту өзін іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде бекіту жолымен жүреді. Олардың бірі – ойындық, мұнда өзін ересектер тарапынан да, құрбыларының тарапынан да тануға деген қажеттілік жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда мектепке дейінгі балалық кезеңі - өзін сыртқы әлемде тану кезеңі екендігін атай кеткен жөн. Ішкі әлем қарқынды дамиды, бірақ балаға әзірге оны ашу, өзін «мекен еткен» кеңістік пен бейнені табу өте қиын болады. Солай болса да, өзін-өзі бағалау актілерінде бала, интуитивті болса да, өзінің бірегейлігін, қайталанбастығын және басқалардан өзгешелігін түсіне бастайды.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1525 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!