Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шәкірттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру



1) Сабақтағы өнімді ой жұмысы мен қиялдау жағдайларын қамтамасыз ету шараларын жоспарлау:

· сендіру, иландыру формасындағы ұстанымдарды пайдалану;

· игерілуі тиіс нысандар мен құбылыстарды қабылдап, оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;

· тұрақты зейін мен зейін шоғырлануына қажет жағдайлар жасау;

· жаңа материалды қабылдауға қажет өткенді игеріп, есте сақтаған білімдері мен ептіліктерін қайта жаңғыртуға арналған әрқилы жұмыс түрлерін қолдану (әңгіме-сұхбат, жеке сауалнама қайталау жаттығулары);

2) Жаңа білімдер мен ептіліктер қалыптастыру үдерісінде шәкірттекрдің ойлау және қиялдау іс-әрекеттерін ұйымдастыру:

· балалардың білім, ептіліктерінің қалыптасу деңгейін (нақты сезімдік, ұғымдық, жалпы бейнелік, қорыту «жаңалықтары») анықтау;

· ойлау әрекеттері мен қиялдауды ұйымдастыруда елес-ұғым, түсіну деңгейін қалыптастыру мен жаңа бейнелер жасаудың психологиялық заңдылықтарын арқау ету;

· белсенділік пен дербес ойлауды қамтамасыз етуші тәсілдер мен жұмыс формаларын жоспарлау (сауалнама түзу, проблемді жағдайлар жасау, міндеттерді шешудің әрқилы проблемді-эвристикалық деңгейлерін қолдану, кемісті не сиыспайтын деректерге негізделген мәселелерді шешу, сабақтағы ізденіс-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өзіндік жұмыстарға байланысты шешімді, бірақ ақыл-ой қиындығы бар жұмыстар түзу, танымдық дербестік дамыту мақсатында тапсырмаларды күрделендіру);

· түсінім деңгейін көтеруге басшылық (сипаттама, салыстырма, түсіндірме, жұмыстарды қорыту, бағалау және мәселелі тапсырмаларға өту) жасай отырып, ой толғастыру мен тоқтамды пікір айту ептіліктерін қалыптастыру;

3) жұмыс нәтижелерін бекіту:

· жаттықтыру жолымен дағды қалыптастыру;

· бұрын игерілген ептіліктер мен дағдыларды жаңа жұмыстарды орындауда саналы пайдалануға үйрету;





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 761 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...