Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ханна Арендт (1906 - 1975)



Неміс саяси теоретигі және философы. Орташа дәулетті еврей отбасында өсті. 1933 жылы Германиядағы ұлтшыл режимнен бас сауғалап қашып шықты және ең соңында АҚШ –қа барып қоныстанды. Өзінің негізгі еңбектерін АҚШ-та жазды. Оның сан салалы, өзіндік жазу ерекшелігіне Хайдаггер (1889-1969) мен Ясперстің (1883-1969) экзистенциализмі ықпал етті; бұл туралы оның өзі «ойдың кедергісіз көсілуі» деп айтатын. Оның басты еңбектері – «Тоталитаризмнің бастаулары» (1959), «Адамзат ғұмыры туралы» (1958), «Революция туралы» (1963) және «Иерусалимдегі Эйхман» (1963): соңғысының тақырыбын ол «зұлымдықтың аңғалдығы» деп атады. ___________________________________________________________________

тәжірибемізден білетініміздей, саясат белгілі бір формада – мейлі ол біздің жұмысымызда несе жұмыс орнымызда болсын, кез келген отрада көрініс береді. Біз қарастырып отырған ұстаным жеке кәсіпорындар, қауымдастықтар, алуан түрлі ассоциациялар мен кәсіподақтар сияқты институттарды әділетті түрде «жария» институттар ретінде қарастырғандығына қарамай, ол да саясаттың шектелген концепциясы болып қала береді. Мұның мәнісі: бұл концепцияның саясаттың «жеке» істер мен қатынастарды қамтуына түбегейлі қарсылығында жатыр. Бірақ, міне феминизм пайда болды, және оның теоретиктері саясаттың «баспананың табалдырығында» тоқтап қалмайтындығын айдай әлемге дәлелдеп берді; ол отбасын да, тұрмысты да, және жеке қатынастарды да қамтиды екен. Немесе аталған ұстанымға тағы бір қосымша – кейбір саясаткерлердің кәсіби ортадағы ұстанымынан өзінің жекелік және тұрмыстық қатынастарын бөле-жара қарастыруы: бұдан көршіні алдауға немесе ұл-қыздарыңмен дөрекі сөйлесуіңе болады деген сөз сұранып тұрған жоқ па? және мұның бәрі де саясаткердің беделіне нұқсан келтірмей «жеке шаруаның» шегінде қалып қоймақ па?

Саясатты қоғамдық қызмет ретінде қарастыру концепциясының, әрине, әрдайым өз жақтастары мен қарсыластары болған. Аристотельден бастау алатын дәстүр бойынша саяси қызмет қашанда ізгілікті және мәртебелі қызмет саналған болса, оның олай бағалануының басты себебі оның «жария» сипаты болатын. Арадан ұзақ уақыт өткенде бұл дәстүр өзінің жалғасын Ханна Арендтің еңбектерінде тапты, ол өзінің «Адамзат ғұмыры туралы» (The Human Condition, 1958) еңбегінде, саясат адамзат қызметінің ең бір ізгілікті саласы деп жазады. Себебі біз мұнда еркін және тең азаматтар арасындағы қатынастардың куәсі боламыз – ол әрбір адамның қайталанбас қасиетін ашып, олардың әрбірінің өмірін мазмұнды етеді. Осы секілді пікірлерді Жан-Жак Руссо (қар. 92 б.) мен Джон Стюарт Милль (қар. 55 б.) сияқты ойшылдар да айтады, олардың пікірі бойынша саяси өмірге қатысудың өзі, шындап келгенде адам үшін мәртебе және игілік болып табылады. Руссо барлық азаматтардың тұтастай және ұдайы түрде саяси өмірге араласуының арқасында ғана мемлекет баршаның игілігіне немесе ол айтқандай «жалпының еркіне» қызмет етеді, деп санады. Миллдің көзқарасы бойынша жария істерге қатысу, белгілі бір дәрежеде адамның ізігілікті және саналы дамуына ықпал ететін тәрбиелеу болып табылады.

Бұған қарама қарсы тұратын көзқарас бойынша, жария саясат адамның жеке өміріне рұхсатсыз қол сұғатын зұлымдықтан өзга ештеңе де емес. Әңгіме бұл арада, атап айтатын болсақ әсіре либерализмнің теоретиктері туралы болуда, олар өздерінің еңбектерінде азаматтық қоғамды мемлекеттен қашан да жоғары қойып, «жеке» өмір әркімнің жеке таңдауына, жеке еркіндігі мен жеке жауапкершілігіне қатысты сала, деп санаған. Бүгінде бұл бағыт «саясилық» саласын шектеуге және жеке қызмет түрлерін: айталық бизнес, спорт немесе отбасылық өмірден «саясатты аулақ әкетуге» шақырған

1.Саясат дегеніміз не? 11

Түсініктемелік түйін

«Консенсус» ымырашылдық немесе келісім дегенді білдіреді, алайда әдетте белгілі бір келісімді орындауға қатысты қолданылады. Сөз, біріншіден қоғамда орын алған адамдар мен адамдар топтары арасындағы жалпы келісім туралы өрбуде. Екіншіден, термин айталық нақты тұжырымдар бойынша емес, белгілі бір қағидалық принциптер бойынша келісімге келу туралы: мұндай жағдайда консенсус пікірлер мен көзқарастардағы алшақтықтарды немесе кейбір детальдар бойынша келіспеуді жоққа шығармайды. «Консенсустық немесе ымырашылдық саясат» түсінігі екі түрлі мағынада қолданылады. «Іс-әрекеттік ымырашылдық» («Процедуралық консенсус») әңгіме саяси партиялар туралы ма, жоқ әлде мемлекеттің белгілі бір мүдделі топтармен ара қатынасы туралы ма, әйтеуір екі жақтың келіссөздер және ұстанымдарды салыстыру арқылы ортақ шешімге келуге дайындығын білдіреді. «Мәнді ымырашылдық» («Сущностный консенсус») екі немесе одан да көп жақтардың (партиялардың) саяси даму барысындағы басты мұратттары бойынша ұстанымдарының өзара сәйкес келуі. Осы орайда, мысалы Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы Ұлыбританиядағы социал-демократиялық ымырашылдық немесе Германиядағы әлеуметтік-нарықтық ымырашылдық туралы айтылады.

_____________________________________________________________________________________

үндеулерде көрініс береді. Саясаттың компаниялардың бизнесті қалай жүргізетіндігіне, спроттық көңіл көтерулерді біз кіммен және қалай жүзеге асырамыз немесе балаларымызды қалай тәрбиелейтіндігімізге араласуы өмірдің заңдылығына айналғандықтан, әсіре либерализмнің жақтастары үшін, олардың саясатты «игілікті» іс деп қабылауы, тіптен мүмкін емес.

Саясат ымрашылдық және келісім ретінде

(компромисс және консенсус)

Саясат туралы үшінші концепция оның қай салада жүзе асырылып жатқандығына қатысты емес, оның барысында шешімдердің қалай қабылданатындығына қатысты. Саясат дау-жанжалдарды күш пен жалаң билікті қолданбастан - ымырашылдық, келіссөздер, келісімге жеткізетін кез-келген шаралар арқылы шешу тәсілі ретінде қарастырылады. «Саясат дегеніміз – мүмкіншіліктерді қолдана білу өнері», дегенде міне, нақ осы ұстаным туралы айтылады. Мұндай түсінік күнделікті сөз саптауымызда да бар. Айталық мәселенің «саяси тұрғыда» шешілгендігі айтылғанда, баршаның ойына істің бейбіт жолмен, келісімдер арқылы, «күшті» немесе «әскери» тәсілді қолданбай шешілгендігі оралады. Өзге көптеген тәсілдер сияқты бұл тәсіл де өзінің бастауын Аристтотельден – оның басқарудың идеалдық жүйесі болып, өзінде аристократиялық және демократиялық элементтерді қамтыған аралас жүйе - «полития» табылады, деген тұжырымынан алады. Бұл дәстүрдің қазіргі заманғы жетекші жақтастарының бірі - Бернард Крик (Bernard Crick). Ол, мысалы, өзінің классикалық «Саясатты қорғау» (In Defence of Politics) атты еңбегінде былай деп жазады:

Саясат дегеніміз - мүдделер қақтығысын реттеуге арналған ережелер жүйесі бойынша,

дау-жанжалдағы екі жақтың әр-біріне бүкіл қауымдастықтың игілігі мен амандығын

сақтаудағы әлеуеттіліктеріне сай келетін билік пен ресурстарды беру арқылы,

даулы мәселеде келісімді қамтамасыз ететін қызмет болып табылады.

Бұл арада саясаттың басты элементі ретінде биліктің (күштің) мейлінше ыдырат-ылуы көрінеді, - ол қаншалықты кеңге ыдыраса, соншалықты жақсы болмақ. Мүдделер қақтығысы бітпейтін дау-жанжал болғандықтан, Б.Крик, келістіру үрдісінің екі жақтың





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1375 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...