Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар. Итальян саясаткері және жазушысы




___________________________________________________________

Никколо Макиавелли (1469 - 1527)

Итальян саясаткері және жазушысы. Заңгердің ұлы, Макиавелли бала кезінен бастап Флоренциядағы саяси өмірдің барлық аласапырандарын бақылап өсті және сол себепті де өз заманындағы қоғамдық өмірді терең зерттеді. Флоренцияда (1498 – 1512 жж.) Екінші концлердің қызметін атқарды; осы кезеңде оны бірнеше рет Францияға, неміс жерлеріне және итальян мемлекеттеріне маңызды тапсырмалармен жібереді. Біршама уақыт түрмеде де тұтқында отырады; Медичи билігінің қайта қалпына келуіне байланысты жазушылық қызметпен шындап айналыса бастайды. Оның негізгі еңбегі 1531 жылы жарық көрген – «Әмірші». Кітап автордың Чезар Борджианың үстемдігінен алған әсерлері мен көзқарастары негізінде жазылған. Еңбек болашақтағы біріккен Италиянының билеушісіне арналып, көмекші құрал ретінде жазылған. «Макиавеллизм» сөзі уақыт өте келе «қулық» пен «екіжүзділікке» бейімделген саясатты білдіретін болды.

______________________________________________________________

Саясаттың кертартпа бейнесін сомдауға сондай-ақ, либеральдық философияның да үлесі бар: үйткені бұл философияда индивидке жекелік сипаттағы қандай да болмасын өзінің мүддесін көздеу тән қасиет деп қарастырылатындықтан, саяси билік қашан да адамды бұзатын құбылыс болмақ, себебі «билік басындағының» кез келгені қызмет орнын өзінің жеке мүддесі үшін және өзге адамдардың есебінен пайдаланатын болады. Бұл түсінік өзінің әйгілі анықтамасын лорд Актонның (1834 - 1902) мына қанатты сөзінде тапқан: «Кез келген билік адамды бұзады, - абсолюттік билік абсолютті түрде бұзады». Дегенмен бұл пікірге наразылық білдіруге болады: ешкім де, соның ішінде аталған көзқарастың жақтастары да қоғамдық өмірде саясаттың қажеттілігін және оның «болмай қалмайтындығын» жоққа шығармайды. Саясаткерлердің екіжүзділігі және қатыгез зұлымдығы туралы жақ талғанша айтуға болады, - бірақ қоғам, түптің түбінде шарасыздықтан болса да, оның қажеттілігіне келіседі. Игіліктер мен ресурстарды үлестірудің белгілі бір механизмдері қалыспайтын болса, онда «қоғамдық келісімнің» алғашқы теоретиктері жазғандай «баршаның баршаға қарсы азаматтық соғысы басталады» (қар. 111 б.). Демек мәселе «саясаткерлерден құтылуда» немесе «саясатты жоюда» емес, бар мәселе ешкімнің де үкіметтік билікті жеке мүддесіне пайдаланбауы үшін, мұның бәрін де қоғамдық бақылаудың шеңберіне енгізуде.

Саясат жария үрдіс ретінде

Екінші және саясаттың біршама кеңірек концепциясы оны үкіметтік басқарудың аясынан «қоғамдың өмір» және «қоғамдық істер» деп аталатын кеңістікке шығарады. Осынау ұстанымға сәйкес, «саяси қызмет» пен «саяси емес қызметтің» айырмашылығы өмірдің жария (қоғамдық) және жеке салаларына сәйкес келеді. Мұндай көзқарас әйгілі грек философы Аристотельдің еңбектерінен бастау алады. Өзінің «Саясатында» ол, «адам өзінің табиғатында саяси мақлұқ» және «үйлесімді өмірді» адамдар тек қана саясат бар қоғамда – саяси қауымдастықта ғана бастан кешіре алады деп тұжырымдайды.

Саясат бұл арада негізінен өзінің этикалық сипатында көрінеді: бұл оның Аристотель «патшалар ғылымы» деп атаған «әділетті қоғам» құруға қатыстылығымен байланысты.

1.Саясат дегеніміз не? 9


Түсініктемелік түйін «Азаматтық қоғам» терминін әртүрлі түсінген және әртүрлі мағынада түсініп келуде. Бастапқыда ол мемлекеттің билігі мен заңның күші арқылы басқарылатын -«саяси қауымдастық» мағынасын білдір-етін. Алайда, оны көбіне «мемлекетке» қарама қарсы балама өлшем ретінде пайдаланады: осы тұрғыдан алғанда бұл термин мемлекеттен тәуелсіз «жекелік» институттарға жатады және адамдар тарапынан өздерінің жеке мақсаттарына жету үшін құрылады. Бұл құрылымдар қатарында – тәуелсіз топтар мен ассоцияцияларды, жеке кәсіпкерлік құрылымдарын, мүдделестер топтарын, үйірмелер, отбасылар және т.б. айтуға болады. Гегель (қар. 107 б.) дегенмен, отбасылықта адамның таза жеке эгоистік мүдделері шоғырланады деп, отбасы мен азаматтық қоғамды бөлек қарастырған.
Мәселе мұнда бір нәрсеге келіп тіреледі - өмірдің «жария» тұсы мен «жекелік» жағының ара жігі қай жерде ажыратылмақ? Әдетте бұл мәселені мемлекет пен қоғамның ара жігін ажыратуға сәйкес келеді деп түсіндіреді. Мемлекеттік институттарды (үкімет аппараты, соттар, полиция, армия, әлеуметтік қорғау жүйесі және т.б.) біздер «жария» институттар деп қарастырамыз, үйткені олар қоғамның ұжымдық өмірін ұйымдастыруға жауапты және салық салу арқылы – қоғам есебінен бюджеттен қаржыландырылады. Азаматтық қоғам болса, Эдмунд Бёрк «шағын үйірме» деп атаған (қар. 56 б.) отбасы, туыстық қауымдастықтар, жекеменшік кәсіпорындар, кәсіподақтар, клубтар, жергілікті қауымдастықтар сияқты институттар мен осы секілді құрылымдардан тұрады. Олардың «жекелік» ретінде танылуының басты себебі, олардың жеке адамдар тарапынан құрылатындығы және жеке адамдар тарапынан өздерінің жеке мүдделері үшін қолдайтындығы болмақ. Жариялық және жекелік деп жіктелуге сүйене отырып бұл дәстүрдің жақтаушылары саясатты мемлекеттің және өзге де жария құрылымдардың қызметі деп қарастырады. Сол себепті біз мұнда да адамдардың жеке өздерінің күш жігері арқылы жасайтын қызмет түрлерінің (экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық, жекелік, мәдени саладағы және т.т) бәрі де, «саяси емес қызмет» болып саналатындығына тап боламыз.

Жариялық птн жекелікке жіктеудің анағұрлым тереңірек бір түрі ретінде «саяси» және «жекеге» жіктеу көрінеді (1.1 сурет). Мемлекеттен өзінің өзгешілігене қарамай

Қоғамдық Жекелік
Мемлекет: мемлекеттік басқару аппараты Азаматтық қоғам: тәуелсіз институттар: жеке кәсіпкерлік құрылымдар, кәсіподақтар, үйірмелер, отбасы және т.б.
Қоғамдық Жекелік
Қоғамдық өмір саласы: саясат, сауда, еңбек, өнер, мәдениет және т.б. Жеке өмір саласы: отбасы және үй

1.1. сурет. Қоғамдық және жекелікті түсінудің екі түрі

азаматтық қоғам жария қызмет ететін және қоғам мүшелерінің қолы жететін ашық құрылымдарды «жария» деп тануға тұрарлық институттар болса да өзінің қарамағына алады. Айталық экономикалық институттар осындай құрылымдарға жатады. Бұл мәселенің маңыздылығы мынада: экономиканы жекелік саладан жария салаға өткізу арқылы біздің «саясилық» түсінігін түсінуіміздің аясы кеңи түседі. Себебі біз өзіміздің





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 970 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...