Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саясатты зерттеу 14



Саясатты зерттеудегі ұстанымдар 14

Саясатты зерттеу ғылыми болуы

мүмкін бе? 20

Түсініктер, моделдер және теориялар 21

Тұжырымдар 26

Талқылауға арналған сұрақтар 27


1. Саясат дегеніміз не? 3


Бұл тарауда біз келесі сұрақтарды талқылаймыз.

Негізгі сұрақтар

Қызметтің айрықша түрі ретінде саясатты қандай ерекшеліктер айқындайды?

Сан-алуан ойшылдар мен дәстүрлер «саясат саласын» қалай түсіндірді?

Қоғамдық институттардың барлығы да саясат кеңістігіне жатады ма, жоқ әлде


саясат олардың бір қатарын ғана қамтиды ма?

Ғылыми пән ретінде саясатты зерттеуде қандай ұстанымдар қалыптасқан?

Саясатты зерттеу ғылыми сипатқа ие болуы мүмкін бе?

Саяси талдау барысында концепциялар, модельдер және теориялар қандай рөл

ойнайды?

Саясаттың анықтамасы

Жалпы айтқанда саясат сөзінің мағынасы адамдардың бірлесіп өмір сүру барысында қалыптасатын, қорғалатын және дамитын ортақ ережелердің қалыптасу үрдісін білдіреді. Сол себепті де саясат дау-жанжал (conflict) және әрекеттесу (cooperation) сияқты құбылыстармен тығыз байланысты болып келеді. Бұл дәл осылай, үйткені, бір жағынан қоғамдағы орын алып отырған көзқарастар, сұраныстар мен мүдделерге байланысты алшақтықтар екінші жағынан түптің түбінде өмір сүрудің ортақ ережелеріне байланысты қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады, - осынау ережелерді өзгерту үшін немесе ең болмағанда оларды сақтап қалу үшін әрекеттің қажет екенін барша түсінеді. Осы тұрығдан алғанда Ханна Аренд (қар. 10 б.) саяси билікке «қызметтес болу» деп анықтама береді. Аталған себептер бойынша саясатты көбіне дау-жанжалдарды реттеу үрдісінде, көзқарастар мен мүдделер қайшылықтарын бітістіруге қатысты қарастырады. Бірақ, бір жәйтті атап өту қажет, осынау мейлінше кең ауқымда қарастырғанымызбен, саясатты тек қана дау-жанжалдарды реттеуші деп қана емес, сонымен бірге оны бітістірудің жолын іздестіруші деп те қарағанымыз жөн, үйткені қоғамда орын алатын дау-жанжалдардың бәрі бірдей дер кезінде шешімін таба бермейді немесе шешімін таба алуы мүмкін. Сондықтан, бір жағынан – қоғамның алуан түрлілігінің тағдырға жазылғандығынан (қанша дегенмен біз бір бірімізге ұқсамаймыз), екінші жағынан – қоғамдық ресурстардың жетіспеушілігінен (көптің көңілінен шығу мүмкін емес), саясат адамзат қоғамының ажырамас құрамдас бөлігі болып қала бермек.

Дегенмен «саясат» түсінігінің мәнін мейлінше толық ашуға талаптанған кез келген әрекет алдымен екі мәселені шешеп алуы қажет болады. Біріншіден – «саясат» терминін күнделікті қолдануда шектен тыс көпмағыналы, тіпті «асыра сілтенген» түсініктерге байланысты туындаған түрлі ассоциациялардың (салыстырулардың) көптігі.


Айталық экономикаға, геог-рафияға, тарихқа немесе биологияға адамдардың көпшілігі таза ғылыми пәндер ретінде қарайды да, саясатқа келгенде «өзіндік пікірі» жоқтар саусақпен санарлықтай! Көп жағдайларда саясатты зерттеу шынайлықтан алыс жатыр, оны өзіңнің талғамыңнан тәуелсіз қарастыру мүмкін емес дейді.

Дау-жанжал – қарама-қарсы жақтар арасындағы көзқарастардың, таңдаудың, сұраныстың және мүдденің алуан түрлілігін туындайтын бәсекелестік.

Әрекеттесу – ұжымдық талпыныс жолымен мақсатқа жету барысындағы, бірлесіп атқаратын қызмет.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 609 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...