Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Субъективтік нақтылықты дамыту



Осы тараудың басында біз дамуды объективті үрдіс ретінде қарастырдық, мысал үшін психологиялық дамудың екі кезеңденуін келтірдік (авторлары Д.Б. Эльконин және Э. Эрикссон). Өзін тану және дамыту мәселесі тұрғысынан даму объективті үрдіс ретінде емес, «ішінен», ішкі әлемнің, субъективтік нақтылықтың қалыптасуы; солай бола тұрса да әлеуметтік қоршаған ортамен тығыз байланыста жүзеге асырылатын, өзінің тіршілік әрекетінің субъектісінің қалыптасуы ретінде қарастырылған кезде кезеңдеудің мүмкіндігі туралы мәселені қойған маңызды болады.

Қазіргі психологияда В.И.Слободчиков жасап шығарған кезеңдеудің бар екендігін атап көрсетуіміз керек. Осының сипаттамасына тоқталатаын боламыз. Бастапқы түсініктер ретінде «оқиғалық ортақтық» және «өзіндік ерекшелік» көрініс табады. Оқиғалық ортақтық – бұл адамның басқа адамдармен байланысының бар болу тәсілі, бұл байланыссыз дамудың өзі жүре алмайды. Бастапқы кезеңдерде басқа адамның ролін ана орындайды, одан кейін жақын адамдар, қоғамдық ересек адам, бүкіл адамзат (шегінде) орындайды. Өзіндік ерекшелік – бұл ортақтықтан шығып кету, дербестену, тәуелсіздік көрсету, жаңа нәрсені жасап шығару мүмкіндігі секілді.

Одан әрі туу дағдарысы және даму дағдарысы бөліп көрсетіледі. Автор адам бірнеше рет туады деп есептейді. Әрине, биологиялық туу және биологиялық өлу тек бір рет болады, бірақ адамның тұлға ретінде «тууы» бірнеше мәрте жүреді. Ол дербес өмір режимі түпкілікті түрде өзгеретін, жаңа қауымдастыққа кіру кезеңінде жүзеге асырылады. Даму дағдарысы іс-әрекет пен сананың дербес және бірлескен түрлері арасындағы алшақтық табылған кезде, адамның кім және не болғысы келетіндігі мен оның мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар туындаған кездегі сәтте жүреді (мысалы, бала үшін қарама қайшылық келесіден көрініс табады: «Сен секілді болғым келеді – және сен сияқты бола алмаймын»). Туу мен даму дағдарыстары сатылармен: қабылдау сатысымен және игеру сатысымен араласып отырады. Туу дағдарысынан кейін қабылдау сатысы, яғни серіктердің бірін бірі жаңа жағдайларда қабылдауы жүреді. Даму дағдарысынан – игеру сатысынан кейін - өз бетінше, өз бастамасы бойынша өзара әрекеттесуді құруға және жөнге салуға деген қабілеттілік келеді. Ақыр соңында, субъективтіліктің бес сатысын бөліп көрсетуге болады: жандану, рухтану, дербестену, жекешелену, әмбебаптану.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 631 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.052 с)...