Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мен - қазақпын поэмасы



Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз

"Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары «Қыран дала», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары» атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлігін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалық поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.

«Мен қазақпын» деген поэма казақ поэзиясының соңғы жылдардағы көрнекті табысы болып бағалануда.

Қазақ халқының ерте заманғы бастан кешкені мен өмір жолы баяндалады. Ақын бұл арқылы бүгінгі өмірдегі өзгерістерді бейнелеуге мүмкіндік тапқан. Поэма халық тағдырын тұтас танытуға құрылған.

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген -

деп басталып, қазақ халқының азаттыққа дейінгі өмір жолы суреттеледі. Бұл шумақ поэманың алғашқы бөлімінің идеялық түйіні іспетті.

Автор ажалсыз ананы да, пәк сәбиді де, батыр жігітті де, қара көз сұлуды да көріп, жол таппай қараңғыда қамалған халық трагедиясын көркем образдармен де аша білген.

Халықтың жауынгерлік салты, күрес үстінде туғаны, әр-түрлі жорықтар шабуылы оны ерлік пен ізгілік мінездерге шыңдағаны қазақ бейнесінің қалыптасуына тарих қосқан үлестей елестейді. Ол Шыңғыс шабуылын да, Темірдің жезтырнағын да көрді. Ақ табан шұбырындылықты бастан кешірді. Осының бәріне төтеп беріп, өзінің ерлік салтын сақтап қалған халық характерін ашады. Қазақ характерін ашуда оның ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі тарихының да едәуір маңызы бар. Ол хан мен патшаға қарсы күресте Исатай найзасы болып жарқылдап, Махамбет боп тілінен жыр төгеді. Орыс, қазақ шаруаларының достығын, азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күрестердің жолын әңгімелейді.

Халықтың революциялық күрес кезіндегі өмірінде қазақ мінезінің жаңа сипаттары қалыптаса бастайды. Енді ол мың өліп, мың тірілген тарихын емес, мың бірінші рет тіріліп, енді өлмеске бел буғанын айтады.

Қазақ, халқының қазіргі дәуіріндегі шат-шадыман өмірі мен тұрмысын, өзгерген даланы, салтанатты қаланы, Байқоңырдан старт алып жатқан алып кемелерді, қазақтың дарынды ұл-қыздарын мақтан етеді.

Поэманың құндылығы - образдылығы мен ойлылығында, сезімталдығы мен тіл шұрайлығында.

Ж.Молдағалиевтің поэмалары бүкіл одақ көлеміндегі үздік еңбектердің қатарында бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық сипаты, мінезі терең ашылып бейнеленеді





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 19314 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...