![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Даму – психикалық процестердің, қасиеттердің, күйлердің заңды өзгерістерден көрініс табатын, уақыттағы сандық және сапалық өзгерулерінің объективті процесі. Психикалық даму әлеуметтік жағдайды, іс-әрекеттің, қызметтің жетекші түрін және негізгі жаңа түзілімдерді белгілі бір жастың жетістіктері ретінде сипаттау арқылы адекватты түсінілуі мүмкін.Адамның психикалық дамуының әртүрлі теорияларға құрылған әртүрлі кезеңденулері бар. Жекелей алар болсақ, Д.Б.Элькониннің кезеңдеуінде жас кезеңдерінің алмасуына іс-әрекеттің жетекші түрлерінің алмасуы себепші болады; Э.Эрикссонның кезеңдеуінде дамудың әлде өзіңмен және қоршаған адамдармен ұқсастық сезіміне қол жеткізумен, әлде өзіңмен және әлеммен ұқсастықтан айырылу сезімімен байланысты екі қарама-қарсы жолы қарастырылады.
Өзін тану және дамыту – бұл адамның өз өмірінің шынайы субъектісі болып шығуға және болуға, өзінің тіршілік әрекетін практикалық түрлендіру аясына айналдыруға деген іргелі қабілеті. Өзін тану және дамыту өзін-өзі тану негізінде тұлғалық таңдауларын жүзеге асыру қабілетімен анықталатын белсенділікті көрсету барысында адамның тіршілік әрекеті шеңберінде жүзеге асырылады.
Өзін тану және дамыту тұлғаның (осында тұлғаның өзімен және маңызы бар басқа адамдармен үздіксіз диалогтары жүзеге асырылатын өз кеңістіктік-уақыттық координаталары бар) ішкі әлемінің ерекшеліктерін белсенді түрде көрсетеді. Ішкі әлем немесе субъективті нақтылық тұрақты қалыптасу және даму барысында тұрады, объективті түрде: жандану, рухтану, персоналану, дербестену және әмбебаптану сатыларынан өтеді.
Осылайша, адам болмысының мәндік түрі ретінде өзін тану және дамыту процесі өмірмен бірге басталады және оның ішінде өрбиді. Бұл ретте әр адам үшін дербес анықталатын маңызды мәнге – ол өзін тану және дамыту субъектісі болып табыла ма әлде бұл рольді басқалар орындай ма деген мәселе ие бола бастайды. Қолайлы жағдайлар кезінде өзін тану және дамыту субъектісі болып адамның жасөспірім шақта бола бастайтындығы ғылымда анықталған. Өзін тану және дамыту ды талдаудың, оның «кірпішінің» бірлігі болып тұлғаның жуырда ғана өз өзінің ұғынылған немесе ұғынылмаған жобасы болған нәрсеге айналу қабілеті ретіндегі өзін-өзі құру актісі табылады.
Тұлғаның өзін тану және дамыту ы дербес өмірлік жол шеңберінде жүзеге асырылады. Өмірлік жолды талдаудың бірлігі болып осыларға қоршаған ортаның оқиғалары, адамның қоршаған ортадағы жүріс-тұрысының оқиғалары және ішкі өмірдің оқиғалары жататын оқиғалар табылады. Шынайы өзін тану және дамыту адамның өз өмірінің оқиғаларының өнімі емес, өзінің тіршілік әрекетінің авторы, жағдайларға бағынышты болуға қабілетті емес, оларды жасауға, өзінің тіршілік етуінің болашағын анықтауға қабілетті авторы болып табылатындығын білдіреді. Өзін тану және дамыту – мұнда белгілі бір мотивтердің әсер етуімен өзінің іс-әрекетін, жүріс-тұрысын өзгерту арқылы немесе өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі таныту түрлерін қолдана отырып, өзін өзгерту арқылы нақтылы мақсаттар қойылатын және оларға қол жткізілетін үздіксіз процесс.
Өзін-өзі бекіту өзінде өзінің тұлғасын, мінезінің ерекшеліктерін, жүріс-тұрыс пен іс-әрекет тәсілдерін әлде растауға, әлде күшейте түсуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі жетілдіру – бұл өзін тану және дамыту процесін саналы түрде басқару.
Өзін-өзі таныту - өмірдің мәнін ұғыну арқылы өзін әлемде жүзеге асыру, өздігінен өмір сүрудің толықтығына қол жеткізу.
Өзін тану және дамыту механизмдері ретінде өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжау көрініс табады.
Өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі тану актілерін аяқтай отырып, өз бойынан тұлғаның оңды эмоцияларды да, теріс эмоцияларды да тудыратын барлық қырлары мен қасиеттерін танумен атап өтіледі және өзін болашақта болжаудың өзіндік келбетін анықтайды.
Өзін-өзі болжау өзіңнің бүгініңнің шегінен шығуды жүзеге асыруға, сыртқы және ішкі өлімнің оқиғаларын күн ілгері сезуге, алдағы іс-әрекет пен өзін тану және дамыту дың міндеттерін қоюға мүмкіндік береді. Өзін-өзі болжаулар олардың мазмұны, бағытталғандығы, анықтығы – анық еместігі, тұрақтылығы, уақыт осьінде орналасқандығы тұрғысынан талдана алады. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау механизмдерінің алуан түрлі іс-әрекеті мен үйлесімі өзін тану және дамыту дың әртүрлі стратегияларын тудырады. Оптималды деп адам өзінде теріс қасиеттер мен сапаларды да, оң қасиеттер мен сапаларды қабылдаған, бірақ солай болса да өзін қалыптастыру және қайта қалыптастыру жөніндегі мәселелерді анық, дәл және нақтылы қоятын жағдай есептеледі (бүгінгі өзін теріске шығармай, өзінің ертең қандай болғысы келетінін біледі). Өзін тану және дамыту процесі осыларды тұлға ұғына немесе ұғынбай, өзін тану және дамыту кедергілері ретінде қабылдайтын белгілі бір қиындықтармен кездесіп отырады. Мұндай кедергілер көп, олардың біреулерін адам, өзінде бұған жеткілікті мотивациясы мен ерік-жігері бар болса, өз бетінше жеңе алады, басқаларын - адамның өзін тану және дамыту ына тактикалық басшылық жасау жөніндегі жауапты рольді, міндетті өзіне алатын маңызды адамдардың көмегімен ғана жеңе алады.
Өзін тану және дамыту дың ең күрделі және қиын жеңілетін кедергісі болып өз өміріне жауапкершіліктің болмау кедергісі табылады (яғни, адам объективті себептер бойынша өзімен болып жатқанның барлығы үшін жауапкершілік қабылдауға қабілетсіз және қабылдай алмайтын кездейсоқ оқиғалар мен жағдаяттардың тоғысуы). Онымен қоймай, көптеген қиындықтар: өзін-өзі тануға деген қабілеттің дамымауымен; қалыптасып қалған стереотиптер мен қондырғылардың әсерімен; өзін тану және дамыту механизмдерінің қалыптаспауымен; осылар үшін өзінен басқа кімнің де болсын өзін тану және дамыту ы, өзін-өзі жетілдіруі көре алмаушылық сезімімен және тұлғалық басымдылыққа ұмтылумен күрделене түскен, қарама-қарсы іс-әрекет жасау реакциясын тудыратын басқа адамдар жасайтын кедергілермен анықталады.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 849 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
