Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Субъективтік нақтылықты интегралды мерзімдеу



(В.И.Слободчиков бойынша)

Ступени субъективности

Туу дағдарыстары. Қабылдау сатылары. Даму дағдылары. Игеру сатылары.

Жандану:

Туылу дағдарысы: 0 - 2 ай. ± 3 апта.

Жаңадан туылу: 0,4 - 3,5 ай.

Жаңадан туылу дағдарысы: 3,5 - 7 ай.

Сәбилік: 6 - 12 ай.

Рухтану

Сәбилік дағдырысы: 11 – 18 ай.

Ерте балалық: 1,5 - З жас

Ерте балалық дағдарысы: 2,5 - 3,5 жас

Мектепке дейінгі балалық: З жас - 6, 5 жас

Дербестену

Балалық дағдарысы: 5,5 -7,5 жас

Бозбалалық: 6,2 - И, 5 жас

Бозбалалық дағдарысы: И - 14 жас

Жастық шақ: 13 - 18 жас

Жекешелену

Жасөспірімдік дағдарысы: 17 - 21 жас

Жастық: 19 - 28 жас

Жастық дағдарысы: 27 - 33 жас

Ересектік: 32 - 42 жас

Әмбебаптану

Ересектік дағдарысы: 39 - 45 жас

Кемелдік: 44 - 60 жас

Кемелдік дағдарысы: 55 - 65 жас

Қарттық: 62 -...

Осы сатылардың мазмұнын қысқаша талдап шығайық.

Бірінші сатыда – жандану сатысында – бала туысқан ересек адаммен (биологиялық анасымен немесе ана функциясын орындап жатқан адаммен) бірге, алдында мәдени қарулармен, заттармен, белгілермен жанаспаған қарым-қатынас құра бастайды. Субъект дамуының осы сатысының мәдени оқиғасы болып баланың, өзін отбасының ортақ өмірінің кеңістіктік-уақыттық ұйымдастырылуына «енгізе отырып», өзінің денелік, психосоматикалық дербестігін игеретіндігі табылады. Осы сатының түпкілікті иемденуі – адам денесінің шынайы синтезі, оның сенсорларда, қозғалыс, қарым-қатынас, әрекет өлшемдерінде «жандануы».

Екінші сатыда – рухтану сатысында – бала жақын ересек адаммен бірге нақтылы серікпен бірлескен имитациялық-заттық әрекеттің тұрғысында және елестетілетін серікпен бейнелі ойын әрекеттері тұрғысында қарым-қатынастың заттық-жалпыланған түрлерін меңгереді. Дамудың жаңа сатысының басында екі маңызды оқиға – тік жүру және сөйлеу – субъективтіліктің сыртқы және ішкі кеңістігіндегі бастапқы өзін-өзі анықтау тәсілдері тұр. Бұл мәдени дағдылар мен қабілеттерді игеру сатысы, мұнда бала өзінің өзіндік тұлғасын алғаш рет ашады («Мен өзім»), өзін өз ниеттері мен ептіліктерінің субъекті ретінде түсінеді.

Үшінші сатыда – дербестену сатысында - өсіп келе жатқан адамның серігі әлеуметтік рольдер жүйесінде жүзеге асырылған қоғамдық ересек адам: мұғалім, тәлімгер, шебер және т.с. бола бастайды; онымен бірге жасөспірім әлеуметтік-мәдени болмыстың барлық салаларында: ғылымда, өнерде, дінде, моральда, құқықта іс-әрекет жасау қағидатерін, ережелерін, түсініктерін игереді. Дәл осы сатыда адам алғаш рет өзін өз өмірбаянының потенциалды авторы ретінде сезінеді, өзінің болашағы үшін дербес жауапкершілікті қабылдайды. Осы сатыдағы тұлғалық дамудың кульминациялық сәті болып өзін тану және дамыту ға қабілеттілікті көрсету табылады, алайда оны жүзеге асыру адамның, ересектікке айқын білінер ұмтылысына қарамастан, әлі де болса ішкі еркіндікке қол жеткізе қоймағандығымен, басқа адамдардан тәуелділіктен босана алмауымен шектеледі.

Төртінші сатыда – жекешелену сатысында – жас адамның порты ол мұнымен қоғамдық идеалдар мен құндылықтар жүйесімен жанамаланған іс-әрекет қатынастарына енетін адамзат (белгілі бір шектерде) бола бастайды. Әрі қоғамдық «құндылықтар инвентарін» адамның тұлғалық позициясы өлшеуі бойынша жекешелендіру қоғамдық қатынастар субъектісінің дамуының аталған сатысының мәнін құрайды. Қоршаған адамдардың бағалауларынан бөлектене отырып, адам көбіне көп оның еркімен емес және оның келісімінсіз қалыптасқан, өзінің тұлғасы үшін жауапты бола бастайды.

Соңғы, бесінші саты - әмбебаптану сатысы - өз дербестігінің шетінен шығуды және бір мезгілде «өзінің басқасына» секілді ортақ, адамнан тысқары құндылықтар кеңістігіне енуді білдіреді. Әмбебап оқиғаны құрудағы бірлесе қатысушы болып, тұлға өзі дінге сенуші болып табыла ма, жоқ па екендігіне байланыссыз, өзінің рухани мәнінің әмбебаптығын танып-білген кездегі Құдай-адамзат табылады.

Субъективтік нақтылықтың дамуын кезеңдеу жалпы белгілері бойынша осындай. В.И.Слободчиковтың қорытындысынан өзін тану және дамыту процесі – адам болмысының мәндік түрі ретінде - өмірмен бірге басталатындығы және оның ішінде өрбитіндігі келіп шығады. Бірақ адамның ұзақ жылдар бойы оның субъектісі, осы процесті бастайтын және бағыттап отыратын нәрсе болмауы да мүмкін. Осы рөльді өте ұзақ уақытқа және тым жиі индивид емес, ол өмір сүретін, осымен өзара әрекеттесетін қауымдастық өзіне алады.

Автордың қорытындысы біздің ішкі әлем құрылымына және оның даму сатыларына осыншама көңіл бөлгендігімізді көп жағынан түсіндіріп отыр. Істің мәнісі мынада: өзін тану және дамыту әрқашан да ішкі, тіптен интимді, жеке адамға қатысы бар үрдіс болса да, дәл сол кезде бұл маңызы бар өзгелермен бірлесе жүзеге асырылатын объективті үрдіс.

Объективті үрдіс ретіндегі өзін тану және дамыту бүкіл өмір бойына жүзеге асырылады. Екінші сұрақ: адам өзін тану және дамыту бастамасын әрқашан өз қолына ала ма, оның толыққанды субъекті бола бастай ма? Келтірілген кезеңдеуге сәйкес, қолайлы жағдайлар кезінде бұл балаң жігіт өз тұлғасын өз өзі анықтау, өзгерту және жетілдіру міндеттерін қоюға қызығушылық көрсеткенде, дербестендірілу сатысында жүреді. Алдындағы екі сатыда – жандану және рухтану сатыларында – бала бастама көтере отырып және белгілі бір жетістіктерге қол жеткізе отырып, көбінесе өз тұлғасын ұғынбай жатып құрған кезде, даярлық жұмыстары жүріп жатады. Жалпы қабылданған үлгілерге (тек оңды ғана емес) еліктей отырып, ол дербестікке ие болады, өзіне жауапкершілік жүктеуге үйренеді, өзін-өзі анықтау актілерінде өзінің тұлғасын көрсетеді және оны танып біледі.

Өзін тану және дамыту дың бірлігі, «кірпіші» не болып табылады? Мұндай бірлік болып тұлғаның өзін-өзі құру актісі табылады. Өзін-өзі құру – бұл адам өміріне тең, нақтылы жағдайда өзін-өзі құру актілері арқылы жүзеге асырылатын үрдіс. Бұл үрдіс айтарлықтай күрделі, ең жалпы тұрғыда оның мәнісі келесіден тұрады. Адам өзін-өзі болжау механизмдерінің есебінен нақтылы Меннің үлгісін құруға, яғни өзін нақтылы жағдаймен шектелген жақын болашаққа проекциялауға қабілетті. Осы Мен Үлгісі нақтылы Менге іске асады. Біз мұның қалай жүретіндігінің механизмдерін суреттемейміз (мұнда өте көптеген: «мен қандай болдым», «неге қол жеткіздім», «қалай уайымдадым», «мен қазір қандаймын», «өзімді қандай көргім келді» және тағы басқа факторлар іске қосылады, бұл ретте барлық осы жұмыс әрқашан да саналы деңгейде өрби бермейді). Қорытындысында адамның өзін-өзі құру стратегиясын таңдап алатынын: өзін бұрынғы сапасында жаңғыртатынын әлде өзін жаңа қасиетте жаңғыртатынын атай кетейік. Осының екеуі де, жинақтала, трансформациялана келе, тұлғаны енді жаңа деңгейде жаңғыртады. Сондықтан, шындығында да, тұлға өзін тану және дамыту барысында әрқашан қозғалыста болады. Оның өзін тану және дамыту ы қандай сипатқа: жағымды немесе негативті, прогрессивті немесе регрессивті сипатқа ие екендігі, жағымды және негативті өзгерістердің қаншалықты маңызды және тұрақты екендігі істің басқа жағы.

В.И.Слободчиковтың кезеңдестіруін пайдалана отырып, әр сатыда тұлғаның өзін тану және дамыту ының бағыттарын да бөліп көрсетуге болады. мысалы, жандану сатысындағы ересек адамның бастамасы, осыларды ересек адамдар пайдаланатын заттарды немесе заттардың орнын басқыштарды – балалар пайдаланатын ойыншықтарды енгізу есебінен эмоциялық-тұлғалық бірліктің үзілуіне қол жеткізуден тұрады. Бала болса, өз кезегінде, бірлікті қалпына келтіруде бастамашылдық көрсетеді және, демек, осы бағытта өзінің дамып келе жатқан тұлғасын құрады. Бірақ бұрынғы қатынастардыц құрып шығу енді мүмкін емес болып шығады, осының нәтижесінде бала заттардың енгізілуін қажет етеді. Қорытындысы – «бала-ересек» бірлігінің бұзылуы, жаңа бірліктің – «бала – бірлескен әрекеттер заты – ересек» бірлігінің пайда болуы. Рухтану сатысында ересектер, өзінің тұлғасын ересектердің жүріс-тұрысының айтарлықтай мазмұнын имитациялауда құратын («Мен - өзім», «Мен – үлкенмін», «Мен – папам секілдімін») балада дербестік бейнесін құруда бастамашылдық көрсетеді. Осы қарама-қайшылықты шешу ересектердің жүріс-тұрысын бірлескен ойындық имитациялау жолымен жүреді. Бала өзінің тұлғасын ойындық, бейнелік, элементарлы еңбек іс-әрекетінде құрады (өзін-өзі дамытады). Нәтижесінде елестетілетін, ересек адамға ұқсастыру бұзылады. Дербесетену кезеңінде қоғамдық ересектің бастамасы әлеуметтік күтулерді, құндылықтарды ұсынудан тұрады.

Жасөспірімнің бастамасы болса өзін-өзі анықтау міндеттерін қоюдан тұрады, олар әлеуметтік және тұлғалық міндеттерді шешудің бірлесе іздестірілуін қажет етеді. Нәтижесінде тәуелділік қатынастары бұзылады, теңдіктің мүмкін болатын қатынастары құрылады. Осылайша, әрбір жас кезеңінде өзін тану және дамыту тұлғаның өзін-өзі құру актілері арқылы, өзінің өзін тану және дамыту ының, өз өмірі мен тағдырының толыққанды және тәуелсіз субъектісі болып шығу міндетіне дейін, осыны қалыптасып отырған жағдайлар жасауға мүмкіндік бергенінше, жас міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Айтылғанның бәрі адамның өмірлік жолы контекстінде өзін тану және дамыту мәселесін талдауға мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1010 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.086 с)...