Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабаққа қойылатын талаптар



1.Қазіргі заман сабағына қойылатын дидактикалық талаптар.

· Жалпы рәсімдік міндеттер мен сабақ элементтерінің нақты болуы, олардың дамытушылық және тәрбиелік міндеттерімен байланысы. Нақты сабақтың жалпы жүйедегі орны;

· оқу-үйретім бағдарламасы талаптары мен мақсаттарына сай әрі шәкірттердің дайындығы деңгейін ескерумен сабақтың ең тиімді мазмұның анықтау;

· сабақта және оның кезеңдерінде балалар игеретін ғылыми білімдер қалыптасуына қатысты ептіліктер мен дағдылар деңгейін болжастыру;

· ынталандыру мен бақылау, сабақтың әр кезеңіндегі ұтымды ықпалын қамтамасыз етуші аса мәнде әдістер, тәсілдер мен жабдықтарды таңдау, танымдық белсенділік көтеру, сабақтағы ұжымдық және жеке-дара жұмыстардың әрқилы формаларын өзара байланыстыра пайдалану, сабақ барысындағы дербес, өзіндік жұмыстарға мейлінше жол ашу;

· сабақта барша дидактикалық принциптерді іске асыру;

· шәкірттердің табысты оқу-үйренімі мен ұғынуына жағдайлар жасау;

2. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

· Нақты пән және сабақ ауқымында бала дамуын жобалау;

· сабақ мақсатын белгілеуде шығармашылыққа байланысты психологиялық міндеттер мен өтілген жұмыстар нәтижесін ескеру;

· балалар дамуын қамтамасыз етуші жекеленген педагогикалық-психологиялық құралдар мен әдістемелік тәсілдерді күні ілгері байқастыру;

3. Сабақ мәнері:

1) сабақ мазмұны мен құрылымын тұлғалық бағыт және үйрете дамыту принциптеріне сәйкестендіре анықтау;

· есте қалдыру және ойлау жүктемелерінің сәйкестігі;

· қайта жаңғырту және шығармашыл іс-әрекеттер көлемін белгілеу;

· мұғалім сөзінен, оқулықтан, оқу құралдарынан және өз белсенділігі мен дербес игерілетін ақпараттарды жоспарлау;

· мұғалім және шәкірт тарапынан орындалатын мәселелі-эвристикалық оқу-үйретім жұмыстарын іске асыру. (кім сұрақ қояды, кім жауап береді);

· мұғалімнің шәкірт іс-әрекетіне деген бақылауын, талдауын бағасын және балалардың өзара сындарлы бағаларын, өзіндік бақылаулары мен өзіндік талдауларын ескеру;1

· шәкірттердің сабаққа болған ынтасы (әңгімелеп қызықтыру, ерік қосу, қиыншылықтарды жеңу жолдарын ұқтыру т.с.с.) мен мәжбүрлеу (баға қойылатынын ескерту, өтіну, уағыз айту, т.с.с.) ара қатынасын назарда ұстау;

2) Мұғалімнің өзіндік ұйымдастыру ерекшеліктері:

· сабаққа дайындығы (психологиялық мақсатты сезіну және оны іске асыруға іштей дайындық);

· сабақ басындағы және барысындағы жұмыс қабілеті (жинақылығы, сабақ мақсаты мен тақырыбына орай көңіл-күйі, шабыты, мақсатқа жетудегі табандылығы, сабақтағы жағдайлардың бәрін көтеріңкі көңілмен қабылдап, күйзеліске берілмеу, педагогикалық тапқырлық және т.б);

· сабақтағы психологиялық жай -күй (қуаныш, шынайы қарым-қатынас, іскерлік байланыс және т.б.);





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1898 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...