Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 12



1.Тақырыбы: Қайрат Жұмағалиев поэзиясы

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қ.Жұмағалиевтің шығармашылық ғұмырнамасы.

2. Ақынның балаларға арналған шығармалары.

3.Дәрістің мақсаты:

Қайрат Жұмағалиевтің публицистикасы.

4.Дәрістің мазмұны:

Ақын Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда (қазіргі Бӛкейорда) ауданында Жиекқұм ауылдық кеңесінің (қазіргі Бейсен ауылы) Бесқұдық деген жерінде дүниеге келген.

1952 жылы Азғыр мектеп-интернатында (қазіргі Атырау облысының Құрманғазы ауданы) 8-класты бітірген. Сол жылы Капустин Яр, Азғыр, Тайсойған, Ембі әскери-сынақ полигондарының ашылуына байланысты аудан таратылғаннан соң, жергілікті халық Оңтүстік Қазақстанға кӛшірілді. Қайрат Жұмағалиев 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ильич ауданындағы ІІІ Интернационал атындағы орта мектепті бітірді.

1959 жылы Алматы қаласының С. Киров атындағы ҚазМУ-дің филология факультетін тамамдаған. 1959-1985 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарған. 1986-1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарында аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор. 1993-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық сектор меңгерушісі, ал 2005-2009 жылдары Президенттік Мәдениет орталығында шығатын «Мәдени мұра» журналында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Қайрат Жұмағалиевтің 30-дан астам ӛлеңдер жинағы, аударма кітаптары жарық кӛрді.

«Ақырғы матч!», «Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ кӛрпе!», «Хатшепсут», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық кӛрген. «Желсіз түнде жарық ай», «Мәңгі алау» атты бір актылы пьесалардың авторы.

«Алматы – әсем астана», «Кӛзіміз енді ашылды!», «Сәулетшілер сәулеті» атты скетчтердің авторы.

Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, Мольердің «Тартюф яки суайт» комедиясын, Э. Растанның «Сирано де Бержерак» драмасын, А. Блоктың «Қанжар және крест» драмасын, А.А. Әл-Мааридің, Ш. Руставелидің, Физулидің, Низамидің, А.Пушкиннің, М. Лермонтовтың, В.Маяковскийдің, С.Есениннің, Ю.Тувимнің, К.Хетагуровтың, Я.Райнистің, Мұса Жәлелдің, М.Светловтың, С.Вургунның, М.Лукониннің, Ғафур Ғұламның, Ю.Тувимнің, С.Наровчатовтың, А.Межировтың, А.Вознесенскийдің, В.Торопыгинның, А.Каныкинның, М.Алигердің,

Н.Матвееваның, К.Киромның, И.Токмакованың шығармаларын ана тілімізге аударған. Н.Хикметтің «Таңдамалы», Р.Рождественскийдің «Дүние дүбірі», Р.Казакованың «Алыстан аңсағаным» ӛлеңдер кітаптарын аударған. А. Дюманың «Граф Монте-Кристо романын (Ә.Жұмабаевпен бірге), моңғол жазушысы Л.Тудэвтің «Тау тасқыны» романын, француз ақыны П.Ж.Беранженің «Бақытты жұбайлар» атты ӛлеңдер жинағын аударған.

Қырғыз эпосы «Манасты» қазақ тіліне тәржімалауға қатысқан.

Ақын ӛлеңдеріне қазақ композиторлары ән жазған. Оның ішінде: Е.Рахмадиевтің «Шабыт», «Батыр қыз Жадыра», «Қоңыр күз», «Жадырай түсші, жанерке!» атты романстары, «Алып аймақ», «Алтын бесік»; Ғ.Жұбанованың «Арысым»; Е. Хасанғалиевтің «Келеміз бірге», «Біздің жар-жар тамаша», «Бақытты балалық», «Арайлы таңдар»; Н.Тілендиевтің «Жайлаудағы жеңешем»; М.Маңғытаевтің «Тың тӛсінде»; Ә.Бейсеуовтің «Армысыңдар ардагерлер!», «Қызыл сұңқар»; М. Омаровтың «Анашым»; Д.Қажымовтың «Жарқын жаз, қайдасың?», «Біз – балдырған», «Ұстаздар»; Ж. Еңсеповтің «Наурыз» т.б. әндері бар. Балаларға арналған кӛптеген ән мәтіндерінің авторы.

Мәскеуде «Степная дорога», «Целомудрие» («Советский писатель»), Алматыда «Раздолье», «Подарок малышам» атты кітаптары орыс тілінде жарық кӛрді. Шығармалары ТМД елдерінің тілдерінде, сондай-ақ ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне аударылған.

М. Твеннің шығармасы бойынша түсірілген «Әбден бұзылған» («Том Сойердің басынан кешірген таңғажайып оқиғалары») атты киносценарийінің аудармашысы, Александровтың «Малиновкадағы той» опереттасының сценарийін аударған.

Қ.Жұмағалиев Қазақ Совет Энциклопедиясының ІХ, Х, ХІ, ХІІ томдарының авторларының бірі.

«Молодая гвардия» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты. АҚШ-тың Әдебиет энциклопедиясына енген қазақ ақыны. Беларусь Республикасы Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Құрмет грамоталарымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1998

2. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. –А., 2000

3. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: қысқаша очерк: жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралы. –А., 2003

4. Е.Ысмайылов, Жаңа белеске, А., 1962

5. Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі, А., 1958;





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 808 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...