![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Өзін-өзі қабылдау мәселесі туралы біз 1 тарауда айтарлықтай көп нәрсе айттық, бұл жерде тек айтылғанды еске салып, өзін тану және дамыту механизмі ретіндегі өзін-өзі қабылдау туралы біздің түсініктерімізді кеңейтетін кейбір жаңа түсініктерді енгіземіз.
Өзін-өзі қабылдау – бұл жалпы алғанда тұлға секілді, өз тұлғасының барлық аспекттерінің тіршілік етуге құқығын танып, мойындау. Күшті жақтар секілді, әлсіз жақтар да, оңды жақтар секілді, теріс жақтар да – осылардың барлығы да, осы әлсіз жақтар, теріс ерекшеліктер бізде қандай теріс эмоциялар мен уайымдаулар тудырғанымен де, тіршілік етуге, қызмет атқаруға тең құқыққа ие.
Психологияда мынандай факт баяғыдан белгілі және дәлелденген: адам өзін, өз қасиеттерін (тіптен негативті эмоциялар тудыратындарын да) неғұрлым көбірек шамада қабылдауға қабілетті болса, олд соғұрлым көбірек шамада гармониялы тұлға болып табылады және алға жылжитын өзін алға жылжытатын өзін тану және дамыту ға көбірек дәрежеде қабілетті.
Алайда мәселе адамның өзінің бойындағы бір нәрсені қабылдамайтындығында емес, өз кезегінде қалыптасқан жағдайға байланысты болып келетін, тиісті қабілеттерге ие болмай, осыны жасай алмайтындығынан, қабылданбаған нәрсенің, психология заңдары бойынша, санасыздық облысына, Көлеңке жағына кететіндіктен және табыла алмайтындықтан, өзінің бойындағы көп нәрсені таба алмайтындығынан тұрады. Басқа жағдайларда адамдар өз бойында қандай да бір ерекшеліктерді, сипаттамаларды ашуға қабілетті, алайда олар адамда оңды эмоциялар тудырмайды, осыған орай оларға «соғыс» жарияланады, күрестің, өзінің бойынан машақат келтіретіндерді және өте қанағаттанбаушылық тудыратындарды жоюдың стратегиясы жасап шығарылады.
Өзін тану және дамыту механизмі ретіндегі қарастырылып отырған өзін-өзі қабылдау мәселесінің контекстінде ерекше өзектілікке мәселелердің келесі топтары ие бола бастайды.
Біріншіден, мынаны анықтап алған маңызды: адам өз бойынан нені сөзсіз қабылдайды, таниды, мойындайды және неге оңды қарайды; өзінің бойынан нені негативті, теріс уайымдаулар тудыратындай етіп ұғынады (қандай да бір қасиеттер немесе сапалар қабылданбайды да, оларды жою бойынша күрес басталып кетеді); өзінің бойынан не нәрсені мұның қабылдауға болмайтындай болып, санасыздыққа ығыстырылғандықтан, сондықтан қабылдана алмайтындығына орай ұғына алмайды.
Екіншіден, «нашар» қондырғысының қызмет етуіне орай толық қабылдамау ретінде, адамда өз өзін теріс бағалау қалыптасатын жағдайлар ерекше талқылауға лайық болып келеді. Өз өзіне және басқаларға әртүрлі қараудың осы жағдайларын Э.Берн (американдық ғалым) суреттеп берген, ол индивидтің: «Мен жақсымын, Сен - жамансың», «Мен жақсымын – Сен жақсысың», «Мен жаманмын – сен жақсысың», «Мен жаманмын – сен жамансың» секілді әртүрлі өмірлік позицияларын бөліп көрсетеді. Соңғы екі жағдайда «Мен нашармын» деген қондырғы басым болып келеді. Алайда соңғы жағдайда ол әлемге деген мүлдем теріс көзқарасты көрсетеді: «Барлығы нашар адамдар, оның ішінде мен де жаманмын». Бұл позиция - өзін-өзі төмендету жәнебір мезгілде оңды қасиетке ие ретінде қабылданатындардың және бағаланатындардың барлығына деген қызғаныш.
Осындай өзін-өзі қабылдамау әлде өзіне өзі қол жұмсауға дейінгі де шаттықсыз және пессимистік ойларға алып келеді, әлде, керісінше, оны тұлға өзі үшін белгілі бір материалдық игіліктер мен басымдықтарға ие болу үшін «толықтай шамада» пайдаланып қалады (яғни, басқалармен манипуляция жасаудың элементарлы процесі жүзеге асырылады).
Үшіншіден, неліктен тұлғаның дәл бір қасиеттерін және ерекшеліктерін адамдар әртүрлі қабылдайды немесе қабылдамайды? деген сұрақ түпкілікті маңызға ие бола бастайды.
Мысал. Бір адам мейірімділік – оның күшті жағы және ол мұны толығымен қабылдаймын деп есептейді. Екінші біреу, керісінше, мейірімділікті теріс сипаттамасы деп есептеп, одан арылуға ниет етеді. Істің мәнісі – тұлғаның әу бастағы әртүрлі мақсаттарында және оның басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің әртүрлі иәжірибесінде. Егер ол риясыз қабылданса, яғни қоршаған адамдар тарапынан «сыйлық алуға» деген мақсат болмаса, мейірімділік, сөз жоқ, оңды қасиет ретінде қабылданатын болады, мақтаныш аясы болып табылады. Мейірімділік үшін сыйлық күтілетін (жауап қайырымдылығы немесе мейірімділігі түрінде болса да) болса, бірақ индивид оны алмаса, өзінің қайырымдылығы және мейірімділігі осыдан арылу жақсырақ болатын нәрсе ретінде бағаланатын және қабылданатын болады. Ал мейірімділікпен, жақсылықпен күресі қажет пе? Көптеген адамдар бұл ақылға сыймайтын нәрсе деп жауап қайыратын шығар? Бірақ адамдар мұнымен күреседі ғой!
Өзін тану және дамыту ға өзін-өзі қабылдау механизмінің қалай жұмыс істейтіндігін біз басқа механизмді - өзін-өзі болжауды сипаттап шығып білетін боламыз.
Адамның іргелі қабілеттерінің бірі болып болжауға деген қабілеттілік табылады. Шынында да, адамдарға күн сайын және сағат сайын алдын ала білуге, яғни оқиғалардың өрбуін болжауға, нәтижелерді дөп басып айтуға тура келеді, мұнсыз өмірді, іс-әрекетті және осымен байланыстының бәрін жоспарлау мүмкін болмас еді. Болжау деп психологияда әдетте болашақты жорамалдау, алдын ала білу, күн ілгері болжау түсініледі. Мұндай болжау әрқашан да ықтималдық сипатқа ие болып келеді. Бұл түсінікті де – қандай да бір оқиғаны дәл және біржақты алдын ала білу немесе жорамалдау аса күрделі және проблемалы болып келеді.
Көбіне көп адамдар қандай да оқиғалардың дамуын, басқа адамдардың жүріс-тұрысын болжайды: мысалы, педагог осылар балалардың білімдарлық және тәрбиелілік деңгейі түрінде көрініс табатын, өз еңбегінің нәтижелерін міндетті түрде болжайды. Тұлға өзін жүзеге асырылатын болжаудың ортасына қойғанда, тек өзінің іс-әрекетінің нәтижесін ғана емес, өзін де жаңа және жаңартылған қасиетте күні бұрын көрген кезде, біз өзін-өзі болжаумен –сыртқы және ішкі өмірдің алдағы іс-әрекеттің және өзін тану және дамыту дың міндеттерін шешумен байланысты оқиғаларын күн ілгері білу қабілетімен істес боламыз. Өзін-өзі танумен үйлесе отырып, өзін-өзі болжау тұлғалық дамудың келешектерін анықтауға, тұлға жақын немесе алыстағылау уақытта осыларға ұмтылатын болатын және осыларға бағыт-бағдар алатын талаптар жүйесін, сол идеалды Мен бейнесін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұлғаның өзін тану және дамыту механизмі ретіндегі өзін-өзі болжаудың кейбір сипаттамаларына көңіл аударайық. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
Өзін-өзі болжаулардың мазмұны мен бағытталғандығы үш позициядан қарастырылуы мүмкін:
1) өмірлік жолдың белгілі бір оқиғаларына (ішкі өмірдің, ортаның әрекеттері, оқиғалары);
2) өзін-өзі болжау бағыттылығы аладын ала болатын дүниенің, оқиғалардың ішінен өзінің жүріс -тұрысын, ішкі өмірінде болып жатқан дүние ретінде көрініс тауып, қызық қозғалыстың ішінде өзін сол мзетте көріп машықтанып отырады.
3) өзіндік болжау арқылы өмірлік жолдың әр кезеңдеріндегі оқиғаларда өзін көрсетумен қатар, іс әркетімен тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Келешекте аладын ала болжау арқылы оның даму жолын және жүзеге асырылуын анық көре алады, сонымен қатар өзі туралы ой туындайды. Өзін танудың мазмұнына орай: бейнелі және таңымдық компоненттеп екіге бөледі: адам өзінің бейнесін көз алдына алдын ала елестету арқылы, өзін болашақта болжап көре алады және өзінің өмірбаяны картасы болады.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4182 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!