Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар. Макробасқару3 –бұл сөз мағынасы бойынша мемлекеттік басқаруға қарағанда әлдеқайда кең





Түсініктемелік түйін

Макробасқару3 бұл сөз мағынасы бойынша мемлекеттік басқаруға қарағанда әлдеқайда кең түсінік (қар. 30 б.). Дегенмен оның тұрақты қалыптасқан түсінгі әлі күнге жоқ, термин қоғамда орын алған басқару қатынастарының барлығына қатысты қолданыла береді. Осы ретте үкіметтің, сонымен бірге мемлекеттің де қоғамды макробасқаруға қатысатын институттардың бірі ғана екендігін: сондай-ақ тіпті «үкім-етсіз де макробасқаруға» болатындығын (Роуз, 1996) айтып өтуге болады. Қоғамдық макробасқарудың негізі ретінде: нарық, сан-алуан түрдегі иеархиялық құрылымдар, қатынастың алуан түрлі желілері көрінеді. Сөз сондай-ақ, қазіргі заманғы деңгейінде мемлекеттер мен қоғамдар арасындағы бұрынғы шекара-лардың жойылуы туралы да болуда: қоғамдық менежмендтің жаңа түрлері дамуда, қоғамдық және жеке меншік секторларының арасындағы ынтымақтас-тықтың аясы кеңейе түсуде, саяси қатынастардың жаңа желілері пайда болуда, ұлттан жоғары және субұлттық ұйымдардың ықпалы күн өткен сайын күшейіп келеді («көпдеңгейлі басқарулар»). Бұл құбылыстар төңірегінде пікір-таластар жүріп жатыр: бірқатар зерттеушілер макробасқару құбылысын мемлекеттің дәстүрлі бақылау және үлестіру механизмдерінен бас тартып кеңестер және «саудаласу» механизмдеріне арқа сүйеуі десе, енді бірқатар зерттеушілер бұдан «шектелген үкімет пен еркін нарықтың

үстемдігі» идеологиясының ықпалын іздестіреді.

Мұндай ұстаным бойынша саясат, тек қана кеңселер мен заң шығарушы палаталарда, үкіметтік мекемелерде жүзеге асырылмақ, ал оның қандай болатынын санаулы адамдардың тобы – саясаткерлер, шенеуніктер, лоббистер ғана білмек. Адамдардың көпшілігі, институттар мен қоғамдық қатынастар түрлерінің басым бөлігі бұл арада қасақана саясат кеңістігінен ысырыл тасталып отыр. Бизнес, жергілікті алуан түрлі қауымдастықтар, отбасы, мектеп және басқа да білім беруші институттардың – бәрі де аталған жағдай да «елді басқаруға» ешқандай да қатысы жоқ «саяси емес» құрылымдар ретінде қарастырылуда. Бұдан басқа, саясатты мемлекеттік кеңсеге телу дегеніңіз, халықаралық тәртіпке тиесілі факторларды, соның ішінде сіз бен біздің өмірімізге күн өткен сайын мейлінше ықпалы артып келе жатқан жаһандану үрдістерін, трансшекаралық техноло-гиялар мен трансұлттық корпорация-ларды да саясат шеңберінің сыртында қалдырмақ. Мұндай ұстаным, ашығын айтатын болсақ, өткен күндердің, халықаралық қатынастар кеңістігінде тек қана томаға-тұйықталған ұлттық мемлееттер әрекет еткен күндердің жаңғырығы ғана болмақ.


Мұның барлығы да бүгінгі таңдағы болмыстың нақты көріністеріне қарама-қайшы келеді, үйткені күн өткен сайын күрделене түсіп отырған қоғамдар тек қана үкімет тарыпан ғана емес сондай-ақ қоғамдық және жеке секторлардың алуан түрлі басқару желілері тарапынан да басқару объектісіне айналып отыр сондықтан да «үкімет» терминінің өзін «макробасқару»[3] деп өзгертетін күн туды.

Полития – саяси билікті жүзеге а ыруға негізделген қоғам; Аристотельдің пікірі бойынша көпшіліктің бпошпның мүддесі үшін билік жүргізуі.
Жоғарыда ұсынылған ұстанымның қайшы-

лығы сондай-ақ оның мейлінше тар мағын-

ада болып – түптеп келгенде тұтас саясат

түсінігін партиялық саясатпен теңестіруін-

де жатыр. Басқаша сөзбен айтатын болсақ,

«саясилық» әлемі мұнда белгілі бір


1.Саясат дегеніміз не? 7

_____________________________________________________

Аристотель (б.э.д. 384 – 322 жж.)

Ежелгігрек философы, Платонның шәкірті және жас Александр Македонскийдің тәрбиешісі. Б.э.д. 335 жылы Афинада өзінің «перипатетиктер мектебі» ретінде кең танылған (негізінен бұлай аталуына Аристотельдің сухбат барысында серуендеуді ұанататын әдеті себеп болған деседі) философиялық мектебінің негізін қалады. Аристотельдің логика, физика, метафизика және астрономия, метеоролгия, биология, этика және саяси ғылымдар сияқты әртүрлі мәселелерді қарастырған 22 трактаты сақталған. Орта ғасырларда Аристотельдің еңбектері ислам философиясына терең ықпал етті, ал соңынан христиандық теологияға да енгізілді. Оның саясат туралы ең танымал еңбегі – «Саясат», мемлекет үшін идеалды болатын конституцияларды зерттейді..

_____________________________________________________________


идеологиялық ұстанымдары бар және оны ресми ұйымдардағы – саяси партиялардың қызметі арқылы жүзеге асыруға талпынатын жеке тұлғалардың әрекетіне теңестіріледі. Осыған байланысты партиялық қызметкерлерді «саяси қызметкер» санатына жатқызады, ал мемлекеттік қызметкерлерді «саяси емес қызметкер» санатына жатқызады (әрине, соңғылар бейтарап және таза кәсіби қызметкер ретінде әрекет ететін болса ғана). Осы секілді негізгі қызметі заңдарды әділдік және нақты фактіге қарап түсіндіру болып табылатын сот судьялары да «саяси емес қызметкер» ретінде қарастырылады, - бірақ олар әділдіктен тайып, жеке басының мүдделілігі немесе қандай да бір жағдайдың ықпалымен шешім қабылдайтын болса оларды да «артықша саясатшылдықта» айыптауы мүмкін.

Антисаясат - ресми саясаттан, саяси үрдістің дәстүрлі механизмдерінен түңілу; қоғам тарапынан «қатыспаушылыққа» бағытталған ұстаным, «жүйеге» қарсы күресуші партияларды қолдау, ең соңында алуан түрлі «тікелей ықпал етуші саяси шаралар» түрінде көрініс береді
Саясатты мемлекетке теліп қарастыру әдеті, қоғамдық көзқарас бойынша неліктен саяси қызметті тек қана кертартпа құбылыс ретінде түсінетіндігіміздің, ал саясаткерлер туралы мейлінше және ұдайы ұнамсыз пікірде болатындығымыздың сырын аша түседі. Мұның бұлай болатын себебі, күнделікті сана саясат саласы мен мемлекеттік сан – алуан қызметкерлердің іс-әрекетерінің арасында тепе-теңдікті қоюға бейім келеді. Біздің бәрімізге билікке құштар екіжүзді - саясаткердің бейнесі етене таныс, оның қоғамдық борыш және идеологиялық ұстанымдар туралы айтатын әңгімесінің төрікінінде өзінің жеке басының мүддесінен өзге ештеңе болмайды. Бүгінде бұл бейне бұрынғыдан да кәуділігі жәйтке айналған, үйткені қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарына қоғамның назарын үкіметтегі жемқорлық пен әділетсіздікке аудару әлдеқайда жеңіл. Қоғамда саясат туралы әлде бір эгоисттік, екіжүзділік және пәтуәсіздік сияқты сүйекке сіңіп кеткен теңестірулермен бір қатарда, «саясаттың асханасын» қабылдамау және онымен шұғылданатын адамдарды жек көрушілік сезімі өрістеп келеді: оларды «әсіре саясатшылдар» және «креслосына жабысып алған бюрократтар» ретінде әңгіме етеді. Осылайша антисаясаттың (antipolitics) негізі қаланады. Осыған байланысты көбіне Никколо Макиавеллидің еңбектері еске алынады, ол өзінің «Әмірші» (1531) атты еңбегінде өз заманының билеушілерінің қатыгездігі мен аярлығы және зұлымдығы туралы реалистік сипатама берген болатын.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 799 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...