Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 15



1.Тақырыбы: М.Еслямғалиев прозасы.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. «Әйтеке би» тарихи – философиялық дилогиясының көркемдік мәні.

2. Тарихи таным және көркемдік шешім мәселесі.

3.Дәрістің мақсаты:. «Әйтеке би» тарихи – философиялық дилогиясының көркемдік мәні.

4.Дәрістің мазмұны:

Әйтеке (шын аты Айтық) Бәйбекұлы-Кіші жүз Алшынның Әлімінен шыққан қазақтың атақты биі. Есім ханның тұсында Самарқанды билеген атақты Жалаңтөс батырдың немересі. Ол Нұрата тауының Бұқарға қарай созылған Қызбибі деген жерінде дүниеге келген (қазіргі Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы).Ол он екі жасына дейін атасы Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді үйренеді. Бұқар мен Самарқан медреселерінде араб-парсы тілдерінде білім алған. Жастайынан ілім-білімге ынтызар Әйтеке өзінің шешендігімен көзге түседі. Кезінде Кіші жүздің жұрт таныған биі аталады. Төле, Қазыбек билермен бірге “Жеті жарғы” кодексін жасауға белсене қатысады. Ұлы, Орта, Кіші жүздер арасындағы ру аралық дауларды шешуге атсалысады.
Әйтеке би-жас қазақ мемлекетінің іргетасын қалауға, оның тұтастығын сақтау ісіне көп еңбек сіңірген көрнекті тұлға. Оның қай жылы қайтыс болғаны жайлы деректер әлі де белгісіз. Ол Нұратадағы Сейітқұл атасының қабірінің аяқ жағында жерленген.
Қазақтың XVIII ғасырдағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің әрмен қарай белгілі бір бағытпен дами түсуіне Кіші жүз биі Әйтекенің де қосқан үлесі зор. Әйтекенің кейбір нақыл сөздері екеу ара тілдесу-диалог түрінде болып келеді. Оның Қазыбек, Төле билермен кездескендігі сөздерінің бәрі дерлік нақыл, ғақлиятға толы тамаша тағылым.
Мәселен, оған: “Атадан жақсы ұл туса-елдің туы болады, жаман ұл туса-соры болады. Сен соның қайсысың?”-деп Қазыбек би сұрақ қойғанда, Әйтеке: “Оразының кәрісі қартайғанда қазына болады, шиырлығының кәрісі қартайса, қазымыр болады деуші еді. Сіз соның қайсысы боласыз?”-деп қарсы сұрақ қояды. “Иншалла, қазынамыз”-дейді Қазыбек. “Ендеше, біз елдің туымыз”-депті сонда Әйтеке... Енді бір кездесуде екі би Әйтекеден: “Жігіттің жақсысы қандай болады?”-деп сұраса керек. Ол сұраққа Әйтеке: “Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген адам жігіттің жақсысы”-деген көрінеді. Оның екі аңшыға берген төрелегі де тәлімдік жағынан ұтымды, ойлы, сенімді тағылым.
Жігіттің бірі: “Мен осы түлкінің жүні жетілсін деп алты ай жаз сыртынан бағып, ұстамай жүр едім, сондықтан түлкі маған тиесілі”, - десе екіншісі: “Мен кешегі қансонарда түлкінің ізімен келіп, сол арқылы ұстап алып едім, олай болса түлкі маған тиесілі”, - деп дау айтады. Сонда Әйтеке: “Түлкі арлан болса, ізімен келіп, індеткен кісінікі, ұрғашы болса, жүні жетілсін деп ін баққандыкі. Өйткені, ұрғашы ін сақтайды, еркек тұз сақтайды”, - деп екі аңшының дау-дамайын тапқырлықпен шешіп береді.
Төле мен Әйтекенің жұмбақтап айтқан тұспалдары да шешендік өнердің ғажап үлгісі. Мәселенің шешімін, түп қазығын нағыз ақыл иесі ғана айта алады. Мәселен, құн даумен Төлеге Әйтекенің айтыстары осындай дәл шешімін керек ететін аталы сөздер. Әйтеке: “Тірімен танысқалы келдік, өліге болысқалы келдік”, - дегенде, оған Төле би: “Бұйрығыңызға құлдық. Қылышыңыз болса-мойынымызға. Құшағыңыз болса-қойнымызға”, - деп іліп әкетіпті. Қасындағылар: “Сіздер жұмбақтасып кеттіңіздер, бұл не деп тұспалдағандарыңыз, мағынасын айтсаңыздар”, - дегенде, Әйтеке би:
“Төле ағамыздың қылышыңыз болса-мойнымызға”дегені, - ел тентегінің айыбын мойындағаны. Ал “құшағыңыз болса-қойнымызға”дегені, - өлген кісінің құнына жасауымен қыз беремін”деп айыбының төлемін ұсынғаны”-дейді. Екі ұлы бидің сөздерінен ел арасындағы бірлік, татулықты сақтау мен сөзге тоқтау, ақылға құлақ асу секілді тобықтай түйінді байқаймыз.
Жас өскінді патриоттыққа, ел-жұртын, туған жерін жан-тәнімен сүю рухында тәрбиелеу - Әйтеке би толғауларының негізгі арқауы. Мәселен, ол: “Жігіт жампозы ел қориды, жігіт жаманы жер қориды”, - дейді. Немесе “Ер жігіттің белгісі неде? ” - деген сұраққа атақты Кіші жүз биі: “Елдің қамын жоқтай білген, дұрыс сөзге тоқтай білген”, - деп жауап берген. Оның осындай тауып айтқан сөз тіркестері кейіннен ел аузында мәтелге, қысқа да болса нұсқа аталы сөздерге айналып кеткен. Бұлардың қай-қайсысы да туған жерді сүюге, оны жан-тәнімен қорғауға үндейтін, адамға рух беретін тәлімдік мәні күшті асыл сөздер.
Имандылық тәрбиесінің негізгі қағидаларының бірі-кісіге оң бата беру, тілек айту. Бата сөздер-қазақтың ұлы билерінің тәлімдік тағылымдарының ішіндегі ең бір елеулісі. Билер жас буынға ата-бабалары мен ардақты ағаларының абзал қасиеттерін жете меңгеріп, ер жетіп, тәрбиелі азамат болуына шын ниетімен тілектестігін жүрек жарды баталары арқылы білдірген. Ұлы билер батырлар мен сарбаздарға, сондай-ақ іске кіріскен жастарға сәттілік тілеп, тағылымы мол бата берген.
Әйтеке бидің поэтикалық сөздерінде, зерттеушілердің айтуынша, табиғат құбылыстары, қоршаған орта, адам, оның мінездері, сот, құқық төңірегінде мәселелер, сондай-ақ дауласушы адамдардың сол сәттегі жәй-күйі, яғни психологиясы көрсетіледі.
Әйтеке бидің тәлім-тәрбиелік пікірлері жайлы сөз болғанда, алдымен оның психология іліміне қатысты ой-пікірлері ауызға бірден ілінеді. Оның бұл жөнінде айтқандары афористік толғауларында жақсы көрсетілген. Мәселен: “Ашу деген-ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген-дария, алдын тоссаң тоқырар”. Ұлы би адам ылғи ашуланып жүрсе, тез шаршайды, қажырлы еңбек ете алмайды дейді. Әрине, ашуланбайтын адам болмайды. Бірақ адам ашуға жол бермей, мүмкіндігінше жадырап, ақжарқын көңіл-күйде болуға тырысуы керек. Әйтеке би ашуды ағын суға теңейді, өйткені ашу күшті сезім, ол кейде кенеттен пайда болады да тез өте шығады. Ал ақыл-дария, оның алдын тоссаң тоқырайды дегені де шындыққа сәйкес тұжырым.
Әйтеке бидің кісілікке, адамгершілікке, ағайынгершілік пен туысқандыққа байланысты түйіндерінде де үлкен мән жатыр. “Кісіге бірге туыспау керек, туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады, жол қуған олжаға жолығады”, - дейді ол.
“Ер азығы мен бөрі азығы жолда” демекші, бұл арқылы Әйтеке би ер-азаматқа “тірлік істе, жұмыс қыл, сөз қуғанша” деп, тәлімдік маңызы зор ақыл-кеңес береді. Ол өмірдің, тіршіліктің мән-мағынасы туралы сөз қозғайды.
Мәселен, Әйтеке дүниенің өткіншілігі туралы, сондай-ақ мораль мен әдеп хақында талай-талай өнегелі сөздер айтқан. Бұл оның философиялық көзқарасының мәні тереңде жатқандығын байқатады. Әйтеке тағылымдарының жыраулар толғаулары мен үндес екенін байқау қиын емес. Расында да, қазақ билерінің артына қалдырған мұраларына талдау жасау арқылы сол кездегі қазақ мәдениетімен рухани өмірінің болмыс-бітімін айқын аңғаруға болады. Билердің қара сөздері мен толғауларында нақты оқиғаларды көрсетумен қатар, адамдардың бейнелері мен образдары жасалынып, өмір фактылары көркемдік тұрғыда қорытылады.
Әйтеке бидің тәлім-тәрбиелік тағылымдары түрлі тақырыптарды қамтиды. Мәселен: “Асқар тау, сенде бір мін бар, асуға жол бермейсің, тасқын су сенде бір мін бермейсің”, - деп, ол тауларды тұспалдау арқылы кейбір бойы ұзын, ақылы қысқа адамдарды мінеп-шінейді. Суға өткел бермейсің, асып-тасып жатасың деуі де адам басында кездесетін осындай кемшілікке байланысты айтылған. Бұл – би шешеннің диалектикалық тұрғыдан пайымдауының бір көрінісі.
Әйтеке өз әріптесі билерді де сынап қояды. Билерге сөзге шебер де шешен келеді, басқаға сөз бермейді дейді. Әйтекенің өзінің жеке басы туралы айтқандарының да үлкен тәрбиелік мәні бар.

Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп, айтатын, дауды еділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған. Сон-дыктан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңын жасасқан азамат.Халық жырауы Қазанғап Байболұлының Төле биге арнаған дастанында Төле биге, Қаз дауысты Қазыбекке мінездеме береді де, Әйтеке биге келгенде былай термелейдіОнан да өткен Әйтеке, Қудан үшқыр, құланнан. Мүндай шешен болмайды, Бір сөзін жүз мақалдап, Сипаттап қандай тіркейді. Түршіктіріп денеңді, Барған сайын өрлейді. Таудай сөзге тарыдай, Қию тауып сөйлейді. Ерегіссе біреумен Қара жерге жерлейді Қанша ділмәр дегендер, Ширегіне келмейді…

Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адамбаев былай жазады:«Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, кырғыз халыктарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері»

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1998

2. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. –А., 2000

3. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: қысқаша очерк: жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралы. –А., 2003

4. Е.Ысмайылов, Жаңа белеске, А., 1962

5. Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі, А., 1958;





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 751 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...