Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көмекші техникалық құралдар



Бұларға мұғалім мен тәрбиеленушінің тәлім, білімдік еңбегін жетілдіруде қолданылатын приборлар, қол құралдары, жәрдемші бөлшектер кіреді. Алайда, олардың ешқайсысы да аталған топтарға енбейді (мысалы, сызғыш, калькулятор және т.б.). Сырттай ықпал-белгілерді қабылдауға жәрдемесетін сезімдік мүмкіндіктеріне орай бөлуді негізге алып, ақпарат ұсыну техникалық құралдарын үш топқа ажыратуға болады:

- есту (аудио) құралдар;

- көру (визуаль) құралдар;

- аудио-визуалды (есту-көру) құралдар.

Соңғы аталған топ дербес есептелінеді. Бұл алғашқы екеуінің қарабайыр бірігімі емес, себебі көру-есту құралдары жекеленген көру не есту құралдарына тән болмаған ерекшеліктерге ие.

Есту мен көру арналарының бірдей, бір уақытта қолданылуының жад, есте қалдыру нәтижесі көтеріңкі болады.

Дыбысты қондырғылар. Бұлар, ең алдымен, экскурсияда не шулы өндіріс цехында мұғаілм даусын көтеруге арналған электронды күшейткіштері мен динамикалы қондырғысы бар микрофондар. Кейде бұл мақсат үшін мұғалімнің кеңістікте еркін қозғалысына жәрдемші радиотелефондар пайдаланылады. Саз бен ән-күйді жазып, қайта дыбыстауға мүмкіндік беретін магнитофондар, лазерлік дискілі аппараттар (DVD) – осы топтан.

Көру құралдары. Кең қолданымдағылары диа-және графопроекторлар. Диапроекторлар жәрдемімен фотоматериалдағы бейнелер-слайдтар, диафильмдер экранға түсіріледі. Графопроекторлар (кодоскоптар) – аса пайдалы сәуле түсіру апараттары. Аталған құралдардың бәрі де дидактикалық тұрғыдан қолдануға өте ықшамды және қарапайым.

Аудиовизуалды қондырғылар. Бұлар тобына арнайы қарастырылған көру - есту құралдары, оқулық кино, теледидар және видеодискілі жүйелер кіреді.

Мектеп оқу-үйретім жұмысында кино мықты орын иелейді, дегенмен оның қолданымын шектеуші жағдаяттар баршылық: кино көріп отырып, конспект жазуға болмайды, ой толғастыру, пікір алысу мүмкін емес, мұның бәрі кейінге қалдырылады.

Кейінгі жылдары оқу ақпаратын ұсынудың негізгі техникалық құралы ретінде оқу-үйретім теледидары кең өріс алуда. Бұл құралдың оқулық кинодан ажыратылатын біршама ерекшеліктері бар. Оқу-үйретімде теледидарды пайдаланудың ғылымдық мәселелері дидакттар мен педагогтарды көптеп қызықтыруда. Оқу-үйретім іс-әрекетінің әр түріне орай теледидарлық техниканы қолданудың көптеген әдістемелік тәсілдері нақтыланып ұсынылуда.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1635 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...