Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар. әлеуметтік – сыншыл теориясы (қар



әлеуметтік – сыншыл теориясы (қар. 115 б.) З.Фрейдтен бастап М.Веберге дейінгі алуан түрлі ойшылдардың жетістіктеріне сүйене отырып әлеуметтік тәжірибенің барлық түрлерін қатаң сынға алды. Жалпы мен жалқының мүддесіне бір мезгілде жауап беретін абсолюттік ақиқатқа жетуге күмән келтірген постмодернизмнің аясында дискурс теориясы пайда болды. Осының бәрінің жалпы және мәнді нәтижесі, саяси философия мен саяси ғылымның ендігі жерде алуан түрлі, сонымен бірге өзара бәскелес пәндер ретінде қабылданбайтындығы: бүгінгі таңда олар саяси болмысты танудың бір-біріне өте жақын тәсілдері болып табылады.

Саясатты зерттеудің ғылыми болуы мүмкін бе?

Әрине бүгінгі күнде ешкім де саяси құбылыстарды зерттеу толық мағынасында ғылыми сипатта болу қажеттігін жоққа шығармайды, яғни ол сараптамалық сипатта болып, өзінің тұжырымдарында қатаң және тұрақты болуы керек. Білімнің бұл саласынан, біздің жоғарыда көргеніміздей, қанашама рет ғылымның тар мағынадағы түсінігіне сай болуды талап етті, яғни қатаң, жаратылыстанулық – ғылыми әдістемені қолдануды талап еткен. Бір кездері мұндай талапты марксизм мен философияның позитивтік қанаты қойған болатын, «бихевиористік революцияның» да басты ұраны сол болған, ол 1950 жылдардағы саяси сараптамаларды қамтыған еді. Идея, сөз жоқ, өте тартымды. Мұндай саясаттанудың көмегімен біздер тез арада ақиқатты жалғаннан, фактіні (эмпирикалық деректерді) – құндылықтардан (ережелік және этикалық түсініктерден), объективтілікті субъективтіліктен, білімді – көзқарастан ажырататын сенімді құралдарға қол жеткізетін едік те, саясаттың күллі әлемі біздің ашсақ алақанымызда, жұмсақ жұдырығымызда қалатын еді!

Барлық мәселе мұнда бірнеше қиындыққа келіп тіреледі. Бірінші мәселе ақпарат мәселесіне қатысты. Өкінішке орай, немесе бақытымызға қарай, адамдар – бақа емес, оларды лабораторияға әкеліп, микроскоп арқылы ұзақ уақыт бойы бақылай алмайсың. Бізге адамның ішкі дүниесіне «көз жүгіртуге» немесе оның көңіл күйіне қатысты сан рет қайталанатын тәжірибелер жасауға мүмкіндік берілмеген, - бұл арада біздің қолымыздағы бар болғаны «көзге көрініп тұрғандар ғана». Біздің гипотезаларды ақпараттың жоқтығына байланысты «тестілеу» мүмкін емес. Бұл мәселені айналып өтудің бір ғана жолы – ойлай білетін субъектінінің күрделілігі мен әректінің беймағлұмдығын детерминизм доктринасының рухындағыдай елемеу. Осындай ұстанымның мысалы ретінде Джон В. Ватсон (1878 - 1958) мен Б.Ф. Скиннердің атымен байланысты болған, -адамның көңіл күйі қашанда тіптің түбінде шартты тітіркенулер немесе рефлекстермен[5] детерминделеді деп түсіндіретін психологиялық мектеп - бихевиорализмді (бихевиоризммен шатастырмаңдар) айтамыз. (детерминизмнің кейбір элементтері, ал бұл екінші мысал, диалектикалық материализмнің КСРО мемлекетінде қабылданған түрінде көрініс береді).

Детерминизм -адамдардың іс-әрекеті, олардың таңдауы сыртқы факторлармен анықталып қойылған деп түсіндіретін ілім; еріктің еркіндігін жоққа шығарады.

Келесі қиындық «құпия құндылықтар» мәселесінен туындайды. Кез келген теория мен концепцияны қаншама рет құндылықтардан таза деп жарияласаң да, - оларды жақыннан таныған сайын, олардың мұндай еместігіне көз жеткізесің.

1.Саясат дегеніміз не? 21

Әдетте құндылықтардың фактілер менен етене қабысып кеткендігі соншалықты, оларды бір –бірінен бөліп, әрбірін жеке қарастыру тіптен мүмкін емес. Концепциялар мен теориялар әрқашанда адам, қоғам, мемлекет және т.б туралы белгілі бір түсініктердің негізінде қалыптасады, және олардың бәрінде де, қай жағынан қарасаңда, қандай да бір жасырынған саяси немесе идеологиялық мәнді көресің. Мысады бихевиоризмде, рационалдық таңдау теориясында және жүйелер теориясында әрқашанда консервативтік құндылықтар – нанымдарды (bias) тануға болады, сондай-ақ феминистердің саяси көзқарастарында –қоғамдағы гендерлік айырмашылықтың мәні мен маңызы туралы тек қана осы ағымға тән тсүініктерді көресің.

Ең соңында, қоғамдық ғылымдардағы бейтараптықтың аңыз екендігін мойындауға мәжбүр боласың. Тек қана жаратылыстану ғылымында ғана зерттеуші өзі қарастырып отырған мәселені объективтілікпен, сезімге бой алдырмай, ешқандай да алдын ала күтілетін тұжырымдарсыз зерттей алады, - саясаттануда мұндай жағдай өте сирек кездеседі немесе мүлдем кездеспейді. Саясатты біз қалай анықтасақта, ол бәрібір біз есейіп өмір сүріп жатқан қоғамның құрылымы мен өмір сүруіне қатысты сұрақтармен байланысты болады. Біздің әрбіріміздің өзіндік отбасылық және әлеуметтік тәжірибеміз, өзінідік экономикалық жағдайымыз, өзіміздің жеке талғамымыз бар -

Түсініктер, модельдер және теориялар

Түсініктер, модельдер және теориялардың мәні саяси талдаулардың құралы болып табылады. Алайда саясаттағы өзге де көптеген заттар сияқты оларды да абайлап пайдаланған жөн. Алдымен түсініктерді қарастырып көрелік. Түснік дегеніміз – бұл әлде бір құбылыс туралы бір ауыз сөзбен немесе сөйлеммен баяндалатын жалпылама идея болып табылады. Бірақ бұл төл атау немесе сын атаудан әлдеқайда ауқымды. Мысалы, біз мысық туралы айтып отырмыз ба (нақты және бір мысық туралы) жоқ әлде «мысық» түсінігін қарастырып отырмыз ба, бұл екеуінің айырмашылығы үлкен. Мысық түсінігі – бұл материалдық объекті емес, бұл мысықтарға тән «жүнді жаратылыс», «көлемі онша үлкен емес», «егеу құйрықтар мен тышқандарды аулайды» деген сияқты түрлі атрибуттардан құралған «идея». Осы секілді «теңдік» түсінігі де белгілі бір приниптерді немесе идеалдарды білдіреді. Біз айталық спортшы әлемдік рекордқа «тең» уақыт көрсетті немесе мұра бауырлар араснда «тең» бөлінді дегенімізде оны назарда тұтпақ емеспіз. Сол сияқты «президенттік» түсінігі нақты президентке қатысты емес, ол атқарушы билікті ұйымдастыруға қатысты идеялардың жиынтығын білдіреді.

Түсініктің маңыздылығы неде? Түсінік жоғарыда атап өткеніміздей біздің ойлауымызға, сынауымызға, дәлелдеуімізге, түсіндіруімізге және талдауымызға мүмкіндік беретін құралдардың мәні болып табылады.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 840 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...