Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар. бақылауында ұстап тұруға мүмкіндік беретін, биліктік қатынастарға негізделген» қатынас деп анықтама



бақылауында ұстап тұруға мүмкіндік беретін, биліктік қатынастарға негізделген» қатынас деп анықтама береді. Сол себепті де феминизм өзіне өзіндік саяси кеңістік ретінде - «күнделікті саясатты» таңдап алды. Мұнда отбасыдағы қатынастар, күйеулер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынастар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар, жұмыс берушілер мен жұмысшылыр немесе үкімет пен азаматтар арасындағы қатынастар сияқты абсолютті түрде «саяси қатынас» ретінде қарастырылады.

Марксизм саясатты қоғамның екі деңгейі – қондырма мен базиске қатысты қарастырады. Маркстің өзі (қар. 66 б.) бастапқыда саясатты мемлекеттік аппаратқа теліп классикалық тұрғыда түсінген: мысалы «Коммунистік манифесте» (Communist Manifesto, 1848) ол саяси билікті «бір таптың екінші тапты езуі үшін ұйымдасқан билігі» ретінде жазады. Кейіннен өзінің теориясын дамыта келе, ол саяси қатынастарды, құқықтық және мәдени қатынастармен бірге қоғамның ең басты негізі болып табылатын - экономикалық «базистің» үстіне құрылатын «қондырмаға» жатқызады. Маркстің айтуы бойынша, экономикалық «базис» пен «қондырма» өзара байланысты: «қондырма» «базистен» өсіп шығалы және оның көрінісі болып табылады.

Саяси биліктің қоғамның таптык жүйесімен, шын мәнінде оның «базисімен» терең байланыста болатындығын тұжырымдай келе келесі қадамды Ленин жасады (қар. 93 б.): ол, «саясат экономиканың жинақталған көрінісі», - деп жазды. Марксизм түсінігі бойынша, «экономика дегеніміз – бұл саясат», ал саяси күрестің аренасы ретінде тұтастай таптық қарама-қайшылықтардан тұратын азаматтық қоғам көрінеді – бұл саяси факторды мемлекетке немесе өмірдің шекетеулі жеке саласымен байланыстырып қарастыратын басқа барлық ұстанымдардан өзгеше ұстаным.

Жоғарыда қарастырылған барлық ұстанымдар бойынша саясат қашанда бір адамдарды екіншілердің езуі мен бағыныштылықта ұстауына қатысты жүзеге асатын - адамға жаулық ниеттегі әлде бір күш ретінде көрінеді. Радикальдық феминизм үшін бұл әйелдерге еркектердің табанының астында қалуды маңдайына жазып қойған «саяси патриархат» орнатып жатқаннның бәрі; марксизм үшін – капиталистік қоғамда буржуазияға пролетариатты езуге мүмкіндік беретіннің бәрі. Осынау теорияларда саясатқа тек қана кертарпалық таңылмайды, сонымен бірге – қоғамдық теңсіздікті жеңуге жол беретін позитивтік сипат та беріледі. Маркс мысалы, пролетарлық революция таптардың теңсіздігін мәңгілікке жоюы қажет десе, феминистер жыныстар арасындағы қарым-қатынастарды түбегейлі қайта қарастыруға шақырады. Қалай болғанда да бұл ағымдарда саясат қоғамдық болмыстың қажетті бір бөлігі болып қала бермейді. Феминистер «сексизм саясатын» жойып, адамдарды жынысына қарап емес, олардың жеке қасиеттері бойынша бағалайтын қоғам құруға шақырады. Марксшілдер тапсыз коммунистік қоғам құрылған соң «таптық саясат» тарихтың игіліге айналады, ал бұл өз кезегінде «мемлекеттің жойылуына» әкеледі де саясат өзінің классикалық түсінігінде өмір сүруін тоқтатады.

Саясатты зерттеу

Саясатты зерттеудегі ұстанымдыр

Саясатың мәні туралы осыншалықты алуан түрлі көзқарастар болғанда, саясаттанудың табиғаты мен мәртебесі туралы да сал – алуан көзқарастардың болуы табиғи жағдай. Интеллектуальдық қызметтің көнеден келе жатқан бір саласы ретінде

1.Саясат дегеніміз не? 15

___________________________________________________________

Платон (б.з.д. 427 – 347 жж.)

Ежелгі грек философы. Ақсүйек әулеттен шыққан. Жас кезінде Платон Сократтың шәкірті болады, кейіннен Сократ оның этика және философия туралы диалогтарындағы негізгі кейіпкерге айналады. Сократ қайтыс болғаннан соң б.з.д. 399 жылы Платон Афинаның болашақ билеушілерін тәрбиелейтін өзінің академиясының негзін қалайды. Платон материалдық әлем бар болғаны абстракты және мәңгілік «идеялар» әлемінің кемеліне келмеген бейнесі ғана, -деп үйретті. Оның саяси философиясының негізгі мәні «Республика» және «Заңдар» атты еңбектерінде көрініс тапқан, онда ол әділеттілік доктринасы тұрғысынан қарағанда кемелденген мемлекетті сипаттауға талпынған. Платонның еңбектері христианшылдық пен жалпы европалық мәдениетке елеулі ықпал етті.

саясат туралы ғылым, бастапқыда философияның, тарихтың немесе құқықтың құрамдас бір бөлігі болды. Оның басты міндеті адамзат қоғамы құрылысының мейлінше жалпы принциптерін қалыптастыру болатын. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап осынау таза философиялық ұстаным бірте бірте саяси ғылымды дербес саяси пәнге айналдыруға бағытталған әрекетпен алмасты. Бұл қозғалыс өзінің шарықтау шегіне 1950 – 1960 – шы жылдары жетті, міне осы тұста саяси ойдың классикалық мұрасы мағынасыз метафизика ретінде қарастырыла басталды да, оларды ұмытқан жөн, деп саналды. Бүгінде, алайда, саясатты қатаң ғылыми тұрғыда зерттеуге болады деген шабыттылық (энтузиазм) біршама саябырсыған – негізгі саяси принциптер мен ережелік концепциялардың бұлжымас құндылықтарын түсінудің кезегі қайта оралған.

Егер жалпыны да және жалқыны да қанағаттандыратын әмбебап құндылықтарды «дәстүрлі» іздестіру бүгінде қажетсіз саналатын болса, сонымен бірге ақиқатты тану тек қана ғылымның қолынан келетін іс деген идея да өзінің күшін жойған. Нәтижеде біз бүгінгі күні мейлінше жемісті және мейлінше қызық, үйткені көптеген теориялық ұстанымдар мен талдау мектептерін қамтитын пәнге ие болдық.

Философиялық дәстүр

Ереже - «бар нәрсеге» балама ретінде «ненің болуы қажеттілігін» айқындайтын; белгілі бір құндылықтар мен мінез – құлықтық міндет-темелердің жүктемесі.

Саяси ойдың тарихы өзінің бастауын Ежелгі Грециядан алады: нақ осы жерде, біз бүгінгі күнде саяси философия деп атап жүрген ілім пайда болған. Ол философия болатын, оны қызықтырған нәрсе «мәнділік» емес, «міндеттілік» болатын, - «ненің барлығы» емес, «ненің істелу қажеттілігі» болатын, - сол себепті ол көбіне этикалық, насихаттық, немесе, біздің бүгінгі күнде айтып жүргеніміздей, ережелік сипатта болатын. Бұл философияның негізін қалаушылар ретінде Платон мен Аристотельді айтады. Мысалы, Платонды негізінен идеалды қоғам туралы ой толғандырды: оның түсінігі бойынша мұндай қоғам философ – монархтың басшылығындағы ізгілікті диктатура болып табылады. Орта ғасырларда ережелік философияның идеялары Әулие Августин (354 - 430) мен Фома Аквинский секілді ойшылдардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осылайша «дәстүрлі» ұстаным деген түсініктің ең алғашқы ірге тасы қаланды. Бүгінде бұл бағыттың теоретиктері негізінен саяси философияның классикалық мұрасын ой елегінен өткізумен шұғылданады. Бұл, шын мәнінде, саяси ойдың оның көрнекті өкілдерінің (айталық, Платоннан Маркске





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 643 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...