Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түптік бұрандалы қозғалтқыштар және электробұрғылар



Түптік бұрандалы қозғалтқыштың жұмысшы органы статор және ротордан тұратын бұрандалы жұп. Статор ішкеі беті резинамен қоршалған роторға қарай теріс бағытталған 10 бұрандалы тістері бар металл құбыр. Ротордың теріс бағытталған және статор өсіне эксцентрлі орналасқан тоғыз бұрандалы тістері бар. Дұрыс алынған бұрандалы жұп киниматикалық және оның тістерін тиісті пішіндеу жуу сұйығы өткенде ротордың статор тістері арқылы еркін сырғанауын қамтамасыз етеді. Бұл кезде ротор мен статор бүкіл ұзындығына еркін түйіседі. Осының салдарынан жоғарғы және төменгі қысым қуыстары пайда болады да, қозғалтқыштың жұмыс үрдісі іске асырылады.

Айналдыру моменті ротордан екі таспалы торап арқылы көп қатарлы өстік шар тірекпен және ралиальді резина металл тіректермен жинақталған шпиндел білігіне беріледі. Шпиндел білігіне қашау жалғанады.

Қозғалтқыш сипаттамасы. Қозғалтқыш максималды ПӘК-мен жұмыс істегендегі режім оптималды, ал максималды қуатпен – экстрималды деп аталады. Қозғалтқыштың жұмыс режимі экстрималды режімге жеткеннен кейін қашауға түсірілетін өстік салмақты өсіру, қозғалтқыш білігін тежеп, сипаттамаларын нашарлатады.

Түптік бұрандалы қозғалтқыштармен бұрғылау режімінің ерекшелігі олардың сипаттамаларында. Айналдыру моменті жоғары, айналу жиілігі төмен. Ең басты артықшылығы ұңғы ішіндегі қысым бойынша қашау жұмысын қадағалау мүмкіндігі. Қашау тіректері тозған сайын қысым көтеріледі.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2011 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...