Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Шнекті бұрғылау бұл винтті тасымалдау көмегімен талқандалған өнімдерді алу үшін механикалық әдісті қолданатын айналмалы тәсілдің бір түрі шнекті бұрғылау технологиясы және техникасының дамуына профессоор Д.Н.Башкойов үлкен үлес қосты.
Шнекті бұрғылау бұрғыланғыштың категориялар 1-5 тау жыныстарында және ұңғылардың тереңдігі 70-80 метрге дейін бұрғылауға арналған. Тау жыныстарын ұңғы түбінде қайтадан үйкеу және бұзу болмауы және ұңғыны тазалау және бұзу үрдісі уақыт бойынша үйлесуі есебінен жоғары механикалық жылдамдықты қамтамассыз етеді. Қашау ұңғы түбіндегі тау жыныстарымен салқындатылады, ал үйкеліс кезінде пайда болған жылу ұңғыны тез тереңдеткен кезде талқандалу өнімдерімен сыртқа шығарылады. Шнекті бұрғылауды пайдалану аймағы гидрогеологиялық, инженерлік, геологиялық, іздеме және сейсмикалық ұңғыларды бұрғылау.
Шнекті бұрғылаудың артықшылықтары – бұл ұңғыны жуудың болмауы есебінен жұмыстарды ұйымдастырудың қарапайымдылығы, жоғары өнімділігі, кемшіліктері – шнекті тізбекті айналдыруға қажетті қуаттың өсуіне байланысты бұрғылау тереңдігінің аздығы.
Тұтас түпті бұрғылауда технологиялық аспап қалақшалы қашаудан күшейтілген шінектен және шінек тізбектерінен тұрады.
Қашаудың құрылымы роторлық бұрғылауда қолданылатын қалақшалық қашаулардан өзгеше емес және екі үш қалақшалары бар корпустан тұрады. Қалақшалардың жұмысшы қырларын балқытады немесе қатты қорытпалық пластинамен армерлейді. Қалақшаларды корпусқа пісіреді немесе оларды винттермен қосады. Бұл мүжілген жағдайда оларды ауыстыруға мүмкіндік береді. Кескіш қалақшалар айнек сперальдарына неғұрлым жақын тұруы керек, ал қалақшалардың сперальдарға өтетін жері оңай болу керек. Бұл конструктивтік талаптар талқандалу өнімдерін тиімді алуға қамтамасыз етеді.
Шнек қалыңдығы 5-6 мм винтті сызықпен қаптал беттеріне пісірілген болат таспалары бар құбыр немесе стержен болып табылады. Шнектердің қосылыстардың екі түрі қолданылады: бұрандалы және бұрандасыз. Сонғысы ең көп тараған 6 қырлы, ұш және муфта айналу моментін береді, ал фикцатормен ұсталып тұрған саусақ өстік күшті қабылдайды.
Шнектердің бұрандалы қосылысты көтеріп түсіру операцияларын механизациялауға және шнекті колонкалы бұрғылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ бұл шнекті тізбектің солға қарай айналуын болдырмайды. Шнектердің диаметрлері 90-475 мм дейін, ұзындығы 1500-300 мм дейін
6 сурет. Бұрандасыз қосылысты шнек
Әдетте шнектің сыртқы диаметрі қашау диаметрінің 0,75-0,85 мм құрайды,бұл ұңғыда шнекті тізбектің еркін айналуына мүмкіндік береді. Винттік желіктің қадамы шнектің сыртқы диаметрінің 0,7-0,9 мм құрайды. Спиральдық көтерілу бұрышы 10-14 құрайды.
Әдебиет: НЕГ 1 [373-378], ҚОС 3 [367-380]
Бақылау сұрақтары:
1. Сальник дегеніміз не?
2. Вертлюг-сальник дегеніміз не?
3. Превентор-сальник дегеніміз не?
4. Сырға не үшін қолданылады?
5. Штроп не үшін қолданылады?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2372 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!