Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар. Қарапайым бақылау бізге қоршаған әлем туралы толық мәлімет бере алмайды



Қарапайым бақылау бізге қоршаған әлем туралы толық мәлімет бере алмайды. Бізді қоршаған әлемнен қандай да бір мән – мағына шығарып алуымыз үшін, бізге ең әуелі, былайша айтқанда, «оған қандай да бір мазмұн беруіміз қажет болады», ал бұл дегенің түсініктің көмегімен жүзеге асады. Басқаша баяндап көрелік: мысалы мысықты нақ сол мысық деп қабылдауымыз үшін, біз ең алдымен сол мысық туралы қандай да бір түсінікті білуіміз қажет. Сонымен бірге, түсінік бізге объектілердің алуан түрлі ұқсастықтары мен қасиеттерін қарастыра отырып оларды тануға қызмет етеді: мәселен мысықты біз, «мысық тектілер» түрінің өкілі ретінде танып білеміз. Сондықтан түснік дегеніміз ойдың маңызды бір «түйіні» болмақ: онда түрлі объектілер немесе белгілі бір сипаттамаларға жауап беретін болса бір объекті бейнеленуі мүмкін. Мұның бәрі де саясат әлеміне тікелей қатысты болып табылады: мұнда да біз түсінікті қалыптастыра және дамыта отырып құбылыстардың шексіз – шетсіз әлемінен бізге қажетті мән – мағына алуға мүмкіндік беретін білімге қол жеткіземіз. Түсініктер мен концепциялар, сол себепті де, адамзат білімінің өзіндік кірпіштері болып табылады.

Алайда, дегенмен, біздің түсініктеріміздің бізге кесірі тиіп кетуі де ғажап емес екендігін естен шығармағанымыз жөн. Бәріміз танып білуге талпыныс жасайтын бүгінгі саяси болмыстан бастайық, ол үнемі өзгерісте және ұдайы күрделеніп бара жатыр. Бұл арада айтайын дегеніміз «демократия», «адам құқығы» және «капитализм» сынды түсініктер бізге онсыз да айқын емес болмыс туралы шектен тыс құбылмалы айқындықты ұсынады. Бұл қиындықты кезінде еңсеруге М.Вебер «идеалдық типтер» секілді түсініктерді жіктеу арқылы әрекет еткен болатын, себебі бұл секілді түсініктерде қандай да бір құбылыстардың ең маңызды, фундаментальдық қасиеттері айқындалып, олардың барлық өзге сипаттары екінші орынға шегіріледі. Осыған байланысты айтарымыз, мысалы «революция» түсінігі идеалдық типке жатады, себебі онда мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын фундаментальдық саяси өзгерістерге басымдық берілген: оны қолдана отырып біз 1789 жылғы Француз революциясы мен 1989 – 1991 жылдардағы шығысевропалық революцияларды біріктіретін жалпы құбылыстарды түсінеміз. Бірақ та бұл жағдайда да бізге сақтық шараларын естен шығармағанымыз жөн, өйткені «революция» түсінігінде құбылыстар аралығындағы маңызды айырмашылықтар, мысалы, революциялардың идеологиялық және әлеуметтік мазмұндарына қатысты мәселелер назардан тыс қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да түсініктер мен идеалдық типтер туралы «шынайы», немесе «жалған» түсініктер деп емес, ең абзалы оларды белгілі бір деңгейдегі «пайдалы» түсініктер деп қарастырған жөн.

Ендігі бір мәселе саяси түсініктердің қашанда қызу идеологиялық таластарға арқау болатындығы. Саясат дегеніміздің өзі де белгілі бір дәрежеде кімнің саяси сөздер, түсініктерді дұрыс түснетіндігіне қатысты бәсекелестік болып табылмайды ма?

1.Саясат дегеніміз не? 21

Қарама - қарсы жақтар пікір таластырады, жауласады, тіпті кейде соғысады, сондай-ақ екі жақта өздерін «еркіндікті қорғаушы», «демократияны қолдаушы», «әділетті жақтаушы» - деп, жариялап жатады. Мәселенің мәнісі мынада: «еркіндік», «демократия», «әділет» түсінігін әркім өзінше түсінеді. Біз «шынайы еркіндік», «шынайы демократия», «шынайы әділет» дегеніміздің қандай болатындығын қалай анықтай аламыз? Әрине, бұл мүмкін емес. Жоғарыда біз сан мағыналы саясат түсінігіне анықтама беруге талпыныс жасадық, - әділін айту керек, саясаттың өзге де көптеген түсініктері осы секілді сан мағыналы және ішкі қайшылықққа толы болып келеді. Бұл секілді түсініктерді ең абзалы «пікір талас тудыратын түсініктер» -деп, жіктеген жөн: оларға қатысты пікір таластардың тереңдеп кететіні сонша, оларды қандай да бір бейтарап немесе жалпы қабылданған ұстанымдар аясында анықтау тіптен мүмкін емес. Нақты бір терминнің артында кейде бір – біріне қарама – қайшы бірнеше түсініктің тығылып жатуы мүмкін – және сол түсініктердің бірде – бірі сол терминнің шынайы мәнін аша алмайды! Осы орайда, саясат дегенімізде «мемлекетке қатыстының бәрі», ресми өмірді басқару, билік пен ресурстарды үлестіру деп түсінетіндігімізді еске алсақ жеткілікті.(



[1] Самуэль Лжонсон (1709 - 1784) – ағылшын ақыны, ықпалды сыншы, әдебиет тарихшысы және лексикограф. (ауд. ескертпесі)

[2] Ағылшын тілінде биліктің аталған екі типін сипаттауда екі түрлі сөз – authority және power сөздері қолданылады. Біздің тілімізде мұндай дифференциалану қолданылмайды: олардың екеуі де «билік» деп аударылады. Біз қарастырып отырған жағдайда әңгіме, ағылшын тіліндегі authority сөзі сипаттайтын билік туралы болып отыр. (ауд. ескер.)

[3] Түпнұсқада ағылшын тілінде қолданылатын екі түсініктің: “government” (мемлекет, үкімет) және “governance” (қоғамның әмбебап рәмізі ретінде басқарудың, жалпы басқарудың), айырмашылығы түсндіріледі. Кесіндінің басты мәнісі мынада – бүгінгі таңда қоғамды басқарудың дәстүрлі формасы “government” - әлдебір жаңа басқару қатынастарына орын беруде.

[4] Виргиндік мектеп - 1963 жылы Шарлоттсвил (Виржиния штаты) қалашығында өздерінің сараптау объектісі ретінде саяси шешімдер мен мемлекеттік шешімдерді алған экономистердің алғашқы конференциясы өткен. 1969 жылдан 1982 жылға дейін Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы Виржиния политехникалық институтында орналасқан. (Ауд. түс.)

[5] Бихевиорализм (ағылшынның behavior – деген сөзінен алынған) – саясаттанудағы саяси құбылыстарды нақты индивидтердің көңіл күйлері арқылы тануға тырысатын ұстаным. Психология және философия ғылымдарында «бихевиоризм» термині қолданылатындығына қарамай, бірқатар батыстық саясат-танушылар осы терминді қолдануды жөн санайды.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 738 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...