Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Басылымына



алғы сөзі

Бұл кітаптың мақсаты – оқырманды қазіргі заманғы саясат пен саясаттану мәселелері туралы мейлінше толық кіріспемен қамтамасыз ету. Әуел баста ол саяси ғылымдардың белгілі бір тарауларын оқып жүрген студенттерге көмекші құрал ретінде жазылды. Алайда автор, оқулыққа жалпы мәселелер бойынша өзінің назарын аударар оқырмандарды ешқашан ойдан шығарған жоқ.

Саясат қай уақытта да бір орнында тұрған емес: мүмкін саясаттанудың сырлылығы да сонда шығар. «Зулаған» замананың сарынын сезіну, заман ақырға таянғанда туындайтын көңіл-күйдің орын алуына себепші болған жоқ: көптеген көрсеткіштер бойынша тарих толқыны шындығында да жылдамдығын арттыра түсуде. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында әлем: коммунизмнің күйреуіне, «қырғи қабақ соғыстың» аяқталуына, жаһандық экономиканың қалыптасуына, коммуникациялар мен өндірістегі технологиялық революцияларға куә болды. Біз күтпеген кезімізде әлде бір постәлемге тап болдық: постмодернизм, постматериализм, постфордизм, постсоциализм және постиндустриализм концепциялары құбылмалы калейдоскоптағы секілді бірінен соң бірі келетін жаңа үйлесімділікті қалыптастыруда, олардың болмыс бітіміне қаншалықты үңілсең де өзіңе бала күннен белгілі белгілердің бір де бірінің қалмағанын көресің. Сонымен бірге бізді қоршаған ортадағының бәрінің де аяғы аспаннан келді деп те айта алмайсың. Ия, өзгерістердің екпіні екілене түсті, алайда біздің қоғамдық өмірімізде, біздің саяси кеңістігімізде, таңданбауға лажың жоқ, ештеңе де өзгермеген секілді. Міне сондықтан да осынау кітап, жаңа құбылыстарға – жаһандануға, феминистер мен «жасылдар» қозғалыстарына, этносоционализмнің қанат жаюына, бірқатар жаңа қоғамдық қозғалыстардың пайда болуына баса назар аудара отырып, пәнге деген саяси ойдың Платон немесе Аристотель, Маркс немесе Милль сияқты классиктер қалыптастырған дәстүрлі ұстанымдарды да қамтуға талпынды.

Бұл кітаптың екінші басылымы: бірқатар мәселелер онда толық ашылған, жаңа кесінділер мен кескіндер қосылды. Жаһандану, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси коммуникациялардың жаңа түрлері, «үшінші жолдың» идеологиясы, аймақталу, демократияландыру және мемлекеттік басқару қағидасынан қоғамды макробасқаруға деген жалпы бетбұрыс сияқты тақырыптар неғұрлым кеңірек қамтылды. Сонымен бірге автор пәнді оқып үйрену барысында неғұрлым ауыр соғатын мәселелерді назардан тыс қалдырмауға тырыса отырып, саяси талдаудың барлық аспектілерін қарастыруға әрекет етті. Саяси философия мен саясаттанудың арасындағы дәстүрлі алшақтықты мейлінше жақындастыру ниетімен кітапта нормативтік концепциялар мен саясаттанудың эмприкасының арасындағы байланыстар барынша толық қарастырылды, көптеген мәселелер «елден елге», «жүйеден жүйеге» өту қағидасы бойынша емес, халықаралық болашақтың мәселелері ретінде берілді.

ХХ

Кітап бөлімдер ретінде берілген негізгі бес тақырыптан тұрады. «Саясат дегеніміз не?» деп аталатын бірінші бөлімде – саясаттанудың концептуальдық және әдістемелік мәселелері қарастырылып, кітаптың қарастыратын бүкіл болмысына өзіндік бір кіріспенің рөлін атқарады. «Ұлттар және жаһандану» атты екінші бөлімде мемлекеттер мен ұлттардың әсіресе, жаһандық саясаттың қалыптасу кезеңі мен үрдістердің интернационалдануы тұрғысынан қарағандағы рөлі мен маңызы қарастырылады. «Саяси әрекеттесу» атты үшінші бөлімде қоғамдағы саяси және саяси емес факторлардың өзара байланыстары, «билік жүргізушілер» мен «билікке бойұсынушылардың» арасындағы коммуникациялар арналары талданады. «Мемлекеттік басқарудың механизмдері» атты төртінші бөлімде мемлекеттік басқаруға ықпал ететін институционалдық және саяси үрдістер қарастырылады. Ең соңында, «Саясат және саяси жүйелердің қызмет етуі» атты бесінші бөлімде – «саясаттың қалай жасалатыны» және саяси жүйелердің қызметі қандай өлшемдермен бағаланатыны баяндалады, ал бұл өз кезегінде оқырманды оқулықтың бірінші бөлімінде қарастырған теориялық және идеологиялық мәселелерге қайта оралтады.

Әрбір тарау өзінің негізгі сұрақтары мен тақырыптарына қатысты жалпы көзқарасты баяндаумен ашылады. Тараудың соңында түйінделген тұжырымдар мен талқылауға арналған сұрақтар тізімі беріледі. Тараудың мәтінінің жиегінде қарастырылып отырған терминдердің анықтамасы түрінде қосымша материалдар, сондай-ақ кесінділер келтіріледі және саяси ойшылдар мен саясаткерлердің қысқаша өмірбаяны беріледі. «Түсініктемелер түйіні» кесіндісі қарастырылып отырған термин немесе концепцияны айрықша бөліп баяндайды. «Назар аударыңыз» кесіндісі осынау теориялар мен ұстанымдарға, сондай-ақ пікір сайыстар мен көзқарастарға тереңірек үңілуге шақырады. Екінші басылымдағы жағымды жаңалықтың бірі, оқулықтың өзінің www.palgrave.com/faundations/heywood - вебсайтының ашылғандығы. Сайт қажетті мекен-жайларды, тарауларға қажетті материалдарды, сұрақтарды (жауаптарымен) және қосымша материалдарды қамтыған.

Осынау жұмыстың алғашқы нұсқасын қарап шыққан пікір білдірушілерге, әсіресе Джон Гринэвэйге (John Greenaway), Уин Грантқа (Wyn Grant), Крис Браунға (Chris Brown) және Джерри Стокерге (Gerry Stoker) айрықша алғыс айтқым келеді. Олардың кеңестері мен сын-ескертпелері шын мәнінде конструктивті сипатта болып, кітаптың сапасының артуына елеулі еңбек етті. Кітаптың көптеген идеялары әріптестірім және достарыммен, олардың ішінде Карон және Дага Вудвордтарды (Karon and Doug Wooward) айрықша атағым келеді, арада өткен пікір сайыстар барысында талдаудан өтті. Сабырлық пен төзімділік рухымен суарылған менің қолдаушыларым ретінде шабытымның ұдайы қайнар көзі бола білген баспагерлерім Фрэнсис Арнольд (Frances Arnold), Стивен Кеннеди (Steven kennedy) және Сюзанна Беривудтерге (Susannah Burywood) айтар алғысым мол. Алайда алғысымның ең шұрайлысын - әрине жұбайым Джинге айтқым келеді. Ол қолжазбаны баспаға даярлаудың барлық қиыншылықтарын бастап кешіріп қана қоймай, сонымен бірге мәтіннің стилі мен мазмұны туралы қашанда қажетті кеңесін беруден бас тартқан емес, бұл әсіресе жұмыстың қисынды қиюласулары енді-енді үзіліп, бәрі де босқа кетуге айналғанда айрықша мәнге ие болатын.

Кітап менің ұлдарым – Марк пен Робинге арналады.

Эндрю Хейвуд, 2002

       
   


Автордың

орыс тіліндегі басылымына

алғы сөзі

Бүінде Ресей бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр, міне осы маған кітаптың кейбір мәселелер бойынша ресейлік оқырмандарға өзінің септігін тигізеді-ау деген үмітті ұялатады. Коммунизмнің күйреуі сан-алуан экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық салдарларға әкеліп соқты, бүгінгі таңда осынау салдарлар әлі күнге өзінің күшін жойып біткен жоқ. «Жаңа демократия» ретінде Ресей өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан саяси жүйенің айрықша қызықты бір үлгісі болып отыр. Мұнда елдегі белсенді саяси азаматтық қоғамның даму үрдісін мейлінше аша түсетін ресейлік федерализм жағдайындағы призеденттік жүйенің қалыптасуы; Федералдық Мәжілістің эволюциясы; көппартиялық жүйенің пайда болуы ерекше назар аударатын құбылыстар мен үрдістер болып отыр және мұның бәрі де экономикадағы нарықтық қатынастардың интенсивті түрде дамуы барысында плюрализм, азаматтық еркіндік, заңның билігін қамтыған жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуы жағдайында өтуде.

КСРО-ның күйреуі елде және бір күрделі мәселені туындатты – бұл мәселе елдің ұлттық тепе-теңдестік (идентичность) мәселесі, бұл бүгінде жаңа «орыс идеясын» іздеумен ұласып отыр. Осыған байланысты бірқатар сұрақтар туындайды – федеративтік мемлекеттің тұтастығын қалай сақтап қалуға болады, мұнда ұлттық қатынастар қалайша дамуы қажет (әсіресе исламдық фактор маңызды және күрделі түйін сияқты), жас мемлекет замананың зауалдарына қалай жауап қатуы тиіс, ұлттық сеператизм мәселесі дегеніміз не және т.б. Бірақ бар мәселе бұл ғана емес: Ресейге өзінің Батыс пен Шығыстың арасындағы орнын анықтауы керек – ол өзін Европаның құрамдас бөлігі санайды ма, соны анықтауы қажет. Белгілі бір мағынада, Ресейдің саясатының енді ғана туындап немесе қайта өрлеп келе жатқандығы туралы айтуға да болады. Менің осы кітапта айтқанымдай, саясат адамдар арасындағы келіспеушіліктің болғандығы үшін ғана туындамақ, сол себепті де арадағы келіспеушіліктердің шешімін тауып, реттеу үшін де саясат қажет. Ия, саясат, біз білетіндей, әрқашанда да ақ қолғаптармен жүзеге асырыла бермейді, оның ішінде алуан-түрлі мәселелер жасырынып жатыр, бірақ оларды шешудің мұнан асқан тиімді жолын өкінішке орай адамзаттың әлі күнге таба алмағанына бәріміз келісеміз.

Эндрю Хейвуд, 2004

       
 
   
 


Кесінділер

               
       


тізімі

Түсініктемелер түйіні


Lfissez-faire 230

Абсолютизм 32

Авторитаризм 47

Конвенция 361

Консенсус 11

Конституционализм 365


Антисемитизм 47

Әкімшілік 446

Құқықтар туралы билль 368

Бюрократия 441

Мекемешілдік 449

Билік (бедел) 4

Заң билігі 377

Соғыс 465

Гегемондық 253

Гендер 246

Жаһандану 174

Мемлекет 109

Мемлекеттік басқару 30

Азаматтық еркіндік 470

Азаматтық бойсұнбау 350

Азаматтық қоғам 9

Азаматтық 504

Мүдделі топтар 337

Деволюция 211

Демократияландыру 100

Диктатура 468

Батыс 41

Идеалдық тип 22

Идеология 52

Империализм 163

Интернационализм 159

Атқарушы билік 411

Таптық сана 272

Коалиция 329

Ұжымдық қауіпсіздік 194

Отаршылдық 146

Коммунизм 42

Коммунитаризм 218

Конституция 360

Конфуцияшылдық 44

Корпоративизм 341

Коррупция 448

Космополитизм 140

Жеке басқа табыну 432

Мәдени ұлтшылдық 134

Легитимділік 265

Көшбасылық 429

Лобби 349

Мандат 284

Макробасқару 6

Масс – медиа 255

Мемлекетаралық 186

Халықаралық құқық 195

Милитаризм 467

Министрлік жауапкершілік 458

Ғылым, сциентизм 19

Ұлттар 132

Ұлт-мемлекет 152

Нейтралдық 378

Неомарксизм 115

Неоплюрализм 112

Жаңа қоғамдық басқару 450

«Жаңа солшылдар» 352

Қоғамдық қозғалыс 351

Қоғамдық мүдде 299

Қоағмдық тап 239

Қауым, коммуна 217

Омбудсмен 459

Жауапкершілік 393

Апарадигма 25

Парламенттік демократия 95

Мемлекетті басқарудың парламенттік жүйесі 387

Парламенттік егеменділік 372

Партиялық демократия 319

Партия және фракция 310

Партиялық үкімет 325

Партиархия 118

Патриотизм 142

Бастапқы сайлаулар 316

Заңдарды қайта қарау 379

Жоспарлау 233

Плебисцитарлық демократия 88

Плюрализм 98

Плюралистік демократия 97

Полиархия 38

Саясимәдениетшілдік 149

Саяси мәдениет 252

Саяси партия 309

Саяси қауымдастық 495

Саяси теңдік 85

Популизм 435

Постматериализм 264

Постмодернизм 79

Адам құқығы 375

Өкілдік 280



ХХІІІ


Мемлекетті басқарудың президенттік жүйесі 416

Тепе-теңдік өкілдік 289

Теңдік 503

Биліктің тармақталуы 388

Нәсіл 244

Нәсілдік теория, расизм 145

Революция 271

Релятивизм 500

Нарық 224

Еркіндік 370

Еркін сауда 188

Әлеуметтік капитал 261

Әлеуметтік нарық 228

Статус 240

Субсидиарлық 192

Егемендік 161

Теократия 45

Қоғамдық келісім теориясы 342

Ланкестік 33

Тоталитаризм 33

Дәстүр 265

«Үшінші жол» 72

Утилитаризм 490

Утопия 31

Федерализм 202

Фордизм, постфордизм 241

Харизма 266

«Қырғи қабақ соғыс» 165

Экология, экологизм 77

Элита, элитизм 99

«Тап - партия» қатынасының эрозиялануы 303

Партиялардың эрозиялануы 301

Этатизм 123

Этникалық 212

Этноорташылдық 493

Атқарушы биліктің өзегі 427


Назар аударайық

Мемлекет басшысы 412

Экономиканы жаһандық басқару 193

Мүдделі топтар: қолдаушылар мен қарсылар 343

Гуманитарлық басқыншылық 169

Екі палаталық жүйе: қолдаушылар мен қарсылар 343

Екі палаталық жүйе: күшті және әлсіз тұстары 397

Тұтқындар дилеммасы 18

Европалық интеграция: қолдаушылар мен қарсылар 190

Олигархияның темір тәртібі 318

Сайлау жүйелері: қарапайым көпшіліктің жүйесі 291

Сайлау жүйелері: екінші кезең жүйесі 292

Сайлау жүйелері: балама дауыс беру жүйесі 293

Сайлау жүйелері: партиялық тізімдер жүйесі 298

Сайлау жүйелері: өтпелі дауыстар жүйесі 295

Сайлау жүйелері: аралас жүйе 294

Премьер-министр институты 423

Саяси тұлғалар

Ханна Аренд 10

Аристотель 7

Иеремия Бентам 89

Эдмонт Берк 57

Исая Берлин 150

Эдурад Бернштейн 70

Макс Вебер 267

Мэри Воллстоункрафт 76

Александр Гамильтон 203

Маркус Гарви 214

Георг Вильгельм Фридрих Гегель 108

Иоганн Готфрид Гердер 133

Адольф Гитлер 74

Томас Гоббс 374

Антонио Грамши 256

Джон Кеннет Гэлбрейт 242

Роберт Даль 340

Томас Джефферсон 330

Иммануил Кант 158

Джон Мэйнард Кейнс 231

Наоми Кляйн 353

Владимир Ильич Ленин 93

Джон Локк 55

Джузеппе Мадзини 139

Никколо Макиавелли 8

Мао Цзедун 273

Министрлер кабинеті: күшті және әлсіз тұстары 426

Кванго: артықшылығы және кемшілігі 452

Кодифициралдық конституция: күшті және әлсіз тұстары 362

Комитеттер: артықшылығы және кемшілігі 399

Европалық Одақтың жұмыс істеу механизмі 187

Орталық-шет аймақтар модельі 215

Қоғамдық келісім 110

Ашық үкімет: қолдаушылар мен қарсылар 498

Саяси кеңістік 313

әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі 501

«Солтүстік пен оңтүстіктің қарама-қарсылығы» 176

Тікелей жемократия және өкілетті демократия 86

Аймақтық эконмикалық блоктар 181

Референдумдар: қолдаушылар және қарсылар 283

Монархия туралы тартыс 423

Карл Маркс 66

Герберт Маркузе 69

Джон Стюарт Милль 56

Жан Моне 183

Шарль-Луи Монтескье 386

Джеймс Мэдисон 396

Фридрих Ницше 430

Роберт Нозик 120

Майкл Оукшотт 263

Томас Пейн 282

Платон 15

Пьер-Жозеф Прудон 201

Роберт Путнам 262

Джон Роулс 71

Жан-Жак Руссо 92

Адам Смит 225

Иосиф Сталин 68

Алексис де Токвиль 274

Лев Троцкий 443

Бетти Фриден 354

Милтон Фридман 232

Френсис Фукуяма 37

Юрген Хабермас 269

Фридрих фон Хайек 61

Самюэл Хантингтон 182

Наум Хомски 168

Э.Ф. Шумахер 237

Иосиф Шумпетер 286





       
   
 
 


Саясат дегеніміз не?

               
       



Адамзат өзінің жаратылысында

саяси мақлұқ

Аристотель. Саясат, 1


Саясат өте қызық іс, үйткені біз бәріміз алуан түрліміз. Біздің арамызда қалай өмір сүру керек, қоғамнан кім және не алуы керек, кім билікке лайық, жалпы қоғамдық игіліктер қалай үлестірілуі қажет, ең соңында қоғамдық өмірдің негізінде не жатыр – келісім бе жоқ әлде дау-жанжал ма деген сұрақтарға ортақ келісім жоқ. Адамдар көбіне осынау мәселердің қалай шешілуі керектігіне де келісе бермейді... Аристотельдің пікірі бойынша осының бәрі саясатты «патшалар ғылымы» етеді – оның көмегімен өмірді жақсартып, кемелденген қоғам құруға болады. Осылайша саясат, - ең әуелі және ең бастысы әлеуметтік қызмет болып табылады. Бұл қашанда диалог – және ешқашанда монолог болмақ емес. Мейлі Робинзон Крузо сияқты жеке тұлғалар - өзінің жеке шаруашылығын құру, өнер туындысын жасау және т.б. көптеген істерге қабілетті бола қойсын, бірақ олардың бір де бірі саясатпен айналыса алмайды. Үйткені саясат бейнелеп айтқанда, Жұмабай пайда болғанда ғана басталмақ. Саясаттың негізінде жатқан пікір қайшылықтары, әрине оны шешудің жолдарын қарастыру барысында да туындайды. Бұл арада біз тағы да қандай да болмасын әлеуметтік мәселені «саяси мәселеге» айналдыратын не, саяси қызметті қалай талдау қажет, оны қалайша түсінікті түрде түсіндіру керек деген сұрақтарға тап боламыз.

Мазмұны

Саясаттың анықтамасы 3

Саясатмемлекетті басқару

өнері ретінде 5

Саясат жария жария үрдіс ретінде 8

Саясат ымрашылдық және келісім

ретінде 11

Саясат билік ретінде 12





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 886 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.039 с)...