Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пневмосоққыштар



Айналсоқ бұрғылаудың басқа түрі – пневмосоққышты бұрғылау. Пневмосоққышпен бұрғылау котегориясы V-XI дейін қатты және өте қатты тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады. Бұрғылау тереңдігі компрессордың жұмыстың қысымына немесе ұңғыға жақын су көздерінің болуына байланысты.

Бұл әдіспен ұңғыны бұрғылау колонкалық немесе толық ұңғы түбіне бұрғылау жүргізуге болады. Бұл бұрғылау әдісінің артықшылықтары:

· бұрғылаудың жоғары механикалық жылдамдығы. Кейбір жағдайларда механикалық бұрғылау жылдамдығы барлық тәсілден 8-9 есе, алмаспен бұрғылаудан 2-3 есе жоғары болады.

· жуу сұйығының жұмылып кететін аймақтарын бұрғылау мүмкіндігі.

· сулы коллекторлардың ластанбауы.

· су жетізуге, басының ертіндісін жасауға кететін шығындардың болмауы.

· жуу жүйесінің және зумфтың қажет болмауы.

· бұрғылау бригадасының санитарлы-гигиенасының жұмыс жасауының жақсаруы әсіресе қыс кезінде.

Барлық қолданылатын гидросоққыштар және олар қолдану аймағына байланысты таукен және барлау болып бөлінеді. Таукен пневмоқосқыштары негізінен суға бұрғылауда, жарылғыштың және т.б.ұңғымалар бұрғылауда қолданылады. Ал барлау пневмосоққыштары колонкалық тәсілмен бұрғылауға арналған. Кең қолданылатын пневмосоққыштардың техникалық көрсеткіштері 5 кестеде келтірілген.

5 кесте. Пневмосоққыштардың техникалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер Пневмосоққыш маркасы
М 32 К МП-3 П-125 РП-130 РП-111 РП-94
Пневмосоққыш диаметрі            
Пневмосоққыш ұзындығы            
Бұрғылау диаметрі, мм       132,152    
Минутына соққылау саны       900-1100 1650-2000 1500-1800
Бір соққының энергиясы, кгм 14,0 8,5 15,0 25-30 14-16 9-10
Қосылған ауа шығыны, м3/мин 9,7 4,2 7,0 10-12 7,0 5,0
Қысылған ауаның номиналды қысымы, кгс/см2 5-6 5-6 5-6 6-7 6-7 6-7

Таукен және барлау пневмосоққышының жұмыс істеу принципі мен конструкциясының жұмыс істеу принципі мен конструкциясын қарастырайық.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1613 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...