Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайдаланатын әдебиеттер. 1.Тақырыбы: Тайыр Жароковтың өмірі мен шығармашылғы



1,2,3,4,5,7,9,10,13,15

8 дәріс

1.Тақырыбы: Тайыр Жароковтың өмірі мен шығармашылғы

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Т.Жароковтың Ұлы Отан соғысы жылдарына дейінгі шығармашылығы.

2. Жароковтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармашылығы.

3.Дәрістің мақсаты: Тайыр Жароковтың өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқталу. Поэмаларын тақырыптық – идеялық жағынан талдау.

4. Дәріс мазмұны:

Тайыр Жароков 1908 жылдың 26 қыркүйегінде Бөкей Ордасында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.Ауылдағы орыс-қазақ бастауыш мектебінде сауатын ашқан. 1923 – 27 жылдары Орынборда Қазақтың халық ағарту институтында, 1928-35 жылы Ленинградтағы Тарих, философия және әдебиет институтының аспиранты болады. Қазақстан Жазушылар Одағыұйымдастыру комитетінің хатшысы (1932-34), «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары (1936-38), Жамбылдың әдеби хатшысы (1938-42) қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери қызметте болды. 1946 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында еңбек етті. Жароковтың алғашқы жинағы1932 ж. Басылды. 30-жылдардан – ақ құнды шығармалары арқылы қазаұқ ақындарының алдыңғы легіне қосылды. Өмір құбылыстарын көтеріңкі леппен, романтикаға бөлеп, екпінді жырлау, жаңалық атаулыны дер кезінде аңғарып, жырға арқау ету – Жароковқа тән қасиет. Оның «Мотор жыры», «Бесжылдықтың балғасы», «Миллион толқын», т.б. өлең- поэмалары осындай шеберлікпен жырланған. Ш.Руставели, А.Пушкин, Т.Шевченко, М. Лермонтов,Н.Некрасов шығармаларын қазақ тіліне аударды. 2 рет Еңбек Қызыл ТУ орденімен марапатталды


Ұлы Отан соғысының отты жылдары! Фашизм қара індетінің әлемді отқа шарпып,жер-жаһан елдеріне қасірет әкеле бастаған уағы.Кеңестер елін де жау еңсеріп,Ленинград блокадасы өмір мен өлім таразысын теңселтті.Рухын сындырмай,үмітін өшірмей,арыстанша алысқан совет адамдарының жүрегіне ұлы Жамбыл жыры жалын құйды.
...- Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзені сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Уа,қаһарман өренім,
Мақтанышым,беделім.
Сырда тұрып аңғардым,
Құтырған жау өлерін....
Сұрапыл соғыстың сол жылдарында кеңес халқын қаһармандыққа шақырған ұлы жырау Жамбылдың қасында өзге де ақындармен қатар «орда бұзар» отыз жастағы қылшылдаған семсердей, сері ақын Тайыр Жароков та хатшылық қызмет атқарды.
Бұл тарлан ақын Тайырдың 1923-1927 жылдарда Орынбордағы қазақтың халық ағарту институтында,одан ҚАЗ.ПИ-де оқып,1931-1935 жылдарда Ленинградтың тарих,философия және әдебиет институтының аспирантурасын бітіріп,шығармашылығын өрлетіп,1938 жылдан бері абыз ата Жамбылдың жанында жүрген жалынды кезі-тін.Ұлы жыраудың әйгілі «Ленинградтық өренім» жырын ақынның айтуымен тиянақтап, хатқа тұңғыш түсірген Тайыр оның Павел Кузнецовтың тәржімалауында «Правда» газетінде жариялауына себепкер болды.
Осы жылдарда кемеңгер ақынның қасында жүріп Тайыр өзінің де шығармашылығын қалдырмай,шыңдап,жырларына жаңа бір леп,бояулар кіріктірді. Аталған кезеңдерде ақын Пушкиннің «Граф Нулин», «Қоштасу»,Лермонтовтың «Тасқын», «...Жоқ мен Байрон емеспін, өзге жанмын...», Маяковскийдің «Бар дауысыммен»,Байронның «Ньюстед абаттығынан аттанарда» жырларын тәржімалап, Низамидің «Ләйлә- Мәжнүн» дастанынынан үзінділер аудара бастады.
Енді Александр Сергеевич Пушкиннің «Қоштасуын»-Тайырдың аудармасында оқып көрелік:
... Жүзіңді сенің нұрлы арқырғы рет,
Ойлаймын құшудың бір сәтін тілеп.
Оятып арманымды жан түбінен,
Қаймығып,қайғырып та,жүдеңкіреп.
Ғашығын еске алғысы келді жүрек....
Зымырап жасымыз да өтті,өзгерді,
Бәрі өзгерді,өзгертті ол біздерді.
Міне,енді,күңгірт тарттық сұр қабырдай,
Ақының салқындықтың лебін сезді,
Сен үшін досың да өшті болған ізгі....
Тайыр ақынды алғаш көрген жылдарының әсерін академик Қажым Жұмалдиев өзінің «Замечательные люди» атты орысша шыққан кітабында былай деп білдіріпті:- «..- Тайыр Жароков мне понравился сразу.В нем чувствовались привержинностиь к искусству,самобытность,веселый нрав.Шутливость и игривость его были безобидны.От него веяло доброжелательностью.В нем бурлило молодые силы.Отличала его честность,чистота,я бы сказал,детская чистота...».
Акдемиктің Тайыр хақындағы бұл пікірі айдай анық,шыққан күндей ақиқат еді.,Орынбордағы халық ағатру институтынан соң,Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп,одан іле 1931-35 жылдарда Ленинградтағы тарих,философия және әдебиет институтының аспирантурасында әлемдік танымға қанған Тайыр сол жылдардағы қазақ ақындарының арасындағы шоқтығы биіктердің сапында болды.
Тарлан ақын Тайыр Жароковтың қазақ әдебиетінің классикалық үлгіде қалыптасуына қосқан өзіндік үлесінің Һәм ықпалының мол болғандығын оның Қазақстан Жазушылары Одағының хатшысы,Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары болған жылдарындағы сүбелі еңбектері куә.Ақынның осы дәуірдегі және одан кейінгі жылдардағы «Нефтьстан», «Мотор жыры», «Күн тіл қатты», «Мұз тұтқыны», «Тасқын», «Отан дауысы», «Нарын» секілді кесек туындылары қазақтың кәсіби тұрғыдан кемелдене бастаған әдебиетінің ірге тасын қалады десек,ақиқаттан алыс кетпеспіз.Ақынның әйгілі «Мұз тұтқыны» қаһарман челюскиншілердің ерлік рухтарын,оларды құтқаруға барған жандардың жанкешті қадамдарын жырлап,адамдық асқақ сезімдерді сыр етсе,өмірді көтеріңкі леппен,романтикалық қуатпен жырлаған ««Мотор үні», «Миллион толқын», «Күн тіл қатты» поэмалары оқырманын жасампаз еңбекке,рух беріктігі мен отаншылдыққа шақырды.Ол өзінің «Тасқын» поэмасында Қайсар мен Жамал сынды кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы туған өлкенің игілігіне қажымай еңбек жасап, халықтың асыл мұраттарын ту етудің өнегесін жырына қосты.
Ақын поэзиясының өрлеу кезеңі ретінде өткен ғасырдың алпысыншы жылдарын атасақ ләзім.Бұл мерзім жалғыз Тайыр Жароков шығармашылығында ғана емес,жалпы кеңестік,оның ішінде қазақ совет әдебиетінің осы жылдарындағы ренесанстық мезгіл болатын.
Ақынның аталған дәуірдегі әдеби сыннан жақсы бағасын алған «Соғыстан соң», «Жеткіншек», «Жапанды орман жаңғыртты», «Қырда туған құрыш», «Тау жырлайды», «Теңіз баласы» секілді поэтикалық кітаптары Тайырдың кемелденген қаламгерлікке аяқ басқанын,қаламының шеберлікке нық ауысқанын аңғартты.Өмірінің соңғы жылында жазған «Тасқынға-тосқын» поэмасымен Тайыр Жароков инженер-геолог кейіпкері Арманның тіршіліктің ұстаным-әрекеттері арқылы қазақ азаматының мұқалмас рухын,терең білімдарлығын жырлады. Оның бейнесі негізінде қазақ ұлтының кемелдене бастаған болмысы мен қандай да қиындыққа төтеп берер қайратын,жасампаздыққа бейім жанын оқырманына өнеге етіп ұсына алды. Бұған дәлел ретінде ақынның бірнеше жырларын зерделеп көрелік!
- Алатаудан жел соқты таң сәрі еді,
Сол самалды жаным бір аңсап еді.
Қартаймасқа жаралған жаны сұлу,
Жүрек тәтті жел лебін тамсар еді.
Қызыққаннан тау көркін қанша жұтса,
Сұлулығын қай ғашық таусар еді.
Көппен жалғыз сырласқан тау сері еді,
Оған сұр бұлт тамшысын сәл себеді.
Тау қойынында сыңсыған қыз-қарағай,
Секілді бір сексен қыз сәукелелі.
Ақын көзі қадалса тау шыңына,
Оның-дағы болған-ды сан себебі...
немесе,
- Көрсең көзің тоя ма,
Алматыда түн қызық.
Тұрғандай сәл ауада,
Бір ғажайып үн жүзіп.
Сымдай тартқан арықта,
Сыңғыр-сыңғыр су күліп.
Сыйласқан бір қалыпта,
Сұлулары сырды ұғып.
Жапырағына жұптаған,
Жұпар ауа жұттырып.
Ақ қайыңдар ұйықтаған,
Аяғынан тік тұрып...
Қазақ әдебиетінде өзінің өшпес орынын,еңбектерін қалдырған талантты ақын Тайыр Жароков Руставелидің,Пушкиннің, Шевченконың,Лермонтовтың,Некрасовтың,Маяковскидің,Сурковтың,
Алигердің туындыларын қазақша сөйлетті.Көркем аударма саласындағы бұл еңбектеріне Тайыр ақынның әлемдік әдебиетті жетік білетіні және орыс тілінің құнар-қасиеттерін барынша игергені септігін тигізді.Тайыр тәржімасындағы өзге әдебиеттер өкілдерінің еңбектері түпнұсқалардан онша алшақ кеткен жоқ.Көркем аудармаға тән болуы тиіс төлтумаға телтумалық жақындықтан Тайыр тәржімалаған шығармалар жаңылған жоқ.Өйткені,әлемдік әдебиеттің қай жұлдызына да аудармашы ретіндегі Тайырдың деңгейлестігі мен дарындылығы таразының екі басындай-тын.Бұл пікірлерді өз уағында Мұхтар Әуезов те,Сәбит Мұқанов та,өзге де алыптар айтты.
Қазақ әдебиетінің дамуына сіңірген еңбегіне сай Тайыр Жароков екі рет Еңбек Қызыл Ту, бір рет Құрмет белгісі ордендерімен марапатталды.Бұндай наградалар ол заманда екінің бірінің пешенесіне жай ғана,бейнет пен зейнетсіз бұйра салмайтын.Тарлан талант Тайыр шын мәніндегі үлкен дарынның,табиғат молынан сыйлаған азаматтықтың,адамгершіліктің адамы еді. Әлбетте,бұндай қасиеттер шын мәніндегі тәңір дарын сыйлаған суреткерде ғана болары анық.
Жаңа ғасырдың алғашқы белесінде өз заманын орнатып жатқан бүгінгі ұлағатты ұрпақ осыны зерделесе зайыр!





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 2224 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...