Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зін тану және дамыту және тұлғаның өмірлік жолы



Өмірлік жол түсінігі қазіргі психологияда айтарлықтай кеңінен қолдапнылуда. Өмірлік жол – бұл адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі нақтылы кеңістікте және уақытта өрбитін, өмірлік жағдайлармен анықталатын жеке тарихы. Өмірлік жолдың өзіндік келбеті өте көптеген факторлармен: адамның жынысымен, жасымен, білімімен, ол өмір сүретін микроортамен, белгілі бір тарихи жағдайлардағы өмір салтымен және т.б. анықталады.

Өмірлік жолды психологиялық талдаудың бірлігі болып өмірбаяндық оқиғалар: мінездің түпкілікті қайта құрылуы, тұлғаның дамуы мен өзін тану және дамыту ының бағыттары мен қарқындарының өзгеруі табылады. Оқиғалар (оқиғалық ортақтықпен шатастырмау керек) кездейсоқ және заңды болуы мүмкін. Егер біздің әрқайсымыздан: өзіңіздің өміріңізді шындап аударып жіберген, өзіңізді басқа адам деп сезінуге итермелеген оқиғаларды атай аласыз ба деп сұрасақ, жауап, сірә, «Иә» болады. «Иә, - дейсіз Сіз, - маған тамаша адаммен кездескенім (немесе белгілі бір автордың көркем шығырмасын оқығаным, әлде ауруым, әлде жұмысым өте қатты әсер етті». Біз атап кеткеніміздей, көптеген оқиғалар кездейсоқ сипатқа ие, бірақ біз өзіміз, әбден саналы түрде және мақсатты бағыттай отырып жасайтын оқиғалар да аз емес, мысалға: белгілі бір мақсаттарды қоямыз және оған қол жеткіземіз, қарым-қатынас бойынша серігімізді таңдап аламыз; осындай қарым-қатынас пен достықтың қиындықтарын болжаймыз; саналы түрде тәуекелге барамыз немесе, керісінше, қиындықтардан басымызды аулақ ұстаймыз.

Оқиға деген не? Сірә, аталған түсінікке ең толық анықтаманы отандық психолог С.Л.Рубинштейн берген. Өмірдің оқиғалары - қандай да болсын ұзынды-қысқалы кезеңге қандай да болсын шешім қабылдаған кезде тіршілік әрекетінің келешегі айқындалатын, индивидтің өмірлік жолының түйінді сәттері мен бұрылыс кезеңдері. Қазіргі психологияда оқиғалардың классификациясын жасап шығару әрекеттері жасалуда. Мысалы, отандық психолог Н.А.Логинова мыналарды бөліп көрсетеді: ортаның оқиғалары; адамның қоршаған ортадағы жүріс-тұрысының оқиғалары; ішкі өмір оқиғалары.

Ортаның оқиғалары көбінесе тұлғаға байланысты емес және алуан түрлі сыртқы күштердің адам тағдырына баса көктеп кіруімен түсіндіріледі. Мұнда мыналарды жатқызуға болады: соғыс, алуан түрлі зілзала зардаптары, жақын адамның туылуы немесе өлуі, жаңа қызметке тағайындалу. Қоршаған адамдардың нақтылы адамның өмірі мен іс-әрекетіне қатысы бар әрекеттері оның дамуының жағдайлары, ал кей жағдайларда – оқиғалары бола бастайды. Орта оқиғаларының адамның өмір барысына өзгерістер енгізетіндігін, бірақ ол үшін біржақты болып табылмайтындығын атай кеткеніміз жөн. Қандай да бір оқиғаның маңыздылығы болып жатқан нәрселерге қатысты тұлғаның алып жатқан ұстанымымен анықталады. Оқиғаның ролі адам сыртқы күштердің құрбаны бола ма, әлде өзінің дербестігін сақтап қалушы күрескер бола ма екендігімен де анықталады. Мысалы, адамды бір нәрсеге әділетсіз айыптады делік. Осындай кінәға көндігуге болады, өзінің дұрыстығын сақтап қалуға да болады.

Адамның қоршаған ортадағы жүріс-тұрысының оқиғалары немесе әрекеттері қоршаған адам өмірінің жағдаяттары болып табылады және дәл сол кезде тіршілік әрекеті субъектінің өзінің даму жағдаяттарын түрлендіреді. Адамдар көптеген әрекеттер жасайды, бірақ олардың кейбірі ғана, жаңа келешек (әрқашан оңды бола бермейтін) аша отырып, оқиғалар сипатына ие болады. Әрекеттер әртүрлі болады: азаматтық; еңбек; рухани; өзін-өзі өзгертумен және өзін-өзі қалыптастырумен байланысты әрекеттер. Мысалы, темекіні тастау - әрекет болып табылатын адамдар бар, жаумен достасу да - әрекет.

Ішкі өмірдің оқиғалары адамның ішкі әлеміне жатады және өз өзінің оңды құндылығын айқындайды. Ішкі өмір үшін не маңызды болуы мүмкін? Бұл мынандай сәттер: өзін-өзі бекіту; сыртқы өмірде болған жетістіктердің көрінісі ретіндегі өзін тану және дамыту.

Өмірдегі табыс – бұл өзін тану және дамыту дағы табыс та. Ішкі өмір оқиғаларына мыналарды жатқызуға болады: адамның жаңа уайымдаулары, жаңа ойлары, өз тұлғасының жаңа қасиеттерін ашу, өзінің бойында жаңа қабілеттерді табу, сондай-ақ өзінің бойынан өзіне деген оңды көзқарасты түпкілікті өзгертетін, өзін-өзі қамшылауға, өзін-өзі төмендетуге деген тенденцияны өзекті ететін бір «жиіркенішті» нәрсені ашу.

Оқиғалардың барлық үш тобы бір бірімен тығыз айқасқан және адамның өмірлік жолының өзіндік келбетін түсіндіретін кешен құрады. Адамның осы оқиғаларға қарауы оның қаншалықты өз тіршілік әрекетінің авторы, өзін тану және дамыту субъектісі болып табылатындығын анықтайды да. Өз кезегінде, өзін тану және дамыту мен өмірлік жол өзара байланысты және бір біріне себепкер болады. Олар бірқатар ортақ және бірқатар ерекше қасиеттерге ие.

Біріншіден, өмірлік жол да, өзін тану және дамыту да - әр тұлғаның бірегей қайталанбағыштығын сипаттайтын қатаң дербес процестер.

Екіншіден, бірегейлігіне және дербестендірілгеніне қарамастан, олар адамға объективті түрде берілген. Өзінің өмірлік жолы болмай, өз тұлғасын құрмай (дамымай), адам өмір сүре алмайды.

Үшіншіден, олар уақыт бойынша тең: адамның өмірлік жолы да, сана-сезімі де туылғаннан басталады және өліммен аяқталады. Олардың арасындағы айырмашылық - әлде өмір бойында, әлде оның белгілі бір кезеңдерінде жүзеге асырылуы мүмкін өзара себепкерліктің әртүрлі дәрежесі.

Сөз белгілі бір өмір кезеңдерінде өзін тану және дамыту дың қарқындылығының өмірлік жолды түпкілікті өзгертетіндігі туралы болып отыр; басқа жағдайларда болса өмірлік оқиғалардың өзі адамның өзін тану және дамыту ын сәйкестендіреді, баяулатады немесе қарама-қарсы белгі береді.

Көп нәрсе адамның қаншалықты және қашан өз өмірінің субъектісі және өзін тану және дамыту субъектісі болатындығына байланысты болып келеді. Егер ол мұндай болып табылмаса, ал субъекттің ролін басқалар орындаса, өмірлік жол кездейсоқтықтарға, жағдайлардың тоғысуына ұшырап отырады, адам өз өмірінің оқиғаларының «ағысы бойынша жүзгендей» болады. Мұндай жүзудің әрқашан сәтсіз бола бермейтіндігін атай кетуіміз керек. Жағдай, өзін тану және дамыту ға деген айқын шақырулардың болмағанына қарамастан, сәттіліктіңі қолға өзі келетініндей қалыптасуы да мүмкін.

Адам өзіне не керек екенін анық білетін, өзін басқара және өзін оңды бағытта құра алатын, бірақ жағдаяттар өте сәтсіз қалыптасатын және ол тек қана өзінің ерлігінің, табандылығының, өз ұстанымы мен өмір философиясының арқасында ғана «тірі қалатын» кері жағдайлар да болуы ықтимал. Бұл әдетте тағдыр деп аталатын, адам өз өмірінің авторы және өзін тану және дамыту субъектісі болып табыла ма немесе таза кездейсоқтықтарға ұшырап, өмірдің иіріміне санадан тыс тартылғанына тәуелсіз, әрқашан да адамда бар нәрсе осы.

Солай бола тұрса да, тіптен бақытты аяғы бар жағдаяттарға бағынғанға қарағанда, өз өмірінің, өз дамуының субъекті және авторы позициясы жарамдырақ (тіптен қолайсыз оқиғаларға және тағдыр тәлкегі деп аталатындарға қарамастан).

Өз тұлғасын терең танудың негізінде өзін тану және дамыту ға ұмтылатын адам өзінің өмірлік жолын мақсатты бағыттай отырып құрады және өзін көбірек шамада жүзеге асырады (өмірлік қиындықтарға және кедергілерге қарамастан), көбірек құрметтеуге лайық және, әдетте, өзін тану және дамыту ы сыртқы себептерге бағынышты адамға қарағанда, көбірек нәтижелерге қол жеткізеді. Бірінші жағдайда адам жауапкершілікке, қажет болған кезде тәуекелге қабілетті, өзінің сәтсіздіктерінде өзгелерді де, жағдайларды да кінәламайды.

Екінші жағдайда бәрі де сыртқы жағдайлармен (оңды да, теріс те болуы мүмкін) анықталады да, адам оларға тәуелді, сәтсіздіктер жағдайында өзінің ішкі әлемін және өмірлік жолын құруда бастамаға қабілетсіз болып шығады; түңілу пайда болады, өзін-өзі құрметтеу мен өмірге бейімделгіштік күрт төмедеп кетеді. Осының бәрі адамның толық шамада өзін-өзі жүзеге асыра алуы және өзінің борышын, өзінің міндетін өмірде іске асыру үшін, өз тағдырына қатысты лайықты орын алуы үшін, адамға өзін тану және дамыту да көмек көрсетіп отыру қажет деген ойға әкеледі. Алайда бұл мәселелер туралы біз 3 тарауда сөйлесетін боламыз.

Сонымен, адам сыртқы әлемнің туындысы, әр тұлға үшін ерекше түрде жүзеге асырылатын оның көрінісі болып келетін өзінің бірегей, қайталанбас ішкі әлеміне ие. Бұл әлемнің кеңістіктік-уақыттық ұйымдасуы, өзінің бірегей мазмұны бар, оның негізін іштен сөйлеу түріндегі сезімдік бейнелер мен ойлар құрайды. Ішкі әлемнің орталығы ретіндегі адам Мені өз өзімен және нақтылы немесе ойдан құрастырылған әңгімелесушілермен диалогтар мен монологтар жүргізеді, өзінің өмірі мен іс-әрекетін жоспарлайды, өзін танып-біледі, армандайды, маңыздылығы бойынша алуан түрлі мақсаттар қояды.

Ішкі әлем, немесе субъективті нақтылық, маңызы бар жақын адамдармен немесе маңызы бар басқалармен (адамдармен, қоғаммен) тығыз байланыста жүзеге асырылатын, адамның өзін тану және дамыту ының мәнін құрайтын, жандану, рухтану, дербестелу, жекешелену және әмбебаптану сатыларын өте отырып дамиды.

Өзін тану және дамыту ды талдаудың бірлігі болып тұлғаның уақыттың әрбір нақтылы сәтінде өзін жаңғырту, жақсарту немесе нашарлату бойынша өзін-өзі құруы табылады. Жалпы тұрғыдан алғанда кез келген жастың тұлғаның өзін-өзі құруы және өзін тану және дамыту ы бойынша өзінің спецификалы міндеттері бар.

Өзін тану және дамыту адамның тіршілік әрекеті барысында жүзеге асырылады және осының белгілі бір кезеңінде (көбінесе жасөспірім жаста) өзінің өзін тану және дамыту ының субъекті болып шығатын оның өмірлік жолымен тығыз байланысты және өзара түсіндіріледі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1166 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.456 с)...