Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаңа материалды игеру сабағының құрылымы



шәкірттердің жоғары тұлғалық ой белсенділігіне орайласқан таным үдерісі заңдылықтарын ескерумен сабақ материалының алғашқы ұсынылуы;

шәкірттерге нені есте қалдыру қажеттігі туралы нұсқау беру;

жадта қалдырып, ұзақ мерзім есте сақтауға жәрдемші сеп-түрткілерді пайдалану;

есте қалдыру шараларын түсіндіру немесе бұрыннан білетіндерін жаңғырту (тірек материалдарды пайдалану, мағыналық топтастыру және т.б.);

мұғалім басшылығында жекеленген қорытындыларды тікелей қайталау жолымен алғашқы бекіту;

алғашқы есте қалдыру нәтижесіне бақылау жасау;

әрқилы жаңғырту талаптарын жіктемелі тапсырмаларға байланыстыра, алғашқы қысқа мерзімді, кейін ұзақ уақытқа мөлшерленген жүйелі қайталауларды ретімен атқарып бару;

іштей қайталау және игерілген білімдер мен дағдыларды жаңа білімдерді меңгеру үшін қолданып отыру;

есте қалдыру және сақтау, игерілгендерді қадағалау үшін тірек материалды оқу-үйретім үдерісіне жиілетіп ендіру, есте қалдырып, пайдалану нәтижелерін үздіксіз бағалап бару.

Бекіту және білім, ептілік, дағдыларды дамыту сабағының құрылымы:

· алдағы оқу-үйретім жұмысының мақсатын хабарлау;

· берілген тапсырмаларды орындау үшін қажетті білім, ептілік және дағдыларды қайта жаңғырту;

· сабақта әртүрлі тапсырма, мәселе және жаттығулардың орындалуы;

· орындалған жұмыстарды тексеру;

· орын алған қателіктерді талқылау және түзету;

· үй тапсырмасы (қажет болса);

Ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру сабағы:

· сабақ мақсатын алға тарту;

· тірек болар орныққан ептіліктер мен дағдыларды қайталау;

· тексеру жаттығуларын орындау;

· жаңа ептіліктермен таныстырып, оларды қалыптастырудың үлгілерін көрсету;

· оларды игеру жаттығулары;

· оларды бекіту жаттығулары;

· ретімен, үлгі (алгоритм) бойынша орындау, нұсқау жаттығулары;

· игерілгендерді ұқсас жағдайларда пайдалану жаттығулары;

· шығармашыл сипатты жаттығулар;

· сабақ қорытуы;

· үй тапсырмасы.

Қайталау сабағының құрылымы:

· сабақ бастауын ұйымдастыру;

· тәлімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін алға тарту;

· негізгі ұғымдар мен пікірлерді, тұғырлы білім, ептілік және дағдыларды, іс-әрекеттер амалдарын (тәжірибелік, ақыл-зерделік) қайталауға арналған үй тапсырмаларын орындау. Алдағы қайталауды білумен, өткен сабақта соған сәйкес үй тапсырмаларын іріктеп, таңдау;

· қайталау қорытындысын шығару, сабақтағы жұмыстар нәтижесін тексеру;

· үйге тапсырма.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 933 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...