Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайдаланатын әдебиеттер



2,3,5,6,8,12,16,18,20 Әдебиет:

1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. –А., 2010

2. Жұмалиев Қ. Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –А., 1967

3. Мәдібай Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Әдістемелік құрал.

4. Тәж – Мұрат. Ғ.Қараш: өмірі мен шығармашылығы. –Ақтөбе, 2004;

5. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1998

6. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. –А., 2000

7. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: қысқаша очерк: жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралы. –А., 2003

3 дәріс

1.Тақырыбы: Махамбет поэзиясы және 1836-38 жылдардағы көтеріліс тарихы.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Махамбет ақынның жекелеген өлеңдерінің туу тарихы.

2. Махамбет – ұлт-азаттық күрес жыршысы.

3.Дәрістің мақсаты:

Махамбет шығармаларының Бөкей жеріндегі көтеріліске қатынасы туралы мағлұмат беру.

4. Дәріс мазмұны:

Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.

Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.

Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.

Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.

Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты. Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.

Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Шағатай, орыс, татар, араб тілдерін жазбаша тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.

Махамбет Ресей отаршылдығының барша ауырлық тауқыметін көзімен көріп, оның барша зорлық зомбылығын басынан өткеріп, ғұмыр кешкен адам. Сондықтан да 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңіздей толқып көтерілгенде, осынау тегеурінді дүмпудің дем берушісі Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бірге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін Махамбет жеріне жеткізе жырлаған әйгілі ақын. Ол поэзияда қандай дара болса, күй өнерінде де сондай дара.

Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Егер, қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Махамбет заманы көшпелілер рухының айының батып, күнінің тұтылған кезі. Сондықтан да, көшпелілер мәдениетіндегі эпикалық синкреттілік Махамбет болмысымен түйінделеді. Бұдан былай өнер қоғамдық құбылыстарды реттеушілік міндетінен айрылып, эстетикалық алданыш болуға көшкен. Махамбеттің әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі жырау, әрі күйші болуында осындай тарихи әлеуметтік сұраным болған. Бұл тұрғыдан келгенде, Махамбет жорық жаруларының ішіндегі соңғысы.

Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дәстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды. Оның өлеңдері бұқара халықтың жүргеніне тым жақын болды.

1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған "енді қайтып бүлікке қатысушы болма" деген ескерту жасап, босатады.

Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.

Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.

Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.

4 дәріс

1.Тақырыбы: Ғ.Қараштың туысы мен тағдыры.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қараштың ақындығы, қайраткерлігі, журналистік қыры.

2. Ғ.Қараштың «Қазақстан» газетіндегі оқу-ағарту мәселесі туралы көзқарастары.

3.Дәрістің мақсаты:

Ғ.Қараштың ғұмырнамасы. Ғ.Қараштың ақындығы, қоғам қайраткерлігі, журналистік қырлары туралы түсінік қалыптастыру.

4. Дәріс мазмұны:

Көрнекті Алашқайраткері, діндар-ақын Ғұмар Қараш 1875 жылы ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейүлы үстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейүлының шақыруымен Көлборсыға мүғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар жәнеқазақтіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды.

1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты кітаптар жарияланды. Ол Ғабдолла Мүштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне мақалалар жазып тұрды. Орынборда «Шайыр...» және «Коксілдер...» атты жинақ шығарды.

Ғ.Қараш - ұлт идеясын көтеру мен елшілдік мәселесін талдап-таразылауды бірізді және жүйелі жазған қаламгер. Ол XIX ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниегтесіпе айналған Мысыр мүфтиі Мүхамед Абдо мен пәлсапашы Жәлелатдин Афғани реформаларынан хабардар еді. Мысалы, ол "Ойға келген пікірлерім" атты фәлсафалық еңбегінде (1910) Мысырда оқыған, бірақ ізденгісі келмеген бір мұғалімге: "Рух туралы торт кітап оқығаннан гөрі, Мухаммед Ғабдудың (Абдо - Д.Қ.) Бахра сүресі туралы тәфсірін оқығаның дұрысырақ шығар", - деп айтқанын жазады. Әлбетте, Ғұмар бүл жерде басты ислам кітаптарын оқыма деп түрған жоқ. Оның айтпағы - канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату турасында болып отыр. Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген Ғұмардың ойлары аса бағалы. Санаткер «Өрнек» аталынған еңбегінде (1911): «Адамдар эр ісінде Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылым-әнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бой ұсынған болып шықпайды.Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді нәрсе», - дейді. Бұрынғы-кейінгі қазақ шындығын осы қағидатпен сараптап жіберсек, «эй, қап!»-қа үн қосып жіберетін жағдайымыз жоқ та емес. Мүны Ғ.Қараш та жақсы аңғарса керек, аталған кітабында: «Өнерсіз, жалқау халықтардың ақырында көрешегі өз алдына, дүниеде-ақ бек ащы жаза тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, ғылымды елдерге қүл болады. Қара басының билігі, ықтияры болмайды. Адамдар ретінде кіре алмайды, хайуан деуге сорты келмейді. Екі аралық жануар ретінде аяқ астында тапталып, күні мен дінінен бірдей айырылып, ғақпетінде әлек болады», - деп жазады. Мұндағы «ғақпет» - өмірдің сын сәті деген мағына береді. Ағартушының пайымынша, ұлттың күйреуі - оны сақтай алмағандардың ісі ретінде бағаланып, олар Жаратқан алдында күнәсіне қарай жаза тартады.

Қайраткер-ақынның ұлт бірлігіне қатысты да айрықша ойлары бар. Бұл орайда Ж.Афғани пайымына сүйене отырып айтқан Ғ.Қараштың мына пікірі аса маңызды деп білеміз: «Әрбір адам сол милләттің бір ағзасы болғандығы үшін өзіне тиіс болған өнер сұнғатты біліп, дәйім милләтке пайда келтіріп, оның арқылы өз басының тірлігін сақтауға міндетті». Мұны бүгінгі танымға түсінікті етіп айтсақ, мемлекет халқы бір ағза (ағза), бір үлт болып, елді көтеретіндей кәсіппен айналысуы қажет. Осының нәтижесінде қоғамның әрбір мүшесі өз орнын анықтайды. Бұл қағидаттың адамзат дамуына ешқандай қайшылығы жоқ.

Елін, жерін аса қадірлеген, сол үшін азаматтықта да, ақындықта да аянып қалмаған Ғұмар адамзат пен ұлтқа ең ділгір қасиет ретінде ар-ожданды атайды. Татардың "Шора" журналында 1911 жылы жарияланған "Ар-ождан - сенім өлшемі" атты мақаласында ол: «Әрбір жағдайда ар-ождан биік тұруы керек. Сонда ғана оның қасиеті жоғары болмақ»,-деп жазады.

Әлбетте, Ғ.Қараш сыны - ұлтқа шын жаны ашыған адамның сыны. Оның елге, замандастарына айтқан ақылын да осы өреде түсінеміз. Заманаға шынайы көзбш қарайтын ақын: «Дүниеде не арзан?» деп сұраушыға «Біздің қазақ жігіттерінің ғұмыры» деп жауап берілсе, бек дұрыс жауап болмақ» дейді. Бұл пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де көкейкесті естіледі. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш козғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алаш орда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сиезде қази болып сайланды. 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мүғалімдер сиезіне катысады. 1918-1920 жылдары губерниялык кеңестердің төрт съезіне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада үйымдастырылған айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты журналды шығарушылар алқасына кіреді. Ол осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1919 жылы «Дүрыстық жолы» газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. 1920 жылы маусымда Бөкейдің II губерниялык партконференңиясында губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы I пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. Қайраткер жаңа қоғам жүмысына белсене араласып, халық қамқоршысы ретінде танылды. Сөйткен тұлға 1921 жылы 12 сәуірде Қүнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан қапияда мерт болды.

Ғұмар Қараш - ойшыл ақын, қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 ж. өз ауылында бала оқытады. 1911-13 ж. «Қазақстан» газетінің жұмысына атсалысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, ≪Шайыр≫, ≪Көксілдер≫ атты екі жинақ жариялайды. Ғұмap Қараштың ≪Бала тұлпар≫ (Уфа, 1911), «Қарлығаш≫ («Қазан, 1911), ≪Тумыш≫ (Уфа, 1911), ≪Ағатұлпар≫ (Орынбор, 1914), ≪Тұрымтай≫ (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, ≪Ойға келген пікірлерім≫ (Орынбор, 1910), ≪Өрнек≫ (Уфа, 1911), ≪Бәдел қажы≫(Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. Ғұмap Қараш өлең-толғауларында, көсем сөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең-толғаулары философия ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді. Ғұмар қаласы 1917 ж. Ақпан ревкомынан кейін ұйымдасқан ≪Алаш≫ партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, ≪Алаштың азаматтарына≫ атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған (≪Неден қорқам?≫, ≪Күн туды≫). Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі.

1917 ж. мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезіне қатысып, баяндама жасайды. 1918 ж. Ордадағы педтехникумда сабақ береді, Бөкей губерниясы мұғалімдерінің 1-съезіне (24 қыркүйек, 1918), 1918-20 ж. өткен сол губерния кеңестерінің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болып қатысады. 1919 ж. Бөкей губерниясы атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңғыш педогогика журналы «Мұғалімге» басшылық етеді, сол журналда ≪Педагогика≫ атты еңбегін жариялайды. 1920 ж. Бөкей губерниясы атқару комитетіңде бөлім басқарады 1921 ж. 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза тапты. Ғұмар қаласы — 20 ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы≫, «Қазақстан≫, ≪Айқап≫, ≪Дұрыстық жолы≫, ≪Шора≫, ≪Абай≫ сияқты газет-журналдарда мақалаларын жариялаған. Ғұмар қаласы шығармаларын ≪Ғұмар Қараш баласы≫, ≪Ғұмар Қарашұлы≫, ≪Ахунд Ғұмар Қарашұлы≫, ≪Ғұмар әл-Қараши≫, ≪Бөкей елінің бір баласы≫, ≪Ғұмар Қараш≫, ≪Ғ.Қ.≫, ≪Ғ. Мұштақ≫, ≪Ғабдолла Мұштақ≫, ≪Оразақай≫, «Қазақаев≫, ≪Ғұмар Қарашев≫ деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар қаласы шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы≫ (1958) мен «Қазақстан ақындары≫ (Ленинград, 1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен философия ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары ≪Замана≫ деген атпен (А., 1994) жарық көрді.





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 1489 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...