Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Қазіргі заманғы бұрғылау қондырғының айналдырғыштарын батырмалы және жылжымалы болып бөлінеді. Бұрғылау аспабының арасындағы түріне және айналдырғыштың күшті беріліс элементтеріне байланыс төмендегіге бөлуге болады:
· шпиндельді, оларда беріліс элементтері (бекіткіш патрон) уақыт өте жетекші құбырмен жалғанады;
· жылжымалы, оларда айналдыр шпинделін колоннаның соңғы құбырының құлыпты бұрандасына қайтару:
· роторлы, олардың айналу моменті вертлюгте бос ілініп тұрған бағыттау құбырымен бітетін бұрғылау колоннасына беріледі, олар фигуралы болып келеді
Энергия берілісі жылжымалы айналдырғыштар гидроберілісті, электроберілісті және сирек қолданылатын пневмобұрғы болып бөлінеді. Дәрісте роторлар және жылжымалы айналдырғыштар толығымен келтірілген. Соңғы кездері барлау ұңғыларын бұрғылау кезінде турбобұрғылар мен виннті қозғалтқыштар қолданылады.
Ротордың атқаратын қызметі:
- бұрғылау үрдісінде бұрғылау тізбегін айналдыру;
- түпкі қозғалтқышпен бұрғылауда реактивті моментті қабылдау;
- көтеріп-түсіру операциясы кезінде бұрғылау тізбегін ұстап тұру;
- түпкі қозғалтқышпен бұрғылау үрдісінде және апатты жұмыстар кезінде бұрғылау тізбегін бұрау.
Ротор жетегі бұрғылау лебедкасынан немесе жеке қозғалтқышпен шынжырлы, карданды және тісті берілістермен іске асырылады. Роторлар пневматикалық ұстау сынасымен немесе онсыз да болады.
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1281 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!