Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ішкі әлем спецификалы түрде сыртқы әлемді көрсету ретінде



Кейбір діни және философиялық тұжырымдамаларға сәйкес, ішкі әлем адамға әу-бастан берілген, ал өмір сүру барысында адам оны тек қана ашады және танып-біледі. Өзінің астында көбірек материалистік негізі бар басқа түсініктерге сәйкес, ішкі әлем адамның қоршаған болмысты көрсету және игеру бойынша белсенділікке ие тұлға ретінде дамуына қарай пайда болады және дамиды. Сыртқы әлемді ерекше көрсетуге дайын және осында сана пайда болып, дамыған адамның миының арқасында ғана адам адам бола алады. Психологияда шимпанзенің төлін сәбиді тәрбиелегендей тәрбиелеген эксперименттер белгілі, бірақ, оның миы әу-бастан тілді, абстрактылы ойлауды, жалпы алғанда сананы игеруге бейімделмегендігіне орай, шимпанзе адам болмай-ақ қалды. Осылайша, адам миының болуы – бұл тиісінше даму үшін аса маңызды алғышарт. Бірақ туған бала, адам миына ие бола отырып, туғанынан бастап көрмейтін, естімейтін, сезінбейтін, түйсінбейтін жағдайды бір минутқа көз алдымызға елестетіп көрейікші. Ол, мүмкін, біршама уақыт организм ретінде өмір сүретін де шығар, бірақ ол ешқашан адам, тұлға, оның үстіне ішкі әлемге ие тұлға бола алмайды. Адам барлық жұмыс істеп тұрған сезім органдарымен туып, адамдар арасында тәрбиеленбеген екінші жағдайда (ал мұндай жағдайлар белгілі) да ол өзінің бірегей ішкі әлемі бар тұлға болмайды. Осыдан барып адамның ішкі әлемінің әу-бастан берілмегендігі, оның сыртқы әлемді бейнелеп көрсетудің нәтижесінде пайда болатындығы түсінікті бола бастайды. Осындай бейнелеп көрсетудің нәтижесінде Әлем Бейнесі (белгілі отандық психолог А.Н. Леонтьев жазғанындай) пайда болады. Бірақ мұндай бейне сыртқы әлемнің қарапайым көшірме бейнесі болып табылмайды, әрбір адам бейнелеп көрсетілген нақтылықты өзінше құрастыратындықтан, бейнелердің өзіндік бірегей жүйесін құратындықтан, онда өзінің бірегей уайымдаулары, болмысты және өз өзін-өзіндік көру туындайтындықтан, ол әу-бастан дербес және субъективті болып келеді. Осының бәрі сыртқы әлемді бейнелеп көрсету бойынша өз белсенділігінің, оған бейімделуінің және оны түрлендіруінің, тұлға ретінде өзінің тіршілік етуін бекітудің арқасында жүзеге асырылады.

Осылайша, сыртқы әлем мен ішкі әлем өзара байланысты, түйісу нүктелеріне ие, бір біріне тәуелді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 833 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.123 с)...