Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ өзкізу амалдарына мән беру



· сабақ көңіл-күй көтеріңкілігімен, қызығушылық және білімге болған ықыласпен өтуі шарт;

· сабақ қарқыны мен ырғағы ұтымды, мұғалім мен шәкірт әрекеттері үйлесімді, бітімді болғаны жөн;

· сабақта мұғалім мен шәкірт арасындағы әрекеттестік байланыс толық болып, педагогикалық әдеп және педагогикалық табыс сеніміне негізделуі тиіс;

· өзара қайырымдылық пен белсенді, шығармашылық еңбек табысы болуы міндетті;

· мүмкін болғанша іс-әрекет түрлері алмасып, әрқилы әдістер мен тәсілдер ауыстырыла қолданғаны пайдалы;

· мұғалім әр баланың белсенді оқу- үйренімін қамтамасыз етуі тиіс.

Сабақты жоспарлау кезеңдері:

· тақырып немесе бөлім бойынша сабақтар жүйесін құру;

· бағдарлама, әдістемелік құралдар, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді пайдалану мен сабақтың тәлім-тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін айқындап алу;

· сабаққа сай аса қажет материалды іріктеп алу, оны мағыналық тұрғыдан бітімге келген бірнеше топтарға, бөлімдерге айыру, тірек білімдерді бөліп алу, дидактикалық өңдеуге түсіру;

· сабақта түсініп, есте қалдыруы тиіс басты материалды шәкірттің көре білуі;

· сабақ құрылымын нақтылап, оның типі мен онда жоғары тиімділік пен қолданылатн әрқилы әдістер мен тәсілдерді анықтап белгілеу;

· сабақ материалдарының басқа пәндермен байланыстарын таныту және оларды жаңа материалды өтуде, жаңа ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда пайдалану;

· сабақтың барша кезеңдеріндегі мұғалім мен шәкірттің барша әрекеттерін, әсіресе, ең алдымен жаңа білімдер мен ептіліктерді игеруге, оларды қалыптан тыс жағдайларда қолдануы жоспарлау;

· сабақтың дидактикалық құралдарын (кино-диафильмдер, суреттер, плакаттар, сұлбалар, қосымша әдебиеттер жәнет.б.) дайындау.

· Сабаққа қажет жабдықтар мен техникалық құралдарды тексеру;

· мұғалімнің тақтаға жазып не бейнелейтін мәтіндерін және сондай жұмыстардың балалар тарапынан орындалыуын жоспарлау;

· шәкірттердің сабақтағы өзіндік жұмыстарының көлемі мен формаларын алдын-ала ескеріп, олардың балалар дербестігін дамытуға бағытталуына назар аудару;

· сабақта және үйде игерілген білімдерді, орныққан ептіліктерді бекіту формалары мен тәсілдерін, білімдерді қорыту және жүйелестіру жолдарын анықтау;

· белгіленген формада әдістер мен білімдері тексерілетін шәкірттер тізімін дайындау, олардың ептіліктер деңгейін анықтауды жоспарлау;

· үй тапсырмаларының мазмұның, көлемін және формасын анықтау, тапсырмалар ұсыну әдістерін ойластыру;

· сабақты қорытындылау формасын ойластыру;

· талаптарға сәйкес сабақ жоспарының орындалуы мен барысын хаттау;





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 805 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...