Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Өзін тану жӘне дамыту дыҢ кедергілері



Өзін тану және дамыту дың кедергілерінің күрделілігі мен қиындықпен өтілуі өзін-өзі тану кедергілерінен кем түспейді. Егер өзін-өзі тануда бірінші кезекте көп нәрсе өзін-өзі тануға қабілеттілікті, оның мотивациялық және опрециональды жақтарын дамытумен анықталған болса, өзін тану және дамыту да өзін-өзі жетілдіру барысында өз бетімен дамытылуға тиісті нәрсе (көкейде ерік-жігер ұсталып отыр) бірінші кезектегі маңызға ие бола бастайды. Дәл сол кезде ерік-жігер мәселесі бірінші дәрежелі болып табылмайды, ерік-жігері әлсіз адамдар да өзін тану және дамыту барысында әбден елеулі нәтижелерге қол жеткізе алады. Бірақ алға қарай шауып кетпей, өзін тану және дамыту кедергілері мәселесін қандай да бір жүйеленген түрде көрсетуге әрекет жасап бағайық.

Ең күрделі кедергі (өзін тану және дамыту үшін тосқауыл) ретінде адамның әрқашан өз дамуының субьектісі бола бермеу фактісі болып табылады, бұл функцияны ол үшін басқа адамдар орындайды. Осыдан барып - өзін тану және дамыту дың адекватты мотивациялары мен мақсаттарының болмауы келіп шығады. Адам «ағыс бойынша жүзе» бастайды, оның тұлғасын өзін-өзі құруы кездейсоқ оқиғалармен анықталады, оған нақтылы жағдайда айқындалу қиынға соғады, адекватты болашақты құру одан бетер қиын. Сондықтан мұндай адамдар алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге кедергі жасайтын-мыс жағдаяттарды сылтау етеді. Дәл сол кезде кейде жағдаяттардың, өмірге және өзіне қанағаттану сезімін ұялата отырып, орайы оңынан туатынын атай кетуіміз керек. Бірақ бұл тұлғаның, өзін тану және дамыту субъектісі болып табылмай, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуінің және объективті өзін-өзі жүзеге асыруының айтарлықтай сирек мысалдары. Көбірек жағдайда тіптен сәтті жағдаяттар өзін-өзі жүзеге асыруға кедергілер ретінде қабылданады, оның үстіне осы өзін-өзі жүзеге асырудың өзі жалған жолмен жүреді. Мұндай жағдайларда өзін тану және дамыту кедергілерін жеңу адамға маңызы бар басқа адамдар тарапынан көмек көрсету қажеттігімен бір мағыналы байланысқан. Аталған кедергі өз бетінше өте сирек жағдайларда жеңіп шығылады.

Кедергілердің келесі тобы өзін-өзі тануға деген дамымаған қабілеттермен баланысты.

Өзі туралы анық емес, бұлыңғыр түсінік, өзінің Мен-концепциясының қызмет ету салалары мен облыстарын тарылту индивидтің өзін тану және дамыту дың әлде нақтылы емес, әлде адекватты емес мақсаттарын қоюына алып келеді. Нәтижесінде адам өзін қанағаттандыра бермейтін, өз өмірінің толыққанды субъекті, авторы ретінде сезінуге мүмкіндік бермейтін нәтижелер алады. Сондықтан өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту – бұл бір бірімен байланысты және бір біріне себепші болатын процестер; адекватты және жан-жақты өзін-өзі тануға деген қабілеттілік - өзін-өзі жан-жақты және мақсатты бағытталған дамытудың шарты екендігін тағы бір мәрте қайталап өтуімізге болады.

Қалыптасып қалған стереотиптер мен қондырғылардың жүйесі себепші болған кедергілер тобына ерекше тоқтала кеткіміз келеді. Өзін тану және дамыту кедергілерінің бұл тобын психологиядағы әр алуан мектептер мен бағыттардың көптеген өкілдері көрсетуде. Мысалға, К.Роджерс жүріс-тұрыс пен әрекеттер стереотиптерінің негізін тұлғаның әлеуметтік қоршаған ортаға шамадан тыс көнгіштігінен және оның жолын ұстағыштығынан көреді. Барлық адамдар секілді өзін ұстауға және әрекет жасауға ұмтылу, тұлғаның өзін құруда альтернативалардың болмауы (мұндай альтернативалар әрқашан да бар және әр тұлғаның тереңде жатқан дербес тәжірибесінде жатыр) стереот ипті реакциялардың сериясына, басқа маңызды және маңызы азыравқ адамдардың бағалауларына үнемі жалтақтаушылыққа алып келеді. А. Маслоу тұлғалық өсуге кедергілер ретінде: өткен тәжірибенің, дағдылардың адамдарды жүріс-тұрыстың өнімсіз түрлеріне итермелейтін теріс әсері; осыған индивид қарсы тұруға қабілетті емес, осыған ниет етпейтін және тұра алмайтын, әлеуметтік әсер және топтық қысым (мұндай индивидтің пікірінше, кез келген қарсы тұру тек жамандықтарға ғана алып келеді); осылардың қызмет атқаруы аман-саулық, молшылықтың және тұлғаның қоршаған болмысқа бейімделудің жалған әсерін жасайтын, ішкі қорғаныс жүйесінің болуы көрініс табу фактін турасынан көрсетеді.

Өзін тану және дамыту механизмдерінің қалыптаспағандығымен анықталатын кедергілер тобына да көңіл бөлмей кетпеуге болмайды.

Өзін қабылдамау немесе ішінара қабылдау, біз көрсетіп кеткендей, адам өзінің күшін өз бойынан жаңа бір нәрсені ашуға емес, өзінің теріс қасиеттерімен күреске шығындай бастайтын, өзін тану және дамыту дың дұрыс емес стратегиясына алып келеді. Бұған алтыннан қымбат уақыт шығындалуы мүмкін, ал нәтиже тұлға үшін де, қоршаған адамдар үшін де қанағаттанғысыз болып қалады. Тұлғаның өзін-өзі болжау механизмдерінің қалыптасқандығының ролін де көрсету керек. Адам өз тұлғасының ниет етілген бейнесін жаңғыртуға, өзінің шынайы өмірлік мақсаттарын айқындауға қабілетсіз болып шыққан талай мысалдарды келтіруге болады. Егер осындай бейне және осындай мақсаттар айтарлықтай анық көрінсе, бұл олардың тұлғаның тереңде жатқан қажеттіліктерін білдіретіндігінің және көрсететіндігінің кепілдемесі емес. Кей кездері біз индивидтің өз өзінің болашақтағы ниет етілген және нақтылы бейнесіне қарағанда, осында тенденция түрінде аман-есен, сәтті өмір мен іс-әрекетке деген жалпы қабылданған көзқарастар көрініс табатын әлеуметтік қолайлы және мақұлданатын бейнесін суреттейтіндігінің куәсі болып отырамыз. Бейнені осылайша идеалдандыру көптеген жас адамдарға тән. Ешкімнің де өзінің табыссыздығын, сәтсіздіктерін, қиындықтарын болжауға ниет етпейтіндігі түсінікті де (аман-сау, сәтті өмірге және бақытқа ұмтылу іргелі және жалпыға бірдей арман болып табылады), солай бола тұрса да, өзін болашақта анық, дифференциалды көру әртүрлі формаларда жүзеге асырылатын өзін тану және дамыту дың қажетті атрибуты болып табылады. Жалпы алғандағы оңды эмоциялық мақсаттың аясында болуы мүмкін табыстар да, ықтимал сәтсіздіктер де болжанатын осы жағдайда ғана нақтылы, шынайы болашаққа қол жеткізу үшін қазіргі таңда өзімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, шын мәніндегі шынайы келешек құрылады.

Ақыр соңында, кедергілердің өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларының жоқтығымен, өзін қажетті бағытта құруға және толық шамада жүзеге асыруға мүмкіндік беретін амал-тәсілдерді білмеумен және оларды тарта алмаумен байланысты ерекше тобын бөліп көрсетуімізге болады. Көп жағдайда бұл адам, өзі үшін өзін тану және дамыту мен өзін-өзі өзгертудің кейбір уақыттық шектерін анықтай отырып, өзін-өзі ескіше ұстай, әрекет етуін жалғастыра отырып, оларға шыдай алмайтын, ерік-жігер импульстерінің жоқтығымен ілесе жүреді. Біздің бәрімізге: «Дүйсенбіден бастап іске кірісемін» деген сөз тіркесі жақсы мәлім. Бірақ дүйсенбі де келіп жетеді, бәрі бұрынғысынша қалады да. Бұл жерде міндеттемелерді орындамаудың, әрине, қанағаттанбауды, өкінуді, өзіңнің ойға алғанды жасап шығуға қабілетті екендігіңе терең күмәндануды тудыратынын атай кеткіміз келеді. Дәл сол кезде мәселені осылайша қою және оны шешу амал-тәсілі өзін-өзі тәрбиелеу және өзін тану және дамыту тұрғысынан алғанда әрқашан дұрыс бола бермейді. Өзін тану және дамыту ға ерік-жігердің болмауынан көптеген адамдар зардап шегуде. Тек шын мәнінде өте күшті ерік-жігері бар адамдар ғана бір сәтте өз бойындағы бір нәрсені өзгертуге, жаңа өмірді бастап кетуге қабілетті, ал адамдардың басым көпшілігі үшін бұл жеке басының қынжылуы мен өз өзін қабылдамаудың амал-тәсілі. Бір нәрседен бас тарту үшін, осы нәрсені алмастыратын нәрсені, оның үстіне жай ғана тең емес, жақсырақ нәрсені табу керек. Темекіні тастағың келе ме – мынандай сұрақтарға жауап бер: осының орнына не алғың келеді (оңдырақ)? Сен осыны қалай пайдаланасың? Эгоцентризмнен арылғың келе ме – оны жоққа шығарма, тең немесе одан жақсы алмастыратын нәрсе тап: оппонентіңнің өзіңнің ұстанымыңа қарама-қарсы ұстанымы тұрғысынан барлық қуаныштарды сезінуге тырысып көр және т.с. Тек осы жағдайларда ғана ерік-жігер, өз өзіңе ерік-жігермен күш салу мәселесі өздігінен өзі жоғалады. Тіршілік әрекетінің кез келген саласынан жүріс-тұрыс пен қатынастың бұрынғы түрлеріне осыларды тұлға тек ауыртпалықсыз ғана емес, одан да терең қанағаттану сезімімен қабылдайтындай альтернативалар табуға болады. Өзін тану және дамыту кедергілері ретінде топастықпен немесе мақсат қоя отырып, нақтылы адамның өзін тану және дамыту ына кедергі келтіретін басқа адамдар да көрініс табуы мүмкін. Жай ғана көре алмаушылықтың немесе біреудің жақсырақ, кемелденген болуын ниет етпеуінің арқасында олар кей кездері өзінің жақыны үшін де кедергілер жасап, тосқауылдар қояды. Мұнда таңданатын да дәнеме жоқ, бәсекелестік заңдары, өзінің жеке басын бекіту заңдары іске қосылып кетеді.

«Жоғарыда болғың келсе – басқаны басып таста, оның алға шығуына жол берме» - әдеттегі, қарапайым тоғышардың осы бір формуласы көптеген адамдардың өмірін бұзады. Өз бойыңнан басқа адамдар құрған кедергілерді жеңіп шығуға күш табу кей кездері өте қиын, тіптен өз кедергілеріңді жеңіп шығудан да қиынырақ болады, және де бұл жерде өз автономияңа, басқаларға тәуелсіздікке деген қабілетің көмекке келеді. Өз өміріңнің және жүріс-тұрысыңның жолын, кемелдікке деген өз ұмтылысыңның басқалардың мүдделеріне, тіптен олардың табиғи күншілдігіне, қызғанышына қысым жасамайтындай етіп құру маңызды. Психологияда мұндай жол ассертивтілік деп аталады.

Тек осы жағдайда ғана өзін-өзі бекітетін және өзін-өзі жүзеге асыратын индивид тілектес емес адамдарының көзінде шын мәніндегі беделге ие болады. Бірақ та бұл өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту психологисының шеңберінен шығып кеткен және әлеуметтік психология мен Жәбірлемеу әрекеттесу психологиясының құзыретіне енетін сала.

Әрине, біз өзімізге өзін тану және дамыту кедергілерінің толық көрінісін суреттеуді мақсат етіп қойған жоқпыз, олардың алуан түрлі екендігі және жалпы тенденцияларға қарағанда, индивидтің дербес өмірлік жолымен, оның өзін, өзінің басқаларға көзқарасын, өзінің өмірлік мақсаттарын, оның ішінде өзін тану және дамыту мен өзін-өзі жетілдіру мақсаттарын дербес қабылдауының өзіндік ерекшелігімен анықталатындығы түсінікті де. Біздің әрқайсымыз, сірә, шынында да, кім екендігімізді, қалай өмір сүретіндігімізді, өз дамуымызда қайда жылжып бара жатқанымызды қатты ойланып алып, жақсырақ, кемелдірек болуымызға ненің кедергі келтіретіндігін өз бетімізше анықтайтын шығармыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1803 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.092 с)...