Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар. белгілі бір дәрежеде күш пен билікке ие болғанда ғана іске асатындығын




белгілі бір дәрежеде күш пен билікке ие болғанда ғана іске асатындығын, әйтпеген күнде, күштінің әлсізді таптап кететіндігін айтады. Осыған байланысты саясат ең алдымен «мәселені шешу барысында, тәсіл таңдаудағы басымдық зорлық пен мәжбүрлеуге қарағанда келісім мен татуласуға берілетін» құбылыс ретінде анықталады. Бұл арада біз, либералдық – рационалдық принципке деген қолдаушылық пен қоғамдық пікір-таластардың күші мен қоғамның дау-жанжалға қарағанда ынтымақтастық пен келісімге бейімділігіне деген сенімді көреміз. Егер де қоғамда әлде бір дау-жанжал туа қалатындай болса, оларды зорлық немесе күш қолдану қатерінсіз-ақ, шешуге болады екен. Дегенмен Б. Крикті сынға алатындар да табылды, олар оны батыстың баламалы демокртиясының тәжірибесімен әуестеніп кетіп, шын мәнінде саясатты элекртольдық үрдіс пен партиялық бәсекелікке телиді, деп әділетті түрде сынға алды: оның ұстанымдарының бірпартиялық мемлекеттерде немесе айталық, әскери диктатура жағдайында оның ұстанымы ақиқатты айқындай алмайтыны анық.

Ымрашылдық пен келісімді басты қағида ретінде қарастырған бұл концепция, байқалып тұрғандай, саясатты тартымды тұсынан түсіндіреді. Жоқ, ол әлде бір барлық мәселелерге жауап беретін «утопиялық» құбылыс ретінде қарастырылмайды (өйткені, компромистің өзі, барша тараптың тізгін тартуына негізделетіндіктен, олардың әр бірінің әлде неден бас тартуына әкеліп соқпай-ма?), алайда қандай болған күнде де, оның зорлық пен қан төгіске әкеліп соғу мүмкін өзге кез келген баламадан абзал екені даусыз. Саясат мұнда өркениетті және өркениетке бастаушы, азаматтарды саяси қатыстылыққа бастайтын және олар тарапынан тартымды қарым-қатынасты қалыптастыратын күш ретінде көрінеді. Бірақ Б.Крик мұндай саясатта да өзіне тән күрес жүріп жататындығын көрсетеді, ондағы басты қатер – мейлі ол демократияға деген соқыр сенімде болсын, саяси идеологиялардың тартымды, сонымен бірге жалған айқындығында болсын, жалаң ұлтшылдықта болсын, ақыр аяғында ғылымның ақиқаттың соңғы нүктесі болуға деген талпынысында болсын, әйтеуәр «қайткен күнде де мәселенің басын ашып алуға деген талпыныста», -жатса керек.

Саясат билік ретінде

Төртінші концепция мейлінше кең таралған сонымен бір мезгілде мейлінше әсіре радикальды да. Саясат мұнда мейлі үкімет болсын, мемлекет немесе «жария» өмір болсын ешқандай да кеңістікке белініп қарастырылмайды - ол өмірдің барлық саласын, тіпті «оның әрбір бұрышын» баурап алған делінеді. Адриан Лефтвич (Adrian Leftwich) «Саясат дегеніміз не? Саяси қызмет және оны зерттеу» (What is Politics? The Activity and Its Study, 1984 ), атты еңбегінде, «саясат ресми немесе бейресми болсын, «жария» әлде жеке өмірің болсын, әйтеуір – қоғамдық қызметіңнің ортасын болады, ол әлеуметтік топтарды, институттар мен қоғамдардың барлығында қамтиды»; мейлі ол, отбасылық қатынас, шағын топ, достардың жиыны немесе екінші жағынан мемлекет әлде жаһандық қауымдастық болсын, біз қоғамдық қатынастардың барлығында, саясатты көреміз. Осы арада адамның саяси қызметін оның өзге қызметтерінен ажыратып тұратын нәрсе не, оның ерекшелігінің мәні неде? - деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұрақты қарастырып отырған ұстаным былайша қарастырады. Саясат ретінде мұнда қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін қажетті өндіріс, өнімді үлестіру және ресурстарды пайдаланумен байланыстының барлығы танылады, ал сөз ең алдымен билік туралы – «өзіңе тиесіліні ала білу», жалпы қашан, қалай және қандай тәсілмен болса да ала білу туралы айтылуда. Бұл идеяны көркем сөзбен керемет бедерлеген Гарольд Лассуэл болатын. Оның еңбегі «Саясат: Кім нені, қашан және қалай алады?» (Harold Lasswell, Politics: Who Gets What, When, How? 1936). Қоғамдық өмірде бұл дәстүр ең әуелі мүдделердің сәйкес келмейтін-



1.Саясат дегеніміз не? 13

Назар аударайық.....

Биліктің «бедерлері»

А белгілі бір жағдайда Б – ны белгілі бір істерді істеуге мәжбүрлейтін болса билік пайда болады. Б оны қандай жағдайда да істегісі келмесе, сондай-ақ А-ның Б-ға әр түрлі тәсілдермен ықпал ету мүмкіндігі болатын болса, онда биліктің «бедерлері» туралы әңгіме айта аламыз:

Билік шешім қабылдау ретінде. Биліктің бұл «бедері» шешімдердің қабылдануын айқындайтын мақсатты әрекеттердің мәнімен анықталады. Бұл тәсілдің классикалық анықтамасын Роберт Дальдың «Американың қаласында кім басқарады? Демократия немесе билік» (1961) атты еңбегінен табамыз, онда автор биліктің кімнің қолында екендігін анықтау үшін түрлі әлеуметтік топтардың шешімдері мен ұнатымдарына (предпочтение) талдау жасайды. Алайда адамдардың шешім қабылдауларына түрлі тәсілдермен ықпал етуге болады. «Биліктің үш бедері» (1989) атты кітапта Кит Боулдинг осыған орай күш және үрейді («қамшыгерлік») қолдану, өзара тиімді түрлі қарым-қатынастар («келісім») және қатынас, өзара міндеткерліктерге негізделген қатынас, жеке ұнатым және сол сияқтылар («май -шелпек») секілді тәсілдерді көрсетеді.

Билік күннің саяси тәртібін анықтаушы ретінде. Биліктің екінші «бедері» Бахрах пен Барацтың түсінуінше (1962) шешімді қабылдатпауға қандай да бір саяси күштің қабілетті болуы. Бұл жерде сөз кімнің күннің саяси тәртібін қадағалап отыратындығы, - кімнің қандай мәселенің талқыланып, қандай мәселенің талқыланбайтындығын әуел бастан анықтайтындығы туралы болуда. Осыған байланысты айталық, әлде бір жеке корпорация өзінің билігін, тұтынушылардың құқығын қорғайтын заңды өріскел бұза отырып атқарады («биліктің бірінші бедері»), сонымен бірге ол партиялар мен саясаткерлердің мәселені талқылауға шығаруына барынша жол бермеуге тырысады («биліктің екінші бедері»).

Билік сананы қадағалаушы ретінде. Биліктің үшінші «бедері» - бұл оның өзге адамдарға, олардың қалауы мен сұранымдарына, ақыл – ойына әсер ету арқылы ықпал ету қабілеттілігі. (Лукс, 1974). Бұл билік психологиялық қадағалаудан немесе «сананы идеологиялық шаю» дегеннен көрінеді. Бұл арада мысал ретінде, корпорациялардың істеген істерін алға тарта отырып, тұтынушылардың құқығын қорғайтын жаңа заңды қабылдаудың қажеті жоқ, деп қоғамды иландыруға бағытталған жарнама индустриясын келтіруге болады. Саяси өмірде биліктің бұл тәсілі үгіт-насихат жүргізуде немесе жалпы идеологиялық әсер ету тәсілдерінен көрінеді.

дігін және тіпті олардың ұдайы дау-жанжалда болатындығын, бірақ ең маңыздысы – ресурстардың тапшылығына себеп болатын адамдардың қалаулары мен сұранымдарының шексіздігін, ал оларды қанағаттандырудың қашанда шектеулі екендігін алға тартады. Сондықтан да саясат мұнда шектеулі ресурстар үшін бәсекелестік, ал билік – осынау бәскелестіктегі басты құрал ретінде қаратырылады. Бұл ұстанымның жақтастарының қатарында феминистер мен марксшілдер бар. Қазіргі заманғы феминизм «саясилық» идеясына саясат өзінің дәстүрлігі түсінігінің аясында әйелдерге отбасы мен отбасылық міндеткерліктердің төңірегінде топтасатын «жеке» өмір саласын қалдырып, оларды саясаттың сахнасынан тыс көреді, - ал еркектер болса саясатта да, сондай-ақ «жария» өмірдің басқа салаларында да үстемдік етуде деуден бастау алатын аса маңызды мән береді. Әсіре феминизмнің теоретиктері сол себепті де қоғамдық өмірдің жеке және жария өмірге жіктелуіне қарсы шығып, оған балама ретінде «жекеліктің өзі саясилық» деген ұран көтереді, бұл – отбасылық, тұрмыстық және жеке өмірде болып жатқанның бәрі де дәстүрлі саяси қатынастырдың көрінісі, тіпті саясаттың өзі осының бәрімен басталады және аяқталады дейтін әсіре феминистер философиясының мәнін толық ашатын түйінді сөз. Әрине, бұл философиядан саясат туралы күнделікті түсініктен әлдеқайда әсіре – радикальды түсінік туындайды. Осылайша, Кэйт Миллет «Жыныстар саясаты» атты кітапта (Kate Millett, Sexual Politics, 1969) саясатқа «өзгелерді өзінің





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1034 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...