Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Винттік түптік қозғалтқыштар 1916 жылдан бастап ұңғыларды бұрғылауда қолданыла бастады, содан кейін мұнай өнеркәсібінде қолданылды. Винттік түптік қозғалтқыштар үш секциядан тұрады – клапан, қозғалтқыш және шпиндель. Қозғалтқыш секциясы статорданғ ротордан және екі шарнирлі қосылыстардан тұрады. Статорда эластомерлерден жасалған солға қарай бағытталған 10 ішкі винтті тістері бар. Роторда солға қарай бағытталған кесілген 9 винтті тісті білігі бар. Ротордың осі көлемнің эксцентрлі тістің жарты биіктігіне тең статор осі бір қалыпты болып келеді. Ротордың белсенді ұзындығы Д2-172 М қозғалтқышы үшін 1400 мм болады. Қозғалтқыштың төменгі бөлігінде екі шарнирлі қосылыс бар, олар ротордан шпиндельге дейінгі айналу берілісін қамтамасыз етеді.
Қозғалтқыш шпинделінде резеңке металды компенсатормен көп қатарлы шарлы тірегі бар. Шпиндельді подшипниктерді көп қатарлы етіп қолдану кезінде осьтік салмақты 250-300 кН дейін қабылдауға болады. Көтерпі-түсіру операциясына кеткен уақытта ұңғы оқпаны мен құбыр арасындағы кеңістіктің ішінде жатқан бұрғылау құбырларының жағдайларын айту үшін клапан жұмыс атқарады, ротор қозғалтқышының айналу кезінде берілістегі саңылауды жауып қалады.
9 сурет. Винттік түптік қозғалтқыш.
4 кесте. Винттік түптік қозғалтқыштың салыстырмалы сипаттамасы.
№ р/р | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Д1-195 | Д2-172 М | Д 127 |
Айналу жиілігі | айн/мин | 100-130 | 115-220 | 200-250 | |
Айналу моменті | кНм | 5-6,1 | 2,9-4,15 | 1- 1,2 | |
Біліктегі қуат | кВт | 50-80 | 33-92 | 20-30 | |
Сұйық шығыны | л/с | 30-40 | 23-36 | 12-15 | |
Қысымның үдеуі | МПа | 5-6 | 4,5-6 | 3,5-4,5 | |
Диаметр | мм | ||||
Ұзындығы | мм | ||||
Салмағы | кг |
Жоғарыда келтірілген қозғалтқыштардан басқа Д85 және Д1-54 қозғалтқыштары шағырылды. Осы қозғалтқыштардың көрсеткіштері 85 және 54 мм диаметріне пропорционал болып келеді. Шетелдік винттік қозғалтқыштардың диаметрі 45-86 мм, қуаты 6,6-246 кВт, ұзындығы 2800-9600 м, қадам саны 4-6 және салмағы 60-3200 кг болады.
Әдебиет: НЕГ 3 [175-205], ҚОС 7 [200-225]
Бақылау сұрақтары:
1. Гидромашинаның қай түріне турбобұрғы жатады?
2. Гидромашинаның қай түріне винттік түптік қозғалтқыш жатады?
3. Түрбобұрғының негізгі кемшілігін атаңыз?
4. Винттік түптік қозғалтқыштың негізгі кемшілігін атаңыз?
5. Сұйық шығынынан турбобұрғы валының айналу жиілігінің графигі қалай сипатталады?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1763 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!