Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Пайдалану және терең бұрғылауға арналған вертлюгтер бізде де, шет елдерде де бірдей құрылымнан тұрады. Азғана айырмашылығы шығарушы зауыттардың технологиялық мүмкіндіктерінде ғана. Вертлюгтер жүккөтергіштігі бойынша ерекшеленеді.
Вертлюгтің корпусы көмірқышқылды немесе армирленген құймадан жасалынады және штроптарды орнатуға арналған қалтасы болады. штроп армирленген хромникельді немесе хроммарганецті, кремнилі 38ХГН, 30ХГСА болаттардан жасалынады және корпусқа саусақшалармен бекітіледі.
Вертлюгтің жартылай корпусының ішінде шегендеу немесе бұрғылау тізбектерінің өстік жүктемесін қабылдаушы тіректік мойынтрекке арналған сөре және радиальді мойын тірекке арналған ойма болады. Оқпан ішкі ортасында жуу сұйығы жүретін целиндр тесігі бар, сыртында тіректі мойын тірекке арналған фланецтен тұрады. Вертлюг оқпаны аудармамен бірге жетекші құбырдың айналу жиілігімен айналатын болғандықтан, ол екі радиальді мойын тіректерге орнатылады. Вертлюгтің ең жүгі ауыр бөлшегі штроп пен оқпаны. Сондықтан оқпан армирленген 38ХГН немесе 40ХН болаттардан жасалынады.
Фланец арқылы оқпан ең жүктемелі болып табылатын бөлшегінің бірі вертлюг мойын тірегіне жүктеме береді. Оқпанның өстік араласуын болдырмау үшін, ол бұрғылау тізбегімен жүктелмей тұрғанда көмекші тіректік мойын тірек қызмет көрсетеді. Тіректік мойын тіректер арасындағы өстік саңылау қақпақпен реттелінеді, олар вертлюг корпусынан майдың ағуын болдырмаушы манжетті ұстап тұрады. Вертлюгтің жоғарғы және төменгі қақпақтары стакан өтуге арналған тесіктен тұрады.
2 кесте. Оқулықтарда мүмкін жүктеме ұршықтардың төрт түрі беріледі.
Көрсеткіштер | Өлшем түрлері | |||
УВ-250 | УВ-320 | УВ-450 | ШВ-15-250 | |
Мүмкін статистикалық салмақ, кН | ||||
100 айн/мин кезіндегі динамикалық салмақ | ||||
Шығатын саңылаудың диаметрі, мм | ||||
Айдалатын сұйықтың максимальді қысымы, МПа | ||||
Оқпанның айналу жиілігі, айн/мин |
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1498 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!