Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зін-өзі бекіту



Соңғы кездері өзін-өзі бекіту қазіргі ғылымның ең көп зерттелетін мәселелерінің бірі бола бастады. Оның философиялық, жалпы психологиялық аспекттерін қарастыру, әртүрлі жас кезеңдеріндегі спецификасын анықтау, оңды өзін-өзі бекітудің арнайы тренингтік сабақтарын жасап шығару әрекеттері жасалуда. Ғалымдардың күш-жігерлері сондай-ақ әсіресе жаксөспірім жаста, ерте балғын жас кезеңінде, одан кейінгі кезеңдерде де өзін-өзі бекітудің кей кездері наркомания, алкоголь ішу және темекі тарту, құқыққа қарсы әрекеттер жасау түріндегі теріс сипат қабылдайтындығымен де «қамшыланады».

Өзін-өзі бекітуге келетін болсақ, деген не? Терминнің құрылымын негізге ала отырып, ол екі бөліктен тұрады: «өзін-өзі» - өз бетінше, ешкімнің де көмегінсіз және «бекіту» - бір нәрсені өзінде қатаң жасағың келгенге ұмтылу. Демек,

Мысал. Өзінің ойында бекініп қалу үшін, адам өзінің алдына қиынырақ зияттық міндеттер қояды; оларды шеше отырып, шынында да ақылды екеніне көзін жеткізеді. Өзінің ересектік сезімінде бекініп қалу үшін, жасөспірім темекі тарта, балағат сөз айта, яғни қазіргі нормалар бойынша балаларға тыйым салынған нәрселерді жасай бастайды.

Егер ғылыми анықтама беруге әрекет жасап көрсек, ол былайша естілетін болады.

өзін-өзі бекіту – бұл өз бойында өз бетінше бір нәрсені немесе, осы қасиетті жағдайлар да, басқа адамдар да, бекітілетін субъекттің өзі де ауытқытпайтындай, тұлғаны жалпы алғанда қатаң жасау. Өзін-өзі бекіту – тұлғаның өзінің белгілі бір қасиеттерін, мінезінің ерекшеліктерін, жүріс-тұрыс пен іс-әрекет тәсілдерін табу, растау жөніндегі, өзін тану және дамыту шеңберінде жүзеге асырылатын спецификалы іс-әрекеті.

Аталған іс-әрекеттің негізінде тірі әлемнің басқа өкілдерінің арасында бәсекелестікпен тіршілік етудің бастапқы қажеттіліктерінен синтезделетін, өзін-өзі бекітуге деген қажеттілік жатыр. Адамда ол үш мотив түріне ие бола бастайды: басқалар секілді болу, басқалардан жақсырақ болу және теріс тұрғыда – барлығынан нашар болу. Алғашқы екі мотив өзін-өзі бекітуді сипаттайды, соңғысы - өзін-өзі жоққа шығаруды сипаттайды. Әрине, біз бұрынырақта атап өткенім

іздей, өзін-өзі бекіту мотивтері басқа мотивтермен: өзін-өзі танумен, өзін-өзі жетілдірумен, өзін танытумен тығыз байланысты.

Өзін-өзі бекітудің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Өзін-өзі бекіту сферасының ерекшеліктеріне, мотивтері мен қажеттіліктеріне байланысты олар айтарлықтай өзгеріп отыруы мүмкін. Бір адам үшін мақсат – сенімділікке ие болу, басқа адам үшін - өзінің басқалардан нашарырақ еместігін дәлелдеу, үшінші адам үшін - өзінің басымдылығы, ерекшелігі сезімін, демек, басқаларды басқаруға деген құқығының негізді екендігін не болса да бастан өткеріп қалу.

Өзін-өзі бекітудің тәсілдері де алуан түрлі. Олар өзін-өзі бекітудің таңдап алынған салаларына және түрлеріне байланысты болып келеді. Өзін-өзі бекітудің салалары болып адам үшін тұлғалық маңыздылыққа ие болатын, іс жүзінде тіршілік әрекетінің барлық түрлері болуы мүмкін: біреу үшін бұл жұмыс немесе оқу; басқа біреу үшін – спорт, өнер, ғылым; біреу үшін – құқыққа қарсы әрекеттер. Адам кімнің көзінде: өзінің немесе жақын әрі маңызды адамдардың, танымайтын адамдардың көзінде ойнау фактісі де аз роль ойнамайды. Дәл сол кезде барлық тәсілдер өзін-өзі бекіту мен өзін-өзі жоққа шығарудың жетекші мотивіне байланысты классификациялануы мүмкін. «Басқалар секілді болу» мотиві басқалар жасағанды жасау, аталған топтың күткенінің шегінен шығып кететін әрекеттерді жасамау секілді тәсілдерді анықтайды. Егер біреуді кінәлау немесе оған күлу, кемсіту қабылданған болса, тұлға оның басқалар секілді кінәлайтындығын, күлетіндігін, кемсітетінін барлығына дәлелдеп бағатын болады. Егер игілікті әрекеттер жасау және оларды мақтаныш ету қабылданған болса, тұлға осыған ұқсас әрекет жасайтын болады. Егер топтағы маңыздылыққа интеллект ие бола бастаса, тұлға осыған ұқсас әрекет жасайтын болады. Кез келген жағдайда мұнда конформизм механизмі, яғни топтан тәуелділік, топқа икемделушілік механизмі жұмыс істейді. «Барлығына қарағанда жақсырақ болу» мотиві көшбасшылық орындарды алу, ерік-жігерде, ойда, тапқырлықта бекіну (басқаларда жоқ нәрсеге ие болудың арқасында немесе басқаларды елеп-ескермеу, жек көру, теріс қабақпен қараудың, кемсітудің басқа түрлері есебінен) секілді амал-тәсілдерді өмірге әкеледі. «Барлығына қарағанда жаманырақ болу» мотиві адам өзгелердің назар аударуына лайық еместігін, талантқа ие еместігін, барлығынан да нашар екендігін көрсеткен кезде, тұлғаның өзін-өзі теріске шығару тәсілдеріне алып келеді. Осындай позиция кей кездері белгілі бір ұтыстар да береді, адамға есіркей қарай, жаны аши бастайды, оған белгілі бір артықшылықтар бере («одан не аласың») бастайды, ал ол болса осы кезде осындай өзін-өзі төмендету арқылы бекітіле бастайды.

Өзін-өзі бекітудің нәтижелері айдан анық – олар адамға өзінің қажеттігі, пайдалылығы сезімін береді, оның көзінше өз өмірі мен іс-әрекетінің мәнін «ақтайды», «мен басқалардан кем емеспін» деген нұсқау немесе кез келген әрекеттерді дәне іс-әрекеттерді жеңіп отыратын басымдылық, өзінің ерекшелік сезімі жұмыс істей бастайды. Өзін-өзі теріске шығарған жағдайда адам өзінің түкке жарамсыздығына, қажетсіздігіне, төмендігіне бекіне бастайды, бұл да кей кездері өзінің артықшылықтарын беруі мүмкін.

Бірақ адам өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі танытудың маңыздырақ мақсаттарын қойған кезде, өзін-өзі бекітудің басқа да жоғары сфераларының болуы мүмкін. Аталған жағдайда, өзінің потенциалын толығымен жоғалта қоймаса да, өзін-өзі бекітуге деген жеке бастың қажеттілігі екінші қатарға қарай жылжиды, ал өзін-өзі бекіту тұлғаның өзін-өзі қалайша бекітетініне ғана емес, оның артықшылықтарын тани отырып, басқалардың да тұлғасын қалайша бекітетіндігіне байланысты болатын объективтік үрдіс бола бастайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1050 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.284 с)...