Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айталау-қорыту сабағының құрылымы



· ұйымдастыру кезеңі;

· мұғалімнің кіріс сөзі: игерілген тақырыптың маңызын атап, сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлайды;

· шәкірттердің қорыту және жүйелеу жұмыстарындағы жазба, ауызша әртүрлі жаттығуларды жеке-дара, ұжымда орындап, деректер мен құбылыстардың ортақтығына негізделіп, жалпыланған ептіліктер мен жалпы ұғымдық білімдерді меңгеру;

· орындалған жұмыстарды тексеру, қажет болса, түзетулер беру;

· игерілген материал бойынша қорытынды пікірлер жасау;

· сабақ нәтижесін бағалау;

· сабақ қорыту;

· үйге тапсырма (қажеттікке қарай).

Аралас сабақ құрылымы. (әдетте, мұндай сабақ екі не одан көп дидактикалық мақсат белгілейді):

· сабақ бастауын ұйымдастыру;

· үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын белгілеу;

· шәкірттерді жаңа ақпараттарды қабылдауға дайындау, яғни өткендегі білімдері мен тәжірибелік және ақыл-зерделік ептіліктерін жаңғырту;

· жаңа материал бойынша үйрету, үйрену, қажет жерінде түсіндіріп, қабылдауға дайындау;

· осы сабақтағы игерілгенді жеке, онымен байланысты өтілген сабақта меңгерілген материалды біріктіре бекіту;

· білім мен ептіліктерді қорыту және жүйелеу, жаңа игерілгенді бұрын қабылданып, меңгерілген материалдармен байланыстыру;

· сабақты қорыту және нәтижесін шығару;

· үй тапсырма;

· жаңа тақырыпты игеру үшін қажет дайындық ұйымдастыру (егер керек болса).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 719 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...