Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайдаланатын әдебиеттер. 1.Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев лирикасының, поэмаларының көркемдік ерекшелігі



1,2,3,4,5,7,9,10,13,15

7 дәріс

1.Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев лирикасының, поэмаларының көркемдік ерекшелігі

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. «Мен қазақпын», «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел», «Жыр туралы жыр» поэмалары.

2. Поэмалардың мазмұны мен тақырыптық ерекшеліктерін айқындау.

3.Дәрістің мақсаты:

Жұбан Молдағалиев шығармаларының поэтикасын талдап үйрету.

4. Дәріс мазмұны:

«Жыр туралы жыр» (1956) поэмасында ол эпикалық талантын көрсетуде жаңа қырынан таныла түседі.Мұса Жәлел өмірі қатты толқытқан ақын ерліктің сыры мен өмір шындығы жайлы сыр толғай білді. Батырдың бейнесін жан-жақты ашуда сезімталдығы, сыршылдығы адам ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігімен астаса жырланады. Мұса Жәлел жырының рухын биікке көтеріп, асқақтата түседі.

Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы – «Мен қазақпын» поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық – публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары «Қыран дала», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары» атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлігін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалық поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.

Ж.Молдағалиевтің поэмалары бүкіл одақ көлеміндегі үздік еңбектердің қатарында бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық сипаты, мінезі терең ашылып бейнеленеді.

«Жыр туралы жыр» (1956) поэмасында ол эпикалық талантын көрсетуде жаңа қырынан таныла түседі.Мұса Жәлел өмірі қатты толқытқан ақын ерліктің сыры мен өмір шындығы жайлы сыр толғай білді. Батырдың бейнесін жан-жақты ашуда сезімталдығы, сыршылдығы адам ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігімен астаса жырланады. Мұса Жәлел жырының рухын биікке көтеріп, асқақтата түседі.

Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы – «Мен қазақпын» поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық – публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 1478 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...