Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гидросоққыштар



Гидросоққымен бұрғылау. Айналсоқ бұрғылау әдісінде пайдаланады. Гидросоққыштар бұрғылау снарядының төменгі бөлігінде қашаудан кейін немесе жетекші құбырдан кейін орналасуы мүмкін.

Гидросоққыштардың жұмыс істеу принципі гидравликалық соққы әсерінен – сұйықтың қысымы тез өзгеруінен жұмыс істейді. Жуу сұйығы бұрғы құбыры арқылы аударма, арқылы жоғары камераға түседі. Клапан цилиндрде орналасқан поршеньнен, бойкамен бірге серіпеннің кедергісін жеңе отырып бұрғы қатарға соққы береді. Төмен қозғау кезінде соққыш поршеньнің инертті ауыр салмағы әсерінен клапон ашылып, сұйық поршеньнің ортаңғы тесігі арқылы өтіп забоға жетеді. Клапон жұмыс істемей қалғанда жоғары камерада қысым күрт төмендейді және поршень кері серіппе әсерінен жоғары көтеріледі де, клапон тесікті жабады. Аталған гидросоққыштар тіке жұмысты деп аталады. Яғни жұмыстың жүріс (соққыш қозғалысы, төмен) жуу сұйығы әсерінен, ол кері қозғалысы кері итеру серіппесі көмегімен жүзеге асады.

Гидросоққыштар 1 минутта қатты соққы жасайтынына байланысты жоғары сапалығы анықталады, ол минутына 3000 соққыға дейін, ол қалыпты соққыштарда 1000 соққы минутына болады.

Қазіргі кезде гидросоққыштардың келесі маркалары шығарылады: Г-7, Г-9 бұрғылау диаметрі 76 және 59 мм, техникалық түрде жұмыс істейтін ГВ-5, ГВ-6 жоғары сатысы соққыштар диаметрі 93, 76, және 59 мм олар сумен және балшық ертіндісімен де жұмыс істейді. Гидросоққышты бұрғылауға қатты қорытпалы коронкалар маркасы КГ(колонка гидроударная) диаметрі 59, 76, 93 және 112 мм. Аталған қатты қорытпалы коронкалар айналмасы бұрғылауға арналған колонкалардан айырмашылығы – қабырға қалыңдығы қалың болады.(қабырға қалыңдығы 12-15 мм) және ВК-15 қатты қорытпасы ірі кескіштермен армирланген болады. Осы құрылымдық ерекшеліктер және бүйірлік үшбұрышты жуу тесіктері ауыр салмақтар әсерінен болатын күштерге төтеп береді.

Сонымен қатар жоғары жилікті гидросоққыштарды жынысталқандаушы құрал ретінде сериялы шығарылатын алмас колонкалар қолданылады. Жоғары сатылы гидросоққыштарда соққыға жұмсалатын бірлік энергия мөлшері 5÷15 Дж, ал төмен жиілік соққыштарда ол 50÷70 Дж болады.

Басқа технологиялық құралдары (колонкалық құбырлар, аудармалар, бұрғы құбырлары) қалыпты айналмалы бұрғылаумен бірдей. Г-7 және Г-9 гидросоққышты VII-X категориясы жыныстарды 800-1000м тереңдікте бұрғылауды қолданылады. ГВ- 5, ГВ- 6 соққыш машиналарын қолданғанда V-VIII категориясы жыныстарды бұрғылау 1200 м дейін рационалды түрде жүргізеді. Ал алмас колонкалармен бұрғылауда 1200 м тереңдікті V-XI категориялы жыныстарды бұрғылауға болады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1314 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...