Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Турбобұрғылар



Турбобұрғы көп сатылы гидравликалық турбина. Оның білігіне тікелей немесе редуктор арқылы қашау жалғанады.әр саты статор және ротор дискаларынан тұрады.

Қазіргі кездегі турбобұрғылар 50-350 сатыдан тұрады. Сыртқы диаметрі 104,5-240 мм болады. Секциялы турбобұрғылардың ұзындығы (110 сатыдан жоғары) 26 м, ал бірсекциялыда 8 м жетеді. Турбобұрғылардың қуаты 14...220 кВт құрайды. Қысымның төмендеуі 2,7...10 МПа. Барлық турбобұрғылар принципиальді бірдей құрылғыдан тұрады, тек тіректерінің орналысуымен ерекшелінеді.

Тіректерінің орналасуына байланысты турбобұрғылардың үш сұлбасы болады:

І – сұлба бірсекциялы турбобұрғыларда кеңінен тараған, онда І резинометаллды өкшелік орнатылған. Бұл сұлбаның артықшылығы, өкшелік жуу сұйығы бағанасынан максимальді гидравликалық жүктемені қабылдайды. Кемшілігі – 6 және одан көп метр кезінде майысу қауіпі мен өкшелік пен ниппелдің арақашықтығы үлкен.

П – сұлбада ротор білігінің деформациялы майысуы болмайды, бірақ өкшеліктегі гидравликалық жүктеме турбинадағы қысымның төмендеуінен аз. Үйкелу моменті тіректік өкшелікте ұлғаяды.

Ш – сұлбада төменгі бөлігінде тербелу мойын тіректерінде тірек орнатылады. Бұл сұлбада тіректі турбобұрғыны бұзбай-ақ ауыстыруға болады.

8 сурет. Бір секциялы турбобұрғы.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2087 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...