Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайдаланатын әдебиеттер. 1. Тақырыбы: Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы



1,3,4,6,7,8,9,11,12,15,16,17

6 дәріс

1.Тақырыбы: Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. 1. Ақынның шығармашылық ғұмырнамасы.

2. 2. Ақын өлеңдеріне шолу жасау.

3.Дәрістің мақсаты:

Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқталу.

4. Дәріс мазмұны:

3.

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысында Сайқұдық деген жерде туған. Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1940—1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. "Жас алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттері мен "Жұлдыз" журналы редакцияларында жұмыс істейді. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көреді. Адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылады. Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады. Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды. Ал 1914 жылы жазылған "Сағындым, Жайық" өлеңінде ақын өзінің суреткерлігімен көрінеді.

Сағындым сені, Жайық, алма бақты,
Өткізгем өз бойыңда жастық шақты.
Сүюші ем төңкерілген толқыныңды,
Солқылдап соғып жатқан жарқабақты.
Суына қармақ салып, ілгем талай,
Күмістей жалтыраған ақ шабақты!

Мұнда ақын туған, өскен жерге деген сағыныш сезімін өзен, толқын, "күмістей ақ балық", т.б. нақты дәл берілген суреттер арқылы оқырманның көз алдына келтіреді. Жайықтың әсем көрінісі өрнектеледі.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады. Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді. Қай өлеңінде болмасын, даланың табиғатын да ол адамдық сезіммен қабылдайды. Оны қимас адамы — анаға балайды:

...Мен үшін қазақ жерінің Жаманы мен жаты жоқ.
Мен үшін қазақ жерінің Анадан өзге аты жоқ.

Ақын табиғатты қорғау, сақтай білуге үндеген көптеген өлеңдер жазды. Мәселен:

...Табиғат — аңға да ана, маған да ана,
Қорғаныш бола білсе — далам дана,
Әрине, ел көшсе де, жұрт қалады,
Жол салты жолаушыны құтқарады.
Көмулі тал түбінде торсық қымыз.

Шөл емі — бірер дорба кұрт қалады, — деп суреттейді. Мұнда барынша анық, түсінікті, барынша қарапайым жолдардағы шөл, құлазыған даланы мекен етіп өскендер, сол далада жол көшкендер бұл суретті айнымай таниды. Ақын мұнда дала үшін жалғыз ағаштың көрікті екендігін аша түседі. Сондай-ақ салт-дәстүр бойынша жолаушыға деп жанашыр, сезімтал қазақ халкының ағаш түбіне сақтаған сусын, ас-дәмі оның адамгершілік, адам сүйгіштік қасиетін асқақтата түседі. Осыдан келіп, жалпы қазақтың жомарттығы, қонақжайлылығы біртіндеп толыға түседі. Ақын "біз жомарт, дарқан елміз" деп құр айғайлап айтпай, нәзік суреттейді. Өзіндік үнін танытады.

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде табыстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген.

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, — деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.
Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.
Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.

...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.
Сансыз басты диюдай сан тіріліп.

"Мен — қазақпын" дегенді айта тұрдым, — деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрьш" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді.

Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті,
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең.

"Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:

Мен — казақпын қаныммен, сүйегіммен.
Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен, —
... Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып.

Қазақстан гербі де, жалауы да, — деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады.

Мен — казақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске —

Айта бергім келеді, айта бергім, — деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын көтере түседі.
Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы больш келеді.
Ж. Молдағалиевтің поэмалары бүкіл одақ көлеміндегі үздік еңбектердің қатарында бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық мінезі, сипаты терең ашылып бейнеленді

5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Ж.Молдағалиевтің қазақ тарихының әр кезеңін сөз ететін патриоттық тақырыптағы үздік поэмасы?





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 1102 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...