Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайдаланатын әдебиеттер. 1.Тақырыбы: А.Жұмағалиевтің ақындығы мен шығармашылық ғұмырнамасы



1,5,6,7,8,9,12,15,16

5 дәріс

1.Тақырыбы: А.Жұмағалиевтің ақындығы мен шығармашылық ғұмырнамасы.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Абдолланың романтикалық пафосты өлеңдерінің поэтикасы.

2. Абдолла Жұмағалиевтің өмірі жайында бірер сөз.

3.Дәрістің мақсаты: Абдолла Жұмағалиевтің өмірдерегі, өлеңдері.

4. Дәріс мазмұны:

Жұмағалиев Абдолла – ақын. 1934 – 36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1936 – 38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған. 1938 – 39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, 1939 – 41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған. 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан). Жұмағалиевтың ерлігіне арнап Қ.Аманжолов “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасын жазды (1943). Жұмағалиевтың алғашқы өлеңі “Біздің еңбек” альманағында (Орал, 1934) жарық көрген. 1936 – 41 жылдары шығармалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды. Ол “Токиодағы дауыс”, “Шығыс қызы”, “Асан туралы аңыз” атты поэмаларында жастық шақ, адамгершілік, достық, бақыт, Отан тақырыбын көтеріңкі шабытпен жырлады. Шет ел әдебиетінен Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл шығармаларын қазақ тіліне аударды. Кейін ақынның әдеби мұралары “Таңдамалы өлеңдер”, (1945), “Өшпес жалын” (1962), “Өлмес өмір дастаны” (1985) атты жинақтарында жарияланды. Абдолла:

«Өлсем ұмыт болмай ма дүние деген,
Мәңгі айрылысып қалмай ма о да мүлдем.
Жанжал, шумен алысқан қайран басым,
Бір қуыста қалмай ма үңгірлеген...»

- дейді. Бұл шумақ Абайдың«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?..» деп келетін өлеңін еске тұсіреді. Және бір мысал:

«Қызыл шырай, қыз дүние қалар артта,
Мөрін басып ақырғы мәңгі шартқа.
Мен кетермін, келмеспін енді айналып,
Басымдағы сырымды жаздым хатқа...»

(«Келер ұрпаққа») шумағының соңғы екі тармағындағы түйін Абайдың:

«Өтті ластап демеңіз жүрген жолын,
Келді күн, келер ұрпақ заманаға!..»

- деген кемел ойына үндеседі.

Өлеңдері, поэмалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды. 1937 -1938 жылдары әдеби журалдарда, «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде Абдолланың бірқатар өлеңдері жарияланды. 1939-41 жылдары Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор қызметтерін атқарған оның шығармалары өршіл пафоске, нәзік лиризмге толы. Отан соғысы басталғанда Абдолла майданға аттанды. Жалын жүрек ақын жаулармен арпалысып, Отан үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Абдолла ерлігі дайында Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы бар. А.Жұмағалиев Лермонтовтың, Низамидің, Байронның шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1938-1939 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы) баспасында редактор болған. 1936 жылдан жұртшылыққа ақын ретінде таныла бастаған. Өлеңдері, поэмалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды. Оның шығармалары өршіл пафос пен нәзік те сыршыл лиризмге толы. «Таңдамалы өлеңдері», «Өшпес жалын», «Өлмес өмір дастаны» атты жинақтары жарық көрді. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмалары бар.





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 1121 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...