Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Бұрғылау қондырғыларында роторды ұңғы сағасының үстіне орнатады. Ротор құрылымы жақтаудан және конустық шестерна мен дөңгелектің көмегімен жылдам жүрісті біліктен айналыс алатын столдан тұрады. Ротор жақтауы болат құймадан жасалады. Жақтауда стол мен жылдам жүрісті білікті орнатуға арналған горизонталь және вертикаль ойма болады. Бұрғылау қондырғысында ұңғы сағасының үстінде орнатылады.
7 сурет. Бұрғылау роторы УР-760.
Ротор столы жақтаудың вертикаль оймасын жауып тұратын фланецтан тұрады. Жоғарғы бөлігінде втулкаға арналған шаршы қаптама ұясы болады. Қысуға шаршы қаптама ұясы конусқа ауыса алады. Бұрғылау кезінде тереңдету қаптамаларына бұрғылау тізбегінің жетекші құбырын қысуға арналған шаршы немесе роликті қысқыштар, ал көтеріп-түсіру операциясы кезінде ұңғыда бұрғылау тізбегін ұстап тұрушы сына қойылады. Ротор тесігі құбырдан босамай тұрғанда қаптама мен қысқыштың қолайлы құрылымы роторға орналастырумен қамтамасыз етеді. Ротор столы оған орналасқан тісті дөңгелекке, ал ротор негізгі және көмекші радиальді-тіректі мойын тіректерге орнатылады. Мойын тіректердің өстік тартқышы төсемдер мен сақина арқылы көмекші мойын тірекке реттеледі. Конусты шестерналы жылдам жүрісті білік консольді орналасқан шестерналы стаканға монтаждалынады.
Ротордың кейбір құрылымдарында жылдам жүрісті білікте бекіткішке арналған саңылаулы дөңгелек болады. Әдетте мойын тіректер мен байланыстарды майлау бүрку арқыла іске асырылады, бірақ кейбір жеке құрылымдарында жылдам жүрісті біліктен іске қосылатын плунжерлі сорап орнатылады.
Роликті қысқыш корпустан және қайырылған жақшадан тұрады. Корпус пен қайырылған жақша қақпақпен жабылады және болттармен қатырылады. Қайырылған жақша корпуспен шарнирлер арқылы жалғанады. Ротор столы тесігінің диаметрі оның маркировкасында көрсетіледі.
3 кесте. Роторлардың техникалық сиапттамасы.
Ротор түрі | Р-460 | Р-560-Ш8 | УР-560 | УР-760 | УР-950 | УР1200 |
Стол тесігінің диаметрі, мм | ||||||
Ротор столының статикалық салмағы, кН | ||||||
Максимальді айналу жиілігі, айн/мин | ||||||
Қуаттылығы, кВт |
Көтеріп-түсіру операциясы кезінде жетекші құбырдың қысқышы ротордан шығады, ал құбырлар тізбегін ұстап тұру үшін элеватор немесе пневматикалық жетекті сыналы қысқыш қолданылады. Көпнесе пневматикалық сына қысқыш (ПКР) қолданылады.
ПКР – втулкадан, сына астында конусты сақинасы бар екі қаптамадан, плашкалы сыныдантұрады.
Втулкалар мен қаптамаларстолға қатысты қозғалмайды, ал плашкалы сынаның өстік бағытқа орналасу мүмкіндігі бар. Сынаны көтеру пневмоцилиндрдің көмегімен рычаг арқылы сақиналы втулкаға және сынамен байланысқан бағанамен іске асырылады.
Роторлардың жеке немесе топтасқан жетектері болады. Топтасқан жетекте ротор шығырдан айналыс алады. Жеке жетек тереңдігі 6000 м және одан жоғары ұңғыларды бұрғылау кезінде қолданылады.
Әдебиет: НЕГ 1 [263-296], ҚОС 9 [3-31]
Бақылау сұрақтары:
1. Шпиндельді айналдырғыш дегеніміз не?
2. Жылжымалы айналдырғыш дегеніміз не?
3. Роторлы айналдырғыш дегеніміз не?
4. Бекіткіш патрон дегеніміз не?
5. Ротор ішпегі дегеніміз не?
6. Айналдырғыштағы шеткі редуктор не үшін қажет?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3594 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!