Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар. Жеке камераларға отырғызылған екі қылмыскер, бір – біріне қарсы куәлік беруді немесе бермеуді таңдауға



Назар аударайық.....

Тұтқындар дилеммасы

Жеке камераларға отырғызылған екі қылмыскер, бір – біріне қарсы куәлік беруді немесе бермеуді таңдауға мәжбүр етілген. Егер де олардың бірі өзінің күнәсін мойындап, сонымен бірге екіншісінің сотталуы үшін жеткілікті мәліметті беретін болса, ол ешқандай айыптаусыз босатылады, ал оның екінші әріптесі барлық қылмысқа кінәлі болып, есептің шарты бойынша бас бостандығынан он жылға айырылады. Егер істеген істерін екеуі де мойындайтын болса, олар алты жылдан бас бостандығынан айрылады. Егер де олардың екеуі де мойындамаса, онда оларды болмашы қылмыста айыпты деп танып, олардың әрбірі бір жылдан түрмеге жабылады. Варианттары 1,2 суреттерде көрсетілген.

Осынау таңдауға тап болған екі қылмыскер, ә дегенде қылмыстарын мойынына алады: олардың әрбірі егер ол мойындамаған күннің өзінде, әріптесі оған қарсы куәлік береді деп ойлайды, сөйтіп олардың екеуі де максимум жаза алады. Есеп осылайша, көзге көрініп тұрған рационалдық шешімнің, шындығында ең өкінішті нәтижеге жеткізетіндігін көрсетеді. Үйткені екі қылмыскер өзара келісіп алу мүмкіндігінен айырылған және бір-біріне сенбейді. Осының бәріне бір ғана қарсылық болу мүмкін: егер есепті бірнеше рет қайталайтын болса, қылмыскерлер мәселенің мәнін түсінеді де, оларға әріптес болу ең тиімді екендігіне көз жеткізеді және олардың екеуі де қылмысты мойындаудан бас тартады.

Қылмыскер В

Мойындайды Мойындамайды

А: В: 6, 6 А: В: 0, 10
А: В: 10, 0 А: В: 1, 1

Мойындайды

Қылмыскер А

Мойындамайды

1, 2 сурет. Тұтқындар дилеммасынан шығудың варианттары

экономика» ретінде кеңінен танымал формальдық саяси теорияны, «қоғамдық таңдау теориясын» және «рациональдық таңдау теориясын» айтуға болады. Бұл ұстанымды көпшілік қазіргі заманғы эконмикалық теориядан, әсіресе индивидтердің рционалдық экономикалық көңіл – күйі концепциясынан алады. Бәрінен де АҚШ –да мықтап орныққан, Виргиндік мектеппен[4] байланысты болған формальдық саяси теория ең болмағанда сайлаушылардың, лоббистердің, шенеуніктердің және саясаткерлердің көңіл – күйіне, сондай-ақ мемлекеттердің халықаралық жүйе шеңберіндегі көңіл-күйіне саңылау түсіретін пайдалы сараптамалық құралды береді. Бұл ұстанымның қоғамдық таңдаудың институционалдық формасы ретінде саяси сараптауға елеулі ықпалы бар. Бұл концепцияны Энтони Даунз (Anthony Downs), Манкур Олсен (Mancur Olsen) және Вильям Нисканен (William Niskanen) сияқты авторлардың партиялардың бәсекелестігі, мүдделі топтардың көңіл – күйлері және шенеуніктердің саяси ықпалы туралы зерттеулерінде қолданғандықтары келесі тарауларда талданады.

1.Саясат дегеніміз не? 19

Түсініктемелік түйін Ғылым, сциентизм –бұл қызмет ету мен білімнің әлемді бақылаудың, тәжірибенің және логикалық ойлаудың негізінде түсіндіруді мақсат еткен саласы. Объективті ақиқатты танудағы басты құрал ретінде мұнда біздің түсініктерімізді қолда бар тәжірибелік деректерге салыстыру арқылы верификациялауды (ақиқаттығын тексеруді) ұсынатын «ғылыми тәсіл» деп аталатын тәсіл көрінеді. Карл Поппер (1902 - 1994), дегенмен, ғылымның верификациялауға қабілетсіз екендігін, оның қолынан келетіні бар болғаны біздің түсінігімізді «фальсифицикациялау» (қателігін дәлелдеу) екендігін мәлімдейді, үйткені кез келген фактінің келесі тәжірибемен жоққа шығарылуы мүмкін. Сциентизм (латынның scientia - білім деген сөзінен алынған) – бұл дүниетанымдық көзқарас бойынша, шынайы білімның қайнар көзі ретінде ғылыми тәсіл алынуы қажет және ол осы сипатта тек қана жаратылыстану ғылымдарында ғана емес, сонымен бірге білімнің философия, тарих және саясаттану сияқты салаларында да қолданылуы шарт. Марксизм, утилитаризм және расизм ілімдері осы тұрғыдан алғанда сциентикалық болып табылады.

Ұстаным сондай-ақ математика саласынан алынған теориялық ойын түрінде де қарастырылады. Теориялық ойындардың ішіндегі кеңінен танымал болған ойындардың бірі - «тұтқындар дилеммасы» (қар. 1,2 сурет.)

Бірақ рационалдық таңдау теориясы барлық жерде қолдау тапты деп айта алмаймыз. Оның жақтаушылары әрине, ол өзімен бірге саяси құбылыстарды зерттеуде жаңа мүмкіндіктерді алып келді деп мәлімдейді, алайда оның ең негізгі базалық алғышарттарына күмән келтірген және оның адамның көңіл күйіндегі рационалдық бастаманы асыра бағалап, адамдардың нақты тұжырымдалған мұраттар жиынтығына әрқашан да ие бола бермейтіндігін, оның үстіне шешім қабылдау үшін – толық және нақты ақпаратқа тіпті қолы жетпейтіндігін ескермейді, деп айтқан сыншылар да табылды. Сонымен бірге уақыт өте келе адамды абстрактылы түрде түсіну барысында рационалдық таңдау теориясы саясаттың қоғамдық және тарихи факторларын әрқашанда ескере бермейтіндігі - адамның мүдделерінің көбіне индивидуалдық сипатта емес, әлеуметтік жағдайға қатысты сипатта болатындығын ескермейтіндігі анықталды.

Қоғамдық институт - әлеуметтік құрылымның өзіне тән ерекше рөлі мен мәртебесі бар эәлементі; кең мағынада айтқанда - «ойын тәртібін», дұрыс және белгілі көңіл-кйді қамтамасыз ететін ережелер мен қағидалардың жинағы.   Дискурс –адамдар арасындағы сөздік қарым-қатынас; тұжырым, сұхбат, коммуникация. Адамдар арасындағы биліктің бөлінісін бейнелеуі мүмкін  

Осынау үрдістердің салдарында саясаттанушы бүгінгі күнге келіп өзінің еңбегінде алуан түрлі тәсілдерді пайдалануға құқылы, бұл өз кезегінде саяси сараптауларға терңдік пен алуан қырлылықты береді. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде классикаға айналған ережелік, институциональдық және бихевиористік ұстанымдарға тек қана формальдық-саяси сараптаулар ғана емес, сондай-ақ сан-алуан мүлдем жаңа идеялар мен тақырыптар келіп қосылды. 1970 жылдардан бастап қоғамдағы гендерлік айыпмашылықтар туралы біздің түсінігімізді елеулі түрде толықтырып келе жатқан, сондай-ақ біздің «саясилық» туралы түсінігімізді қайта қарауға мәжбүр еткен феминистік бағыт өркендеп келеді. Осы кезде сондай-ақ «жаңа институционализм» деп аталатын ұстаным қалыптасты, онда басты назар қоғамдық институттардың формальдық және құрылымдық сипаттарынан олардың қоғамдық мәнінің мейлінше кең мағынасына және олардың саяси үрдістегі шынайы рөліне аударылады. «Жасылдар» қозғалысы дәстүрлі әлеуметтік – саяси теориялардың антропоцентризмінін бас тартатындықтарын мәлімдеп, саяси және әлеуметтік сараптауда тұтастық және холистикалық ұстанымды ұстануды талап етуде. Сонау 1923 жылы құрылған Франкфурт мектебінен шыққан неомарксизмнің





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 885 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...