![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Адамның іргелі қабілеттерінің бірі болып болжауға деген қабілеттілік табылады. Шынында да, адамдарға күн сайын және сағат сайын алдын ала білуге, яғни оқиғалардың өрбуін болжауға, нәтижелерді дөп басып айтуға тура келеді, мұнсыз өмірді, іс-әрекетті және осымен байланыстының бәрін жоспарлау мүмкін болмас еді. Болжау деп психологияда әдетте болашақты жорамалдау, алдын ала білу, күн ілгері болжау түсініледі. Мұндай болжау әрқашан да ықтималдық сипатқа ие болып келеді. Бұл түсінікті де – қандай да бір оқиғаны дәл және біржақты алдын ала білу немесе жорамалдау аса күрделі және проблемалы болып келеді.
Көбіне көп адамдар қандай да оқиғалардың дамуын, басқа адамдардың жүріс-тұрысын болжайды: мысалы, педагог осылар балалардың білімдарлық және тәрбиелілік деңгейі түрінде көрініс табатын, өз еңбегінің нәтижелерін міндетті түрде болжайды. Тұлға өзін жүзеге асырылатын болжаудың ортасына қойғанда, тек өзінің іс-әрекетінің нәтижесін ғана емес, өзін де жаңа және жаңартылған қасиетте күні бұрын көрген кезде, біз өзін-өзі болжаумен –сыртқы және ішкі өмірдің алдағы іс-әрекеттің және өзін тану және дамыту дың міндеттерін шешумен байланысты оқиғаларын күн ілгері білу қабілетімен істес боламыз. Өзін-өзі танумен үйлесе отырып, өзін-өзі болжау тұлғалық дамудың келешектерін анықтауға, тұлға жақын немесе алыстағылау уақытта осыларға ұмтылатын болатын және осыларға бағыт-бағдар алатын талаптар жүйесін, сол идеалды Мен бейнесін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұлғаның өзін тану және дамыту механизмі ретіндегі өзін-өзі болжаудың кейбір сипаттамаларына көңіл аударайық. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
Өзін-өзі болжаулардың мазмұны мен бағытталғандығы үш позициядан қарастырылуы мүмкін:
1) өмірлік жолдың белгілі бір оқиғаларына (ішкі өмірдің, ортаның әрекеттері, оқиғалары);
2) өзін-өзі болжаудың орта оқиғаларын және олардағы өзін, өз әрекеттерін, ішкі өмір оқиғаларын күн ілгері білуге бағытталғандығы;
3) өзін өмірлік жолдың әртүрлі кезеңдерінде, іс-әрекетті игерудің әртүрлі кезеңдерінде көз алдына елестетумен байланысты, болашақта өз қасиеттерін дамыту туралы түсініктерді құруға бағытталған өзін-өзі болжау.
Мазмұны бойынша өзін-өзі болжауларда бейнелік және танымдық (когнитивтік) құрамдас бөліктерді бөліп көрсетеді: адам өзін болашақта дәлме-дәл «көре» (бейнелі суретке ие бола) алады, өзі туралы ой жүгірте алады. Біріншісіне де, екіншісіне де анықтық пен түсінілгендіктің (оймен фокусталудың) әртүрлі шамасы беттеседі.
Өзін-өзі болжаудың анықтығы – анық еместігі. Аталған параметр туралы тұлғаның болашақтағы өзі туралы түсініктерінің немесе ой жүгіртулерінің анықтығы бойынша ой топшылауға болады. Өзін-өзі болжаулардың анықтылық дәрежесін бағалаған кезде олардың дәлелділігін, растылығын, нақтылығын талдап шыққан маңызды болады.
Өзін-өзі болжаулардың тұрақтылығы тұлғаның болашақтағы өзінің дәл бір бейнесіне жүгінуінің жиілігі бойынша анықталады. Тұрақты өзін-өзі болжаулар біртіндеп тұлғаның даму болашағына айнала бастайды. Өзін-өзі болжаулардың уақытша сипаттамалары жүзеге асырылған психологиялық уақыттың шамасы ретіндегі психологиялық жаспен анықталады, 18 жаста: «Менің жасым 18-ге келіп те қойды, ал мен болсам әлі ештеме жасаған жоқпын» деуге және 50 жаста: «Менің жасым бар болғаны 50-де, менің келешегім әлі алда, сондықтан асықпауыма болады» деп пайымдауға болады. Уақыттық осьте сан көптеген болжамдарды бөліп көрсетеді. Практикалық тұрғыдан алғанда өзін-өзі болжаулардың үш тобымен операция жасауға әбден болады: оқиғалық (мысалға,. біздің әрқайсымыз өзіміздің жақын болашақтағы әрекеттерімізді өз мүмкіндіктерімізге және қалыптасқан жағдайға қарай болжаймыз), болашақтар – мысалға алғанда, бір жыл өткеннен кейінгі әрекеттеріміздің нәтижелерін, өз жетістіктерімізді болжаймыз; өмірлік-мақсаттық - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру міндеттерін қоюмен және жүзеге асырумен байланысты алыстағы болашақтарды анықтаймыз және жасаймыз.
Осылайша, өзін-өзі болжау өз шегінде өзін болашақта, өзінің нақтылы жағдайлардағы жаңа реакцияларына дейін дерлік көруге, яғни белгілі бір уақыт бойында өзіміз осыған ұмтылатын өз тұлғамызды қиялымызда құруға мүмкіндік береді. Осылайша оның әртүрлі пішіндеріндегі өзін тану және дамыту үшін болашақтар анықталады.
Дәл сол кезде өзін-өзі болжау өзін-өзі танудың нәтижелеріне, оның ішінде ақырғы нәтижеге - өзін-өзі қабылдауға тірек артады. Тұлғаның өзін тану және дамыту стратегиясы бойынша қорытындылаушы нәтиже дәл осы өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжау үйлесімінің өзіндік келбетімен анықталатын болады. Аталған механизмдердің өзара тәуелді болып табылатындығын тағы бір рет қайталайық, бұл ретте өзін-өзі болжау өзін тану және дамыту стратегиясын жасап шығарудың негізі ретінде көп дәрежеде тұлғаның өзін-өзі қабылдау деңгейімен анықталады, кері тенденция да болуы мүмкін, бірақ ықтималдығы азырақ.
Өзін тану және дамыту стратегиясының жолын, стратегиясын анықтай отырып, өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау механизмдері бір жұпта қалай жұмыс істейді?
Ең айдан анық және түсінікті стратегиялардың бірі болып келесі стратегия табылады: адам өзінде өз тұлғасын, қасиеттері мен артықшылықтарын, кемшіліктерін толығымен түсінеді, ол өзінде қандай да бір өзге өзгерістерді болжаудың қажеттігін көрмейді, онда жақсырақ, кемелдірек болуға деген ұмтылыс пайда болмайды, оның ойы бойынша, оған өзін-өзі бекітудің де қажеті жоқ. Бұл тұлғаның өзіне жеткілікті бола бастауына алып келеді, бірақ мұндай өзіне жеткіліктілік жалған сипатқа ие болады және тұлғаның дамуын емес, тұралап қалуын паш етеді: «Мен жақсымын, менде бәрі жақсы, әрі мен мұныма ризамын, одан әрі дамудың мән-мағынасы жоқ».
Басқа бір стратегия, керісінше, өзінің тұлғасының және жүріс-тұрысының қандай да бір қасиеттеріне, сипаттамаларына саналы түрде қанағаттанбаумен анықталады. Сондықтан өзін-өзі болжау кемшіліктен арылған Мен бейнесін күн ілгері сезу жағына жұмыс істейтін болады. Егер адамның өз өзімен жігерлі жұмыс істеуінің барысында кемшіліктерден арылуға қолы жетсе, осыны ұғынса және қанағаттанған болса, бұл жақсы болар еді. Ал егер олай болмаса ше? Мұндай жағдайда өзінің кемшіліктері мен ерекшеліктерінен одан бетер бас тартылады, өзіне тым қанағаттанбау сезімі пайда болады, адам өзінің өзінің жігерінің әлсіз екендігіне үнемі жазғыра бастайды, өзінің кемшіліктерін баса алмайды – бұл, әрине, шиеленісті әлсіретпей, оны күшейте түседі.
Үшінші стратегияның мәнісі адамның, өзінің жеке басының жайсыздығының (одан санадан тыстың облысында жасырынған) себептерін әрқашан ұғына бермей, өзіне жауапкершілік алуға қабілетті, психологиялық жағынан дені сау тұлға құрудың орнына, осыны істей алмауына және білмеуіне орай, күн өткен сайын жаңа қорғаныстар мен қорғаныс жүріс-тұрысын арттыру арқылы, өзін болашақта толығымен қорғалған тұлға ретінде көре бастауынан тұрады. Нәтижесінде баянсыз, құбылмалы әсер қалыптасады – мәселелер ғайып болды, сен басқа, кемелдірек бола бастадың. Іс жүзінде бәрі басқаша болып отыр, ал мәселелер, жеке басының кемшіліктері жойылмайды, көп мәрте күшейе түседі.
Төртінші стратегия оптималды емес болып табылады және тұлға: «Мен жаманмын», «Мен басқалардан нашармын» деген нұсқауға бейім болғанда пайда болады. Мұнда шиеленіс деңгейін төмендету емес, керісінше, оны күшейте түсу тенденциясы пайда болады. Өзін тану және дамыту өзін-өзі төмендету және өзін-өзі жазғыру түрін қабылдайды да, адам осыдан қанағаттану сезімін бастан кешуі мүмкін: «Мен жаманмын, өзіме де сол керек».
Оптималды ретінде адам өзінің бойындағы оңды да, теріс те қасиеттерді қабылдай отырып, солай болса да өзін-өзі болжау арқылы тұрақты және орнықты сипатқа ие, тұлғалық өсудің және өзгерудің нақтылы міндеттерін қойған стратегияны таныған жөн.
Өзін-өзі теріске шығармай, ол өзін-өзі бекітеді; өзін-өзі бұзбай, ол өзін-өзі жетілдіреді; өзінің өмірлік жолының барлық жағдаяттарын көңілге ала отырып, ол толықтай өзін-өзі жүзеге асырады, өзінің іс жүзінде көзге көрінетінін емес, шынайы мәнін көрсететін бейнесін құрады.
Мысал. Мұндағы ой жүгіртулердің барысы шамамен алғанда былай естіледі: «Мен темекі тартамын – мұны қабылдаймын, бірақ темекі тартпайтын адам болғым келеді. Егер мен бұған қол жеткізбесем, торықпаймын», «Мен үрейлімін, бірақ үрейлілік маған жағдайда жылдам бағдар алуыма көмектеседі. Менің сенімді болғым келеді - өзімнің сенімді болуға қабілетті екендігіме бекіну үшін, бұл үшін өзімді ерекше жағдайларға қоятын боламын. Егер бұл менің қолымнан келмесе, мен торықпаймын, өйткені менің үрейлілігім – бір мезгілде менің құндылығым да екендігін білемін» және т.с. сарында. Бұл, әрине, біршама жеңілдетілген үлгі, бірақ ол да ар-абыройды сақтап қалуға және өзіңнің әзірге идеал еместігіңе, бірақ өзіңді жүзеге асыруға және танытуға ұмтылатындығыңа әрі бұған бүкіл өміріңнің соңына дейін ұмтылатын болатындығыңа қатысты торықпауға мүмкіндік береді.
Суреттелген соңғы стратегия айтарлықтай тартымды. Ол өзін тану және дамыту барысындағы өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжаудың оптималды бірлесе жұмыс істеуін көрсетіп қана қоймайды, бірқатар маңызды сұрақтар да қояды: осы стратегияны қалай игеруге болады? Өзін тану және дамыту кедергілері мәселелерін қалайша шешуге болады?
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2333 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!