Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар



дейін) өмір жолы мен еңбектерін талдау арқылы берілген тарихы болып табылады. Мұндағы басты тәсіл – әдеби деректерді сындарлы талдау, ал міндет – белгілі бір ойшылдардың негізгі идеяларын анықтау, олардың көзқарастарының даму жолын ой елегінен өткізу, олар еңбек еткен ортаның жалпы интеллектуальдық ауа-райын суреттеу. Әдетте бұл өте ыждағаттылықты талап ететін еңбек. Ғылыми көзқарас бойынша ол объективті сипатта болмайды десек мәселе басқа, өйткені ол «Мен неліктен мемлекетке бағынуым керек?», «Қоғамда игіліктер қалай үлестірілуі тиіс?», «Қоғамдағы жеке бостандықтың шегі қандай болмақ?» деген сияқты сұрақтарды қарастырып, саяси ғылымның таза ережелік аспектілерімен айналысады.

Эмприкалық дәстүр

Эмприкалық, немесе, кейде дескриптивтік деп те аталатын, дәстүр теориялық дәстүрге қарағанда әлдеқайда кеш пайда болған болса да, оның да негізі саяси ойдың алғашқы бастауларына барып тіреледі. Оның элементтерін біз Аристотельдің мемлекеттік құрылыстардың типологиясын беруге талпынған әрекеттерінен, Макиавеллидің мемлекеттік басқарудың бүкіл болмысы мен детальдарын сипаттауларынан, Монтескьенің басқару мен құқық туралы әлеуметтік теориясынан кездестіреміз. Көп жағынан бұл еңбектер бүгінгі күндегі салыстырмалы мемлекеттанудың негізгі өзегін құрайды. Мұнда басты назар – саяси институттарға аударылған. АҚШ мен Ұлыбританияда мәселен, бұл саясаттанудағы басым бағытқа айналды. Бұл ұстанымға әрқашан да саяси болмысты ешқандай да үстірттікке бой алдырмай, шынайы сипаттауға әрекет ету тән болып келген. Бұл ұстанымның «дескриптивтік» болуының мәні оның саяси болмысты сараптауға және түсіндіруге деген талпынысында жатыр, ал (нормативтік) ережелік ұстаным қашан да тұжырымдар мен ұсыныстарды жасайтындықтан, «міндеттемелік» сипатта болып келген.

Дискриптивтік саяси сараптау кезінде ХҮІІІ ғасырдың ортасында Джон Локк (қар. 55 б.) және Давид Юм (1711 - 1776) сияқты философтардың еңбектерінен бастау алған эмпризм тарапынан елеулі философиялық қолдау көрді. Эмпиризмнің доктринасы білімнің басты негізі ретінде тәжірибені қарастыру қажет деген қағиданы ұсынды, ал барлық теориялар мен гипотезалар бақылу арқылы тексерілуі қажет деп санады. ХІХ ғасырдың басына келіп мұндай идеялар интеллектуальдық ағым – позивитизмге ұласты, бұл ағымның көрнекті өкілдерінің бірі Огюст Конт (1798-1857) болды. Эмпиризм барлық әлеуметтік ғылымдар, соның ішінде философиялық білімнің түрлері де жаратылыстану ғылымдарының қағидаларына қатаң түрде бағынуы қажет деп жариялады. Ақиқатты танудың бірден бір жолы деп, ғылым жарияланғаннан соң барып, саяси ғылымды қалыптастыруға бағытталған қозғалыс кең қанат жайды.

Ғылыми дәстүр

Объективті -санадан тыс және оған тәуелсіз бар нәрсе; көрінеді және сезіледі; субъектив-тік сезімдер мен құндылықтардан тәуелсіз.

Саясатты ғылыми категориялар бойынша сипаттауға әрекет еткен алғашқы теоретик Карл Маркс болды. Өзінің тарихи материализм деп аталатын концепциясын қолдана отырып, Маркс тарихи дамудың қозғаушы күштерін ашуға және өзінің түсінігі бойынша жаратылыстану ғылымдарындағы заңдар сияқты ғылыми мәртебеге ие «заңдарға» сүйеніп болашаққа қатысты болжамдар жасауға әрекет етті. Ғылыми сараптауға деген сән қуу барлық

1.Саясат дегеніміз не? 17

қоғамдық ғылымдарға таралды. 1870 – ші жылдарда «саяси ғылымның» курстары Оксфордтың, Париждің және Колумбия университеттерінде енгізілді, ал 1906 жылдан бастап American Political Science Review басылымы жарық көре бастады. Саяси ғылымдарға деген құлшыныс өзінің шарықтау шегіне 1950-1980 –ші жылдарда жетті, осы кезде баршы жерде, әсіресе АҚШ –та бихевиоризмнен бастау алатын саяси сараптау тәсілі қалыптасты. Осылайша саясаттану алғаш рет сенімді ғылыми мәртебеге қол жеткізді, үйткені ол бұған дейін саясаттануда болмағанды, - объективтілік пен сандық тексерілетін деректерді яғни кез келген гипотезаны тексерудің тәсілін берді. Давид Истон сияқты саясаттанушылар саяси ғылым ендігі жерде жаратылыстану ғылымдарының әдістемелерін қолдана алады деп жариялады, ал бұл ғылыми зерттеулердің, әсіресе сандық сараптау қағидаларына жауап беретін сайлау кездеріндегі көңіл-күй, заң шығару саласындағы көңіл-күй, муниципальдық саясаткерлер мен лобистердің көңіл-күйін анықтау сияқты зерттелуердің өркендеуіне жол ашты.

Алайда 1960 жылдардан бастап бихевиоризм күн өткен сайын күшейе түскен қарсылыққа кезіге бастады. Бихевиоризм талдауға тікелей бақылаудың аясынан шығуына мүмкіндік бермей, саяси сараптаулардың шеңберін барынша шектеп жіберді деген мәлімдеулер естіле бастады. Дегенмен, саясаттанудағы бихевиоризм электоральдық көңіл-күй сияқты салаларда құнды нәтижелер бергенімен және беріп келе жатқандығына қарамай, сандық тәсілдерге деген шектен тыс тәуелділігі саясаттануға осы мәселерді ғана талдаумен шектеліп қалу қаупін төндіреді. Ең өкініштісі бихевиоризм саясаттанушылардың тұтас бір буынының дәстүрлі ережелік саяси ойдан бастартуына әкеліп соқты. «Еркіндік», «теңдік», «әділеттілік», «адам құқығы» сияқты концепциялардан эмпирикалық тексеруге келмейтін қажетсіз нәрсе ретінде бас тартыла бастады. Бихевиоризмнен көңілі қалғандар 1970 жылдардан бастап ережелік мәселелерге көңіл аударды, бұл көзқарастар Джон Роулс (John Rauls (қар. 71 б.) пен Роберт Нозик (Robert Nozick (қар. 120 б.) сияқты теоретиктердің еңбектерінде көрініс берді.

  Бихевиоризм -психологиядағы бағыт: бұл бағыттың ұстанымы бойынша социологиялық теориялар бақыланылатын және сандық өлшемге деректер беруге қабілетті көңіл – күйді зерттеуге негізделуі тиіс.   Эмпирикалық– бақылаулар мен тәжірибелерге негізделетін білім; эмпирикалық білімнің қайнар көзі ретінде сезіну мен тәжірибе қызмет етеді.

ұнан әрі бихевиоризмнің ғылыми негізінің өзіне күмән туды. Мұның негізінде бихевиоризм объективті және сенімді, үйткені ол ешқандай да «құндылықтарға тәуелді емес», яғни ешқандай да этикалық немесе ережелік сенімдер және түсініктермен өзгертілмейді деп жариялау жатыр. Алайда барлық мәселе бақыланатын көңіл күйді сараптаудың өзегінде не жататындығында, үйткені қалыптасқан саяси қатынастар мен мекемелердің саяси мәртебесін (статус-квосын) іштей қабылдағаныңнан соң, оларды сипаттаудан басқа шараны іске асыру мүмкін емес. Осынау консервативтік үрдістің салдарынан «демократия» түсінігі бақыланатын көңіл – күй терминолгиясында басқаша тұрғыда түсінілетін болып қалды. Осылайша демократия «халықтың өзін-өзі басқаруы» деген мағынаны білдірудің орнына, элиталардың сайлау механизмдері арқылы билікті жеңіп алу үшін күресі деп түсініледі. Басқаша айтқанда, Батыстың дамыған елдеріндегі демократиялық саяси жүйе деп аталатын жүйеде болатын құбылыстар демократия деп түсінілетін болды.

Қазіргі заманғы үрдістер

Саясатқа туралы қазіргі заманғы теориялық ұстанымдардың ішінен – «саяси –





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1089 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...