Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Игерілген білімдерді тексеру сабағы



· Сабақ бастауын ұйымдастыру. Мұндағы талап: шәкірттерге жайлы, іскерлік жағдай жасау, олардың игергенің тексеру, бақылау жұмыстарынан сексенбеуге, шектен тыс күйбенге түспеуге үйрету. Мұғалім міндеті-балалардың келесі материалды ұғынуға дайындығын байқау;

· сабақ міндеттерін алға тарту. Мұғалім қандай материалды тексеретінін не бақылайтынын хабарлайды. Балалар қажетті ережелерді еске түсіріп, оларды жұмыс барысында қалай пайдаланатынын айтып беруді өтінеді. Өзіндік жұмыстарын өздері тексеру керектігін еске салады;

· бақылау не тексеру жұмыстарының мазмұнын баяндау (мәселе, мысал, диктант, шығарма не сұрақтарға жауап және тапсырмалар өз көлемі мен қиындық дәрежесі бойынша бағдарламаға сәйкес келіп, әр шәкірттің мүмкіндігіне сай болуы тиіс);

· сабақтың қорытындысын шығару. Мұғалім тәуір жұмыстарды іріктеп, қалған жұмыстардағы кемшіліктерді талдайды, жіберілген қателер бойынша жұмыс ұйымдастырады (кейде бұл үшін келесі сабақты пайдалануы мүмкін;

· игерілген білімдер мен ептіліктерге байланысты жиі қайталанатын қателіктер мен кемшіліктер түрін анықтап, сонымен бірге әрқилы білім мен ептіліктерді жетілдірудің жолдарын қарастыру;

Білім, ептілік және дағдыларды тәжірибеде қолдану сабағының құрылымы:

· сабақ бастауын ұйымдастыру (балалардың психологиялық көңіл-күйіне бағыт беру);

· сабақ тақырыбын және оның міндеттерін хабарлау;

· ептіліктер қалыптастыруға қажет жаңа білімдермен таныстырып, игерту;

· алғашқы ептіліктерді қалыптастыру, бекіту және оларды сәйкестігіне орай қалыпты жағдайларда пайдалану;

· білімдер мен ептіліктерді өзгерген жағдайларда қолдануға жаттықтыру;

· білімдер мен ептіліктерді шығармашылыққа пайдалану;

· дағдылар орнықтыруға арналған жаттығулар;

· үйге тапсырмалар;

· сабақ қорытындысы, сонымен бірге шәкірттер орындаған жұмыстарға баға;





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 669 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...