Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зін тану және дамыту дың мәнісі және оның негізгі сипаттамалары



Өзін тану және дамыту дегеннің не екенін танықтауға әрекет жасап көрейік. Отандық психологияда оған алғашқылардың бірі болып В.И. Слободчиков пен Е.И. Исаев анықтама беріп, оның ерекше белгілерін негіздеді; «өзін тану және дамыту» түсінігі – бұл адамның өз өмірінің шынайы субъекті болып шығуға және болып қалуға, өзінің тіршілік әрекетін практикалық түрлендіру аясына айналдыруға деген іргелі қабілеттілігі.

Өзін тану және дамыту дың сипаттамалары мен белгілері қандай екен? Ең алдымен өзін тану және дамыту ды талдау үшін ең ортақ болып адамның мақсат қоюының, іс-әрекеттерінің және жүріс-тұрыстарының үздіксіз процесі ретіндегі тіршілік әрекеті түсінігі табылатындығын атай кету қажет. Тіршілік әрекетінің шеңберінде өзін тану және дамыту процесі де жүзеге асырылады. Сондықтан адам ерте, үш жас шегіндегі жастан бастап-ақ, қоршаған әлемнен өзінің Менін бөліп алған (Мен жүйесінің құрылуы) сәттен бастап-ақ, мақсаттар қоя бастағандықтан, өзгелердің талаптарын ескере отырып, өз ниеттеріне және талаптануларына бағына бастағандықтан, өзінің тіршілік әрекетінің субъектісі бола бастайды. Алайда зерттеушілер, оның ішінде Г.А. Цукерман атап көрсеткеніндей, бала сана-сезімде түпкілікті өзгерістер жүрген, ересектік сезімі пайда болған, балалар нормаларынан ересек адам нормаларына қайта бағыт-бағдар алу процесі жүрген кезде, тек жасөспірім жаста өзін тану және дамыту субъекті бола бастайды. Бірақ адам бірқалай шамада саналы түрде өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру бойынша мақсаттар қоя бастағанда, өзінің неге қозғалып бара жатқанының, неге қол жеткізгісі келетіндігінің, өзінде нені өзгертуге ниет еткендігінің немесе, керісінше, ниет етпегендігінің келешегін анықтай бастағанда ғана өзін тану және дамыту субъектісі болып шығады.

Өзін тану және дамыту дың өзге сипаттамасы болып тұлғаның белсенділігі табылады, ол әлде әлеуметтік белсенділік, әлде әлеуметтік реактивтілік болуы мүмкін. Әлеуметтік белсенділікті талдаудың бірлігі болып бастама мен атқарғыштықтың оптималды үйлесімі табылады.

Әлеуметтік реактивтілік әлде әлеуметтік импульсивтілік түрінде, әлде енжарлық түрінде көрініс табады, бірақ екі жағдайда да ол адамды тіршілік әрекетінің субъекті ретінде сипаттамайды. Әлеуметтік белсенділік өзінің дамуында бірқатар деңгейден өтеді. Мектепке дейінгі балаға және төменгі сыныптағы мектеп оқушысына негізінен, мұнда бала тіптен өзінің бастамаларында да ересектермен өзара әрекеттесудің нәтижесінде игергенін тек қайталап, имитациялап қана қоятын нормативтік деңгей тән. Нормативтік-тұлғалық деңгей негізінен алғанда жасөспірімдер мен бозбалаларға тән. Мұнда нормативтік белгіленгеннің шегіне шығу жүреді, адамның не жасағандығына, танығандығына өзінің қатынасы көрініс табады.

Тұлғалық-өнімді және өнімді-шығармашылық деңгейлер, адам, мысалға, бір жаңа, бірегей нәрсені жасай немесе ескісін жетілдіре отырып, өзінің іс-әрекеті арқылы қоғамға айтарлықтай үстеме беретін ересек адамдарға тән.

Нормативтік деңгей – бұл деңгейі (авторлық орындауда болса да, белгілі болып қойғанды) қайта жаңғырту деңгейі, ал нормативтік-тұлғалық деңгей болса тұлғаға дербес тұлға ретінде толық шамада көрініс табуға, өзі туралы мәлімдеуге мүмкіндік береді. Дәл сондықтан жасөспірім жаста бала тек өзінің тіршілік әрекетінің ғана емес, өзін тану және дамыту дың да субъектісі бола алады. Өзін тану және дамыту мәселесіне қатысты жеке бас бастамасына қабілеттілік өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруға таралады.

Алайда, егер жасөспірім жаста өзін-өзі тәрбиелеу сонда да өз бойында жекелеген қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру сипатына ие болса, жасөспірім жастың өзінде жалпы алғанда тұлға қайта қарастырылуға ұшырайды. Әлеуметтік белсенділіктің ажырамастай атрибуттары болып тұлғаның өзін тану және дамыту субъектісі ретіндегі позициясын нығайта түсетін саналылық және дербестік табылады.

Әлеуметтік белсенділікті көрсетуге қабілеттілік біртіндеп тұлғалық таңдаулар жасау қабілеттілігін де анықтайды, яғни субъективтік еркіндікке деген тенденцияны дамытады. Бұл еркіндік адамның бірқатар альтернативалар арасынан өз бетінше таңдауларды жүзеге асыра алатындығынан, осы альтернативаларды құрастыра алатындығынан тұрады. Өз бетінше таңдау жасау, оның ішінде тұлғалық өсу таңдауларын жасау мүмкіндігі – индивидтің өзінің тіршілік әрекеті мен өмірбаянының авторы ретіндегі субъективтілігінің белгісі. Адам таңдауды өзі жүзеге асырған кезде, ол өзіне жауапкершілік алуға және тек басқалардың алдында (мұндай жауапкершілік формальды сипатқа ие) ғана емес, өзінің алдында, өз ар-ұятының алдында да жауап беруге үйренеді.

Ақырында, өзін тану және дамыту дың маңызды сипаттамасы болып сана-сезімнің даму деңгейі, өзін-өзі тануға қабілеттіліктің деңгейі табылады. Бірінші бөлімнің өн бойында біз оқырмандарды осы ойға әкеле жаттық та. Оның механизмдерімен (сәйкестендіру және рефлексия) бірге, өзін-өзі тануға деген дамыған қабілеттілік тұлғаның өзін-өзі құру, өзін тану және дамыту дың келешегін, тәсілдері мен амал-тәсілдерін анықтау процесіне етене қосылады.

Ені адамның ішкі әлемінің қалыптасуы мен өзін тану және дамыту дың өзара байланысы, онтогенез (дербес даму) процесіндегі оның субъективтік нақтылығы мәселесіне көңіл бөлейік, бет бұрайық.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 794 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.035 с)...