Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Саяси теориялар. Билік (бедел)Биліктің екі түрін ажырата білуіміз қажет – беделдіден туындайтын билік




Түсініктемелік түйін

Билік (бедел) Биліктің екі түрін ажырата білуіміз қажет – беделдіден туындайтын билік, және күштен туындайтын билік2. «Беделді - билікті» ең дұрысы «мойындалған билік» деп қарастырған жөн. Егер «күштің - билігі» өзгелердің мінез-құлқын анықтауға бейімділікті көрсетсе, «беделдің билігі» бұған құқықтылықты білдіреді. Сол себепті де «беделді - билік» баршаның белгілі бір талаптарды алдау-арбаусыз және мәжбүр-леусіз өз еркімен орындауға қабылдау-ларына негізделеді. Осы тұрғыдан келгенде «беделді - билік» әділеттікті жамылған күшті білдіреді.

Вебер мұндай биліктің үш түрін атап көрсеткен: тарихтың тереңінен бастау алатын дәстүрлі билік, билеушінің жеке қасиеттеріне негізделген харизматикалық билік және заңдастырылған ережелерге негізделген рацинальдық-құқықтық билік (Билігтің легитимділігі бөлімін қар.).

Ең сорақысы көпшілік саясатпен шұғылдануды «күмәнді» іс, тіпті әй-шәйсіз «лас», әу бастан күдікті сипат-тағы істермен, зорлық-зомбылықпен, алдау-арбаулармен, екіжүзділікпен, жал-пы өтіріктің өзімен байланысты іс санайды. Мұндайда не дерсің, тек қана мұндай ассоциациялардың еш жаңалығы жоқ екендігін алдыға тартасың. Мысалы сонау 1775 жылы Самуэль Джонсон1 саясат дегеніміз – бұл «бар болғаны мына жалғанда жақсы мансапқа қол жеткізудің жолы ғана» деген болатын, ал ХІХ ғасырда американдық тарихшы Генри Адамс оны «жек көрушіліктің жүйесі» деп бағалаған. Сол себепті де саясатты анықтауға бағытталған кез келген әрекет, ең әуелі мәселені осындай ассоциа-циялардан тазалып алуы керек. Бастапқыда саясаттың сондай-ақ қоғам-ның назарында қажетті, маңызды тіпті құрметті іс ретінде өзіндік мәртебесінің


де болғандығын атап өткен жеткілікті. Екіншіден мұнан да күрделі мәселе бүгінгі күнге дейін ең беделділердің өздері де саяси ғылым нені зерттейтіндігі туралы мәселеде ортақ пікірге келе алмай отыр. Саясатты – билікті орындау тәсілі, ұжымдық шешімдер қабылдау тәсілі, жетіспейтін ресурстарды үлестіру тәсілі, алдап-арбаудың жүйесі және т.б. түрлі тәсілдермен анықтап жатады. Б ірлесіп өмір сүрудің неғұрлым жалпы заңдылықтарын қалыптастыру, сақтау және байыту тәсілі – деп біздің еңбегімізде ұсынылып отырған саясаттың анықтамасының артықшылығы, біздің пікір бойынша оның жоғарыда аталған талдауларың көпшілігін қамтитындығында. Бірақ барлық мәселелерді қаншалықты кең құлаш сермесеңде шеше алмасың белігілі, үйткені біз берген анықтамаға үңіліп қарай қалсаң, немесе оның кейбір қырларын тереңірек түсіндіргің келсе, жаңадан туындайтын сұрақтарға тап боласың. Айталық, саясат өмір сүрудің қандай да бір нақты заңдылығын қалыптастыруға, сақтауға және байытуға қатысты ма (мысалы, бұл іс бейбіт жолмен – саяси пікір сайыстар немесе қоғамдық пікір алмасулар арқылы жүзеге асады ма?) немесе осыған қатысты барлық тәсілдерге қатысты ма; саясаттың жүзеге асу кеңістігіне қоғам тұтастай қажет пе, жоқ әлде оның қызметіне бірқатар салалар ғана қажет пе (үкіметтік басқару жүйесіне немесе кеңірек айтатын болсақ, жария саясаттың саласына)?

Сол себепті де саясат түсінігі мейлінше көпмағыналы (21 б. қар.), ол сан-алуан мәнді де заңды мағыналарды қамтыған. Сонымен бірге, осынау алуан түрлі анықтамалар, соның ішінде жоғарыда берілген анықтамалар да, шын мәнінде бір құбылыстың (мүмкін әлі толық анық емес) алуан қырларын білдіретін мағына ғана екенін естен шығаруға болмайды. [1],[2]


1.Саясат дегеніміз не? 5

Қалай болғанда да «саясат дегеніміздің не» екенін қарастырғанымыз жөн, үйткені біз осынау мәселені қарастыру барысында шын мәнінде осы мәселені зерттеуге қатысқандардың және зерттеп жүргендердің шынайы интеллектуалдық және идеологиялық қарама-қайшылықтарымен танысамыз.

Мұнан әрі біз саясатқа қатысты төмендегідей көзқарастарды қарастырамыз:

Саясат мемлекеттік басқару өнері ретінде

Аңызды ақиқат деп қабылдайтын болсақ, Германияның канцлері Бисмарк, бір кездері – «Саясат ғылым емес – ол өнер», - деген екен. Көне замандағы гректердің саясат туралы дәстүрлі түсінігі тұрғысынан алғанда, Бисмарк ойда тұтқан өнер, - ұжымдық шешімдерді қабылдау және орындау нәтижесінде қоғамның үстінен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару өнері болатын.

«Саясат» термині тура мағынасында «қала - мемлекет» түсінігін беретін полис «polis» сөзінен туындаған. Ежелгі Грекия, тарихтан білетініміздей, өз алдына жеке басқару мекмелері бар көптеген қала-мемлекеттерге бөлінген болатын. Бұл полистердің ішіндегі ең үлкені және ықпалдысы, демократияның тарихи бесігі деп аталуға құқылы Афина болатын. Тарихи тұрғыдан қарағанда, саясат дегеніміз – полиске қатысы бар істер, сөзбе-сөз айтқанда – «полиске қатыстының» барлығы саясат болмақ. Бұл анықтаманың қазіргі заманғы формасы – «мемлекетке қатыстының барлығы саясат» (қар. 108 б.). Осынау анықтама күнделікті өмірімізде бәрінен көбірек айтылады: мысалы біз, мемлекеттік немесе белгілі бір беделді қызметтке орналасқан адам туралы, «ол саясатқа кетті» - деп айтамыз. Саяси философия да терминді осылайша түсінуден бастау алған.

Бүгінде саясатты «мемлекетке қатыстының барлығы», деп түсіну, академиялық ғылымның өзінің бар назарын билік мекемелерінде кімнің және қалай қызмет етіп жатқандығына аударуын сипаттайтын пән туралы біршама ескірген көзқарас болса керек. Мұндай ұстаным бойынша саясатты зерттеу дегеніміз шын мәнінде үкіметті немесе кеңірек айтатын болсақ – билікті жүзеге асыруды зерттеу болып шықпақ. Бұл дәстүр, атап айтатын болсақ, саясатқа «билік құрылымдарының құндылықтарды үлестіруі», деп анықтама берген американың беделді саясатанушысы Дэвид Истонның (David Easton, 1979,1981), еңбектерінде көрінеді. Бұл арада саясат тек қана белгілі бір үрдістерді ғана, яғни қоғамның ықпал етуінің нәтижесінде үкіметтің құндылықтар мен игіліктерді үлестіруін немесе кері әрекеттерге баруын бейнелеп отыр, ал игіліктер ретінде, қоғам тарапынан қабылданған және міндетті деп саналатын игіліктер айтылуда. Саясат мұнда ағылшын тіліндегі «policy» түсінігіне, яғни билік мекемелерінің қоғамға белгілі бір бағдарламаны немесе қызмет бағытын ұсынуға негіз болатын ресми шешімдердің жиынтығына сәйкес келеді. Мұндай ұстанымның көзге көрініп тұрған кемшілігі – оның шеңберінің шектеулігі. Саясат дегеніміз сонда бар болғаны политияның (polity) –


қоғамның ұйымдасуының билік аппаратының төңірегіне топтасқан жүйесінің ішінде жүріп жатқан істерді ғана қамтиды ма?

Полис – қала мемлекет; классикалық дәстүрде – қоғамның ұйымдасуының неғұрлым тиімді формасы.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1505 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...