Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 13



1.Тақырыбы: Ақұштап Бақтыгерееваның өмір дерегі.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ақын өмірі мен шығармашылығы.

2. Шығармалар тақырыбының ауқымдылығы.

3. А.Бақтыгерееваның қазақ лирикасындағы орны.

3.Дәрістің мақсаты:

Қазақ поэзиясындағы әйел тақырыбының мәні.

4.Дәрістің мазмұны:

Ақұштап Бақтыгереева (23.8.1944 жылы туылған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайық ауылы) - ақын. Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1966). Облыстық “Орал өңірі”, республикалық “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” басылымдарында, “Жазушы” баспасында қызмет істеген. Тұңғыш кітабы “Өрімтал” (1967), кейіннен “Наз” (1969), “Қуанышым, іңкәрім” (1971), “ Сені ойлаймын” (1973), “Аққанат” (1975), “Бақыт әні” (1978), “Жайық қызы” (таңдамалысы 1980), “Белокрылая” (1981), “Ақжелең” (1985), “Сүмбіле” (1990) кітаптары шықты. Оның азаматтық үні “Трибун-ақын”, “Ақ Жайықтың көз жасы”, “Елдің елдігі — бірлігі”, “Оралдағы ойран” сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т.б. мәселелер ақын поэзиясының арқауы. Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Оның өлеңдеріне Ө. Бәйділдаев, Қалдаяқов, Т. Бақтыгереев, т.б. ән жазған.

Ақұштап ақынның бүкіл шығармашылығын шолып шыққан адам оның жырларының ең басты екі тірегін байқар еді: ол — ақынның туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оның алпысыншы жылдардың ортасында жарық көрген алғашқы жыр жинағындағы әдеби қауымды елең еткізген "Өрімтал" атты өлеңінен бастап-ақ оқырмандар А.Бақтыгерееваны нәзік лирик ақын деп қабылдаған болатын. Дегенмен, оның осы лиризмінің өзегінде бір өжет қайсарлық аңғарылатын. Өйткені оның өр өлеңінде боямасыз өмір, тартысты тағдыр жатқан еді.

Сонау кеңес заманының қытымыр кезеңінде қаршадай қыз осындай өмір шындығын батыл қозғай білген. Адамнан кеткен сол мейірім қазір бізге қайта оралды ма? Міне, бұл өлеңді қайталап оқысаң да осы сүрақ кесе-көлденеңдеп алдыңнан шыққандай болады. Астарында ақынның бүгінге, келешекке қабырғадан қойған осындай өткір сұрағы тұр. Қоғам өзгерді. Бірақ Ақүштап ақын көзге шүқып айтқан " адамнан мейірім кеткен " заман таз кепешін әлі шешкен жоқ. Тіпті, бұрынғыдан бетер болып, араздық меңдеп, бақастық билеп, жүрт бір-біріне қаскөй қасқырша қарай бастаған сыңайлы. Тіршіліктегі осыншама ащы запыранның, ұлы қыжылдың түп-төркіні неде? Бүл ұлы Абай атам айтып тауыса алмай, бетін қайтара алмай түңілген түпсіз ыза еді ғой? Көңілдер неге киізге, жүректер неге мүйізге айналады? " Қолайлы жағдай? Суреткерге ол жоқ. Өмір дегеніміздің өзі қолайсыз жағдай ", — деген Марина Цветаеваның сөзі де бүған жауап бола алмайды... Өйткені "өмірмен диалогта оның сүрағы емес, біздің жауабымыз маңызды" (бұл да М.Цветаева). Ақұштап Бақтыгерееваның жырларының өзіне тартар жұмбақ магнитизмі бар.

" Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен! " Екінің бірінің аузына түсе бермес, қаламына орала бермес бейнелі жол. Мұнда қасірет те бар шығар, бірақ ол қалтарыста қалған. Қазақ қызына, оның махаббатына деген қүрмет осындай-ақ болар. Айтқан серттен айнымас арда сезімге, ұлттың кешегі ұлы махаббатына жыр жолымен қойылған ескерткіш секілді. Қазақы әдет-ғұрып пен өнегенің аясында тәрбие алған қыздың өзі сүйген жігіттің алтын басын ардақтап, бағалай білуі бүгінгі феминистік заманда тосын естіледі.

Шырағымбысың, Шынарымбысың, Қыранымбысың, Жыр-әнімбісің.

Бәрі де сен бол, мен әйел болам, Өзіңе ғана ұнауым үшін!

Бүл да тек Ақұштапша ғана айтылган айшықты ойлар, айрықша дара шумақтар. Мұндай өлеңдер, жасырып-жабары жоқ, бүгінгі саусақпен санарлық дарынды өйел-ақындардың кейбірінің жігіттерді кілең жігерсіз, жасық, ұсақ, күйкі тірлік иесі етіп көрсететін адуын жырларынан гөрі жаныма жағыңқырайды. Жігітті ардақтағаннан ақын қыздың лирикалық кейіпкері аласарып қалған жоқ, қайта өз бейнесі биіктеп, асқақтай түскен. Ол ақын да, ана да бола білген асылдардың санатынан.

Анамын бөбегін сағынған,

Ақынмын жыр болып, ағылған.

Көңілмін екіге бөлінген,

Жүрекпін екіге жарылған.

Осы өлеңді оқи отырып сүйсінесің, оқи отырып ерисің. Ақындығына тәнті боласың, аналығына басыңды иесің. Бұл да болса өлең-сөздің қүдіреті. " Әйел адамға 18 жасқа дейін жақсы ата-ана, 18-ден кейін жақсы көрік керек, 35-тен кейін жақсы мінез, 55-тен кейін жақсы ақша керек " деген екен атақты американ актрисасы Софи Такер. " Ал ақын әйелге ше? " — дейді біздің бір ойымыз. Меніңше, Аллаға шүкір, Ақұштап апайға осының бәрі де бұйырған. Бірақ нағыз ақынның көңілі бәрібір байыз таппайды, дүниенің бәріне алаң. Өйткені ол мынау мазасыз әлемге, азаттықтың асау арнасына, қоғамдағы қалтқымалы ахуалға, ауылдағы жадау түрмысқа, ұлттың тілі мен ділінің болашағына ақындық жауапкершілікпен, аналық жанашырлықпен қарайды. Сондықтан да ол: Ақ айдын айырбас боп тас қалаға, Тұрсам да жанға жайлы баспанада. Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан, Мен, апа, секілдімін ақ шағала, — деп арыз-арманын жазса, шүбәсіз иланамыз — иланамыз да, ортамызда осындай арзу ақынның барына мың да бір тәуба айтамыз.

Пайдаланған әдебиетттер:

1. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1998

2. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. –А., 2000

3. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: қысқаша очерк: жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралы. –А., 2003

4. Е.Ысмайылов, Жаңа белеске, А., 1962

5. Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі, А., 1958;





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 668 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...