Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқу-үйретім формалары



Форма - іс-әрекет бағдарының сипаты. Форма негізгі жетекші әдіс. Формалар нақты (сабақ, қосымша дәрістер, факультативтер, кеңестер, үй жұмысы, сынақтар, т.с.с.) және жалпы болып блінеді.

Сабақ – оқу-үйретімнің ұжымдық формасы. Оған тән сипаттар: тұрақты шәкірттер құрамы, дәрістер уақытының шектелуі, дәріс материалының баршаға бірдей міндеттілігі. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей, сабақ құрылымы мен оның әдістемесі көбіне тәлім барысында шешілетін дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге тәуелді, сонымен бірге, мұғалім қолындағы құрал-жабдықтарына да байланысты келеді. Осыдан, сабақтарға әдістемелік тұрғыдан көптүрлілік тән. Дегенмен, олардың бәрін төменде келтірілген типтер бойынша ажырата топтастыруға болады.

· Дәрісбаян сабақтар іс жүзінде бұл көзделген тақырып бойыншамұғалім монологы, ал егер мұғалім шебер келсе, мұндай сабақтарды екеу ара сұхбатқа айналдыруға болады;

· Зертханалық (тәжірибелік) дәрістер ( мұндай форма, әдетте, нақты ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналады );

· Игерілген білімді тексеру және бағалау сабақтары (бақылау жұмысы, тестілеу);

· Аралас сабақтар (өткенді қайталау, игерілгенді жаңғырту, үй тапсырмасын тексеру, ауызша және жазбаша сараптама жүргізу);

· Жаңа материлды меңгеру: бұл кезеңде жаңа материалды мұғалім ұсынады немесе шәкірттер кітаппен жұмыс істеу арқылы оны өз бетінше тауып игереді;

· Білімді тәжірибеде қолдану ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру (жаңа тақырып бойынша мәселе шешу, тапсырмалар орындау);

· Үй тапсырмасын ұсынұ;

Г.Б.Васильева өзінің «Орта жалпы білімдік мектептің әдістеме жұмысына талдау» атты еңбегінде оқу-үйретім әдістерін ұйымдастырудың келесідей кешенін ұсынады.

Дәстүрлі сабақтар Қалыптан тыс сабақтар
-кіріспе сабағы -жаттығу сабағы -бақылау сабағы -бекіту сабағы -өзіндік жұмыс сабағы -техникалық құралдар пайдалану сабағы   -тәжірибелік жұмыстар сабағы -аралас сабақ -қайталау-қорыту сабағы -жарыс-сабақ -ашық ой сабағы -турнир-сабақ -пікір-талас сабағы -жаңалық тарту сабағы -шығармашылық сабағы -сахналық сабақ -бәсеке-сабақ -конференция-сабақ -бірігімді пәндер сабағы -ойын сабағы -ертегі сабағы -зерек-тапқырлар сабағы -саяхат сабағы -білім аукционы -ғажайып конверт сабағы -қиялдау сабағы

Әрине, жоғарыда келтірілген қалыптан тыс сабақ формалары мен шектелуге болмайды. Педагогикалық қарым-қатынас орнатудың бірден-бір кепілі - мұғалімнің таланты. Кейінгі жылдары жазалау-түзету (пенитенциярлық) мекемелерінде уағыз сабақтары кең қолданылуда. Бұл жұмыс формасы жалпы тәлімдік орта мектептерде де артықшылық етпес еді. Экология, экономика, технология пәндері сабақтарда қолданылатын мұндай форма «Үнемді де ұқыпты бол!», «Жер – судың егесі сен!», «Қанағат табыс әкелер!» сынды айдарлармен жүргізілсе, бала тәрбиесіне келтірер пайдасы мол болмақ.

Факультатив дәрістер мектептік тәлімді кезекті сәтсіз реформалау барысында XX ғасырдың 60-жылдар соңы мен 70-жылдардың басында қол-данымға енген еді. Бұл дәрістерді енгізгендегі ниет қалаушылардың барша-сына пәнді тереңдей игерту, меңгерту еді, алайда, бұл форма үлгермеушілермен қосымша жұмыс деңгейінен ары аса алмады.

Үй жұмысы - мұғалімнің тікелей басшылығын қажет етпейтін оқу-үйретім жұмысы.

Сыныптан тыс жұмыс – олимпиядалар, үйірмелер - шәкірттердің жеке дара қабілеттерінің дамуына ерекше тиімділікпен ықпал жасаушы оқу-үйретім іс түрлері.

8. БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ - САБАҚ





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 997 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...