![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Егер ішкі әлем бар болса, сыртқы әлем секілді, оның да ішкі кеңістігі және өзінің субъективті уақыты бар деп болжау қисынға сай келеді. Психологтар жүргізген арнайы зерттеулер аталған фактіні толық шамасында дәлелдейді. Мысалға, адамның ішкі әлемін зерттеу бойынша қызықты эксперименттердің сериясын жүргізген отандық психолог Т.Н. Березина алған нәтижелерге көңіл аударайық.
Оның пікірінше, кең мағынасындағы ішкі кеңістік – бұл жалпы алғандағы психологиялықтың тіршілік етуінің түрі, ал тарырақ мағынасында – бұл ішкі бейнелердің тіршілік ету формасы. Бейнелердің өзі кеңістіктен тысқары жерде тіршілік ете алмайтынындай, бұл бейнелерден тысқары жерде ол болмайды. Бейнелер объекттердің субъективті түрлері болып келеді және, оларға тұлғаның мақсаттарының, қажеттіліктері мен мотивтерінің әсер етуінің нәтижесінде қайталанбас бірегейлікке ие бола отырып, ішкі әлеммен туындайды. Олардың өзі адам психикасында ақпараттық, эмоциялық, реттеуші рөль орындайды. Эксперименттердің нәтижесінде бұл бейнелердің ішкі кеңістікте орналаса алатындығы және әртүрлі адамдарда әртүрлі: сол жақта, оң жақта, арт жақта, үстіңгі жақта, төменгі жақта, панорамалы орналаса алатындығы, адамның шегіне секілді шығарыла алатындығы, жақындаған, қашықтаған бола алатындығы, пішіні, түсі бойынша ерекшелене алатындығы, уақыттық осьте: өткенде, қазіргіде және болашақта орналаса алатындығы көрсетілген.
Мысал. Өзіңізбен шағын эксперимент жүргізіңіз: өзіңіздің бірінші рет мектепке бара жатқаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Қандай бейне пайда болды? Ол пішіні, түсі бойынша қандай? Ол қайда орналасты: жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта және т.с.? Сіз қайдан тұрсыз, бейненің ішінде ме немесе одан тысқары ма? Егер Сіз осының бәрін жасап шығып, қойылған сұрақтарға жауап берсеңіз, Сізге бейне дегеннің не екені және оның ішкі кеңістікте қайда орналасатындығы түсінікті болады. Субъективтік уақытқа қатысты да одан қызықтығы кем емес мәліметтер алынған. Біріншіден, осындай уақыттың шынында да бар екені дәлелденген. Екіншіден, ішкі уақыттың жеделдеу немесе баяулау фактілері, оның кері қайтушылығы, ақпаратты болашақтан немесе өткеннен алу мүмкіндігі, параллель уақыттың бар болуы фактілері және т.с. табылған.
Мысал. Субъективтік уақыттың жеделдеу-баяулау фактілерін қарастырайық (біздің әрқайсымыз мұны жеке тәжірибемізден білеміз). Егер біз қзықты және тартымды бір нәрсемен айналыссақ, уақыт өте жылдам және байқалмай өтеді, ал біз үшін субъективті ол тоқтап қалғандай болады. Керісінше, егер біз ұзақ уақыт ештеме істемесек, мысалға, бірнеше сағат поезд тоссақ, онда уақыт өте баяу жылжиды – ол сондай-ақ тоқтап қалған секілді болады, бірақ мұндай тоқтап қалудың табиғаты, біз уақыттың өтуін байқамайтын жағдайға қарағанда өзгеше. Бірнеше апта немесе ай өткеннен кейін өте жылдам өткен кезең, қызықты оқиғаларға толы болғандықтан, ұзағырақ созылған секілді болып көрінеді, ал біз ештеме жасамаған кезең бір сәт секілді қабылданады.
Субъективті уақыттың өтуінің жас өзгерістері де белгілі. Бір адам іш жағынан жылдамырақ өмір сүреді, осыған орай өзі шын мәнінде осындай болғанға қарағанда, өзін ересектеу сезінеді, басқасы баяулау өмір сүреді, сондықтан тіптен кемеліне келген жасында да оған бәрі де алда, өзі жаңа ғана өмір сүре бастады және көп нәрсені жасап үлгеретін секілді болып көрінеді.
Мысалға, қандай да бір орынға келе немесе белгілі бір адамдармен кездесе отырып, біз уақыт парадокстарымен де ұшыраса аламыз, бізге бұл бұрын болған секілді көрінеді немесе, керісінше, жақсы таныс жерге келіп, бізге оны алғаш рет көргеніміздей көрінеді де, ол жерді қызығушылықпен зерттей бастаймыз.
Ішкі әлемнің мазмұны. Сонымен, ішкі әлемнің өз ішкі кеңістігі, субъективті ішкі уақыты бар. Осы кеңістікте және уақытта кім «өмір сүреді?»
Ал онда біздің әрқайсымыз, біздің тұлғамыз, рефлексияның арқасында бір мезгілде бірлікке және сан көптілікке ие болып келетін біздің Меніміз өмір сүреді. Осылайша, біздің әлеміміздің мазмұны болып жалпы алғандағы психика, сана және санадан тыс табылады. Осы мазмұнды құрылымдау өте қиын, біздің әрқайсымыз оны өз бетімізше: саналы түрде және интуициямен танып-білеміз. Дәл сол кезде психологияда осы мазмұннан кейбір жетекші құрылымдық элементтерді бөліп алу әрекеттері жасалуда. Тағы да Т.Н. Березинаның теориялық және эксперименттік зерттеулеріне сілтеме жасаймыз. Автор былай деп атап көрсетеді: бір жағынан, ішкі әлем субъективті және өзіне біздің ойларымызды, сезімдерімізді, уайымдауларымызды, қиял, мұңдарымызды, түс көрулерімізді және көптеген басқаны қосады; екінші жағынан – әлеуметтік, өйткені өзіне басқа адамдардың бейнелерін, олардың іс-әрекеттері мен әрекеттерін қосады.
ішкі әлемнің өзінен өзі пайда болмайтындығы, оның спецификалық түрде сыртқы әлемнің көрінісі екендігі және өзінің кеңістіктік-уақыттық сипаттамасы, өзінің мазмұны бар екендігі анықталған.
Адамның ішкі әлемі, яғни оның ой жүгіртулері, қиялдары, түс көрулері әлде сезімдік-бейнелік түрде, әлде іштен сөйлеу түріне енгізілген ой түрінде, әлде, көбіне көп, біріншісінің және екіншісінің үйлесімінде болады. Болу тәсілі – монолог немесе диалог: өз өзімен, өзгелермен, басқа адамға өзіңмен болып жатқан оқиғалар туралы әңгімелеп беру; күрделі диалог: өзіндік Мен басқаның көзімен көрсетіледі. Арнайы зерттеудің көмегімен біздің психикамыздың біздің ішкі өмірімізді сипаттайтын жеті ең кең таралған күйі анықталған болатын.
1. «Меннің өзін-өзі көрсетуі» - адамның қазіргі уақытқа жатқызылған, өзі туралы ой жүгіртулері; күйдің ерекшеліктері – монологтық ойлау (монолог) және ішкі сөйлеуде Мен есімдігінің басым келуі.
2. «Басқа туралы ой жүгірту» - диалогпен, «Сен» етістігінің басым болуымен сипатталады. Бұл күй үшін өзін-өзі қолпаштау тән, бірақ оймен сынға алу ықтимал.
3. «Ой бейнелерінің объективтендірілмеуі» - басқа немесе басқалар абстрактылы түрде елестетіледі және баста тіршілік еткендей болады. Субъект өзіне, өзінің артықшылықтарына қадала көңіл аударған, кемшіліктер жоққа шығарылады.
4. «Болашақты жоспарлау» - осында адам өзінің келешегіне ой жүгіртетін, болашақты жоспарлайтын, белгілі бір мақсаттар қоятын, оларды іске асыру мәселелеріне ой жүгіртетін күй.
5. «Кедергілерге бекіну» - адамның, кедергілерге, қиындықтарға бекіне отырып, жалғыздықты сезінуімен «(«ешкімнің ешкімге керегі жоқ»), қиын жағдайдың шешімін табуда өзара әрекеттесу мүмкіндігін жоққа шығаруымен сипатталады.
6. «Әлемді сезіммен қабылдау» - барлық бейнелер өте жарқын, контрастылы көрсетілген, ойлар дыбысталған (дауыстар түріндегі ойлар).
7. «Қиялдар» - кез келген мақсаттар қол жетерлік болып көрінетін ең шығармашылық күй, бұл ретте кедергілер елеулі емес ретінде қарастырылады («Шығатын жол табуға болмайтын шығатын жолсыз жағдай жоқ»). Адам өзін мықты да белсенді, кез келген биіктікке шыға алатын адам ретінде көрсетеді.
Сонымен, біз адамның ішкі әлемі немесе субъективтік ақиқаттың сыртқы әлеммен тығыз байланысты екендігін және, өзінің белсенділігі арқылы өзінің «көруін» және өзінің «ынтықтығын» енгізе отырып, спецификалы дербестелген түрдегі көрінісі болып табылатындығын көрсетуге тырысып бақтық. Ішкі әлемнің кеңістіктік-уақыттық құрылымы бар және сезім-бейнелік және ойша түрде тіршілік етеді, монологпен және тұлға өзімен өзі, нақтылы немесе елестетілетін адамдармен жүргізетін, өзінің болашағын жоспарлайтын, өзін және өзгелерді мақтайтын немесе ұрсатын, қиылдайтын және тағы басқа көптеген нәрселерді жасайтын диалогпен жандана түседі.
Енді: осы ішкі әлем, осы субъективтік нақтылық қалайша дамиды? Деген мәселені қарастырғанымыз мақсатқа лайықты болмақ.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1079 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!